Біліктілік арттыру

2021-2022 оқу жылындағы педагогтерінің біліктілік арттыру курстары туралы мәлімет

2021 жылғы қыркүйек – қазан айлары аралығында «Өрлеу» БАҰО” АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтында колледж оқытушыларынан қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушыларынан – 4оқытушы, дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларынан – 4 оқытушы  біліктілігін арттырды. Сонымен қатар,қазан – қараша айлары аралығында шет тілі пәнінің оқытушыларынан – 4 оқытушы  (80 академиялық сағат) көлемінде білімдерін арттырды.

Сонымен қатар, 2021 жылғы қыркүйек – қазан айлары аралығында «Өрлеу» БАҰО” АҚФ институтының ұйымдастырумен 36 академиялық сағат көлемінде онлайн форматта колледж оқытушылары 100%«Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» тақырыбында курстан өттіп сертификат алды.

2021 жылдың  қыркүйек-қазан айы аралығында «Таlap» КЕАҚ-ның ұйымдастыруымен «Жас маман» жобасы бойынша І кезеңде колледж басшысы, колледж әкімшілігі мүшелерінен – 2,  колледждің арнайы пән оқытушыларынан  – 7 оқытушы курстан оналйн форматта өтіп, сертификаттар алды.

2021 жылдың 11.10-04.12 аралығында «Таlap» КЕАҚ-ның ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу жұмысының тиімділігі» тақырыбында және «ТжКБ ұйымдарында білім беру процесін академиялық дербестікті есепке ала отырып модельдеу» тақырыбында  оқу іс жөніндегі орынбасары мен 50 педагог кезең-кезеңмен біліктілікті арттыру курсынан онлайн форматта  өтіп, сертификат иеленді.

28.03.2022  №451 хатына сәйкес «Talap» КЕАҚ «Оқытуды үйрен: тренерлерді даярлау» тақырыбында ағымдағы жылдың 6-8 сәуір аралығында Нұр-сұлтан қаласында өтетін тренингіне колледждің төменде көрсетілген штаттан тыс тренерлікке үміткер оқытушылар: Балабекова Дана Амановна, Баумуратова Шолпан Бекболатқызы,Аскербекова Сая Талгатовна педагог-тренерлерінің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша курсытан өтіп, сертификатқа ие болды.

2022 жылғы 16 мен 27 мамыр аралығында «Таlap» КЕАҚ-ның ұйымдастыруымен 72 академиялық сағат көлемінде «Білім берудегі менеджмент» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттарудың білім беру бағдарламасы бойынша курсты колледж директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарыАрынбаев Мухамед-Али Ануарбекович офлайн форматта Алматы қаласында курсытан өтіп, сертификатқа ие болды.

2022 жылғы  наурыз-мамыр аралығында (І,ІІ,ІІІ кезеңдер) «Таlap» КЕАҚ-ның ұйымдастыруымен 36 және 72 академиялық сағат көлемінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» тақырыбы бойынша курсты аяқтап, оқытушылар сертификатқа ие болды.

2022 жылдың 6-8 сәуір күндері аралығында «DOSTI» инновациялық орталығының хатына сәйкес «Wordskills стандарттарын оқу процесіне енгізу» жас маман жобасы аясында келген құрал-жабдықтармен жұмыс жүргізу мәселелеріне қатысты  18 сағаттық  біліктілік арттыру курсына колледжінің арнайы пән оқытушыларынан – 5 оқытушы курстан өттіп, сертификаттарға ие болды.

Колледж оқытушылар курстар барысында меңгерген білік-дағдыларын, әсерлерімен бөлісе отырып, өз ісінің нағыз шебері ғана жоғары жетістікке жететіндігін айта отырып, курсты өткізген тренерлерге ризашылықтарын білдіреді.