Энергетика бөлімі

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» «Электрэнергетика» бөлімінде 07130700 «Электрмеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 4S07130704 техник-электромеханик,  07130200 «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының 4S07130202 техник-электрик, 07130300 «Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» мамандығының 4S07130303 техник-жылуэнергетигі біліктіктері бойынша мамандарын дайындайды.
Техник-энергетик келесі лауазымды қызметтерді атқара алады: бригадир, шебер, прораб,жөндеу, пайдалану және өндірістік учаскілерді басқару және «Атом электр станциясы», «Жылу электр станциясы», «3-Энергоорталық» АҚ, «Қуат жылу орталық -3», ауыл мектептерінде қазандық қондырғыларда, ауруханаларда, жылу тораптарының, қаланы сумен қамтамасыз ету, қаланы газбен қамтамасыз ету, зауыттардың басты энергетика бөлімдерінде, жылутехникалық және жылумеханикалық жабдықтарды конструкциялау жобалау институттарда, ғимараттарды жылумен қамтамасыз ету және басқа өндірістерде қала, облыс және Республика бойынша жұмыс атқара алады.
Колледж түлектері бүгінгі күні әр түрлі жылу энергетика салаларында басты энергетик, қазандық қондырғыларының бастығы, инженер лауазымында қызмет етеді «Қуат жылу орталық -3» бас инженерінің орынбасары Төребеков Еділ, «3-Энергоорталық»АҚ бас инженері Ерботаев Жансерік, Электр цехының бастығы Марденов Дамир, «Ай Сервис Транс» ЖШС техникалық директоры Ізтілеуов Алжан және т.б.
Шымкент қаласы білім басқармасының  «Политехникалық колледжінің» «Энергетика» пәндер бірлестігінің комиссиясында  14 оқытушы қызмет етеді. Олардың екеуі жоғары санатты, алтауы II санатты, алтауы жоғары білім бойынша оқытушылар.
Өз пәндерін жетік меңгерген, жаңашыл, парасатты, интелектуалды, қабілетті, педагогтар Бекбаев Ж.А., Абдукадирова Ү.А., Нысамбекова А.Қ, Толыбаев Г.Ж. сабақтарын оқу-әдістемелік және техникалық жағынан жоғары дәрежеде өткізеді.
Электрэнергетика бөлімінде студенттер теориялық білім алумен қатар, білімдерін зертханалық және тәжірибелік стендтерде іс жүзінде бекітеді.
Зертханалар өндірістік электрқондырғылар, зертханалық жұмыстарды орындауға бейімделіп, стендтерге құрастырылған және оқу бағдарламалары бойынша барлық жұмыстарды қамтыған. Жас маман жобасы  бойынша алынған стендтерде қазіргі күні кәсіпорындар мен өндірістерде қолданылатын электрқондырғылар орнатылған. ПБК кабинеттері мен зертханалары интернет желісіне жалғанған компьютерлер, интерактивті тақталар, плазмалық экран т.б көрнекті құралдар оқу-тәрбие жұмыстарында кеңінен пайдаланады.Сонымен қатар компьютермен басқарылатын электрмен қамтамасыздандыру жүйелерін, релелік қорғаныс пен автоматиканы және альтернативті энергия көздерін, соның ішінде күн энергетикасын оқып үйренуге арналған кешенді зертханалық стендтер орнатылған.
Мамандық студенттері компьютермен жақсы таныс олар курстық және дипломдық жобалардың есептік-жазбаша және графикалық бөлімдерін орындауда пайдалана біледі. Курстық және дипломдық жобаларды қорғау кезінде интерактивті тақта т.б. техникалық құралдар кеңінен қолданылады.
ПБК оқытушысы Толыбаев Г.Ж. ОҚО бойынша  колледждер арасында ұйымдастырылған «Үздік өндірістік оқыту шебері» байқауынан 2017 жылы   I орын иегері болды, плазмалық телвизор сыйлыққа алды. 2021-2022ж оқу жылының сәуір айында «WorldSkills Shymkent-2022» аймақтық кәсіптік-шеберлік чемпионатында бас сарапшы қызметін жауапкершілікпен атқарғаны үшін Толыбаев Г.Ж. Шымкент қаласы білім басқармасының басшысының міндетін атқарушы Әліш Рыскелді атынан Алғыс хатпен марапатталып және ақшалай сыйлық алды.
Оқытушылар өз пәндерінен техникалық үйірмелер жүргізеді. Оларда студенттер күрделі әр деңгейлі электр схемаларын жинауды, реттеуді үйренді. Әр түрлі әрекеттегі макеттер жасайды, болашақта нақтылы диплом жобасын орындауға дайындалады.
Колледж қабырғасында 2021-2022 оқу жылының сәуір айында «WorldSkills Shymkent-2022» электрмонтаждау жұмыстары құзыреттілігі бойынша аймақтық чемпионат ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Шымкент қаласы бойынша 5 колледжден 5 студенті қатысты. Бірінші орынды Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледж» «07130700-Электрмеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша 312у тобының студенті Мусырманов Закир жеңіп алды және оған Республикалық чемпионатқа қатысуға жолдама берді.