Бағдарламалау және ақпараттық жүйелер бөлімі

                       «Бағдарламалау және ақпараттық жүйелер» бөлімі

06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету» (түрлері бойынша)

мамандығы бойынша орта кәсіптік білімді маманның

БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАСЫ

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» 06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы  4S06130103 – «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы» және 4S06130105 – «Ақпараттық жүйелер технигі» біліктілігі бойынша мамандар дайындайды.

«Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы арнайы математикалық моделдеу негізінде алгоритм мен компьютерлік бағдарламаларды  және Веб-ресурстарды құрумен қатар үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етумен айналысады.

«Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығын бітірген түлектер дербес компьютермен жұмыс жасайтын кез-келген мекемеде қызмет атқара алады. Сонымен қатар, ДЭЕМ операторы, қолданбалы бағдарламаларымен-бухгалтерлік бағдарламалар жұмысын, мессенджерлер, бейне және аудио бақылаушы бағдарламаларын қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі тетіктерінің жүйесін, операциялық жүйелермен жұмыс, желілік администратор жұмысы, үлкен және орта мәліметтер қорымен жұмыс, серверлерді орнату және олармен жұмыс, қосымша сыртқы және ішкі құрылғылардың жұмыс істеуін қадағалау, компьютерді сыртқы және желілік вирустардан қорғау, Web бағдарламашы, компьютер дизайнері және жобалаушысы, үлкен және кіші компьютерлік кластарды жабдықтаушы, кез-келген көлемдегі бағдарламалар құрушы және сайт жасаушы қызметтерін атқара алады.

Колледжді бітірген түлектер мына мекемелерде қызмет атқара алады: АО «Шымкенттранстелеком», ТОО «Омега ХХІ», ТОО «PROITKazakhstan», АО «НИТ» ұлттық ақпараттық технологиялар, ТОО «Ақ-Жол-Сервис KZ» және ІТ компаниялар және Web студиялар, ғылыми іздену орталықтары.

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжінде» бағдарламалау саласына мамандар дайындау жайында “Бағдарламалау және автоматтандырылған жүйелер» ПБК 06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету» маманы дайындалады.  Мамандық бойынша зертханалық дәрісханалар  заманауи техникалық оқу құралдарымен, стендтермен, керекті оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдарымен жабдықталған және эстетикалық талапқа сай безендірілген.

Өндірістік-технологиялық және диплом алды іс-тәжірибелер колледж келісім шартқа отырған регион кәсіпорындарында өтеді, мысалы ДИС АО Қазақтелеком, қалалық статистикалық басқармасы, қалалық мұрағаты, ТЭЦ-3 сонымен қатар Шымкент қаласының жетекші жоғары оқу орындарында М.Әуезов атындағы ОҚУ, Мирас Университеті.

Бұл бағытта біріншіден, негізгі базалық өндіріс орындарымен іс-тәжірибеден өту қажеттілігіне байланысты жұмыспен қамамасыз ету келісім шарттарының мерзімі ұзартылды, олармен әлеуметтік серіктестік туралы келісім-шарттарға қол қойылды.  Техник-бағдарламашы мамандықты меңгерген оқушылардың көбі өндірістер мен кәсіпорындарға жыл сайын жұмысқа орналасады. Өнеркәсіп мамандарының тексеру нәтижесі бойынша, оқушылардың білім деңгейі жоғары және кәсіби талаптарға сай.

Бірлестікте педагогтар кәсіпорындардағы біліктілігі жоғары мамандармен байланысты қамтамасыз ету барысында жүйелі жұмыстар атқарады. Негізінен өндіріс мамандары дипломдық жобаның  рецензенттері, өндірістік тәжірибе жетекшілері болып, әрі сұрақ-жауаптан тұратын дөңгелек үстел кездесулеріне жиі қатысады.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтілетін «Программистер апталығына» кафедраның оқытушылары мен студеттері белсене қатысады. Апталыққа 1-4 курс арасында түрлі қызықты іс-шаралар өтеді.

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжінің» бағдарламашы түлектері қазіргі таңда өз мамандығы бойынша биік шыңдарды бағындыруда. Атап айтқанда:

Упабеков Азамат Бауыржанұлы – Мәдениет Департаментінде инженер программист;

Аскербек Баймаханбет – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының, жетекші маманы;

Байғанаев Бақытжан Жаңабайұлы – «Жер комитеті және кадастр» мемлекеттік мекемесінде инженер-программист;

Ким Александр – “Server” компаниясында инженер-программист;

Нұрмұқанбетов Қанат Маратұлы – АҚ Sky Telecom  компаниясында инженер-прогрммист; Ақтау қ.

Дрантусов Игорь –  АҚ SkyTelecom  компаниясының инженер-прогрммисті; Ақтау қ.

Бекназаров Ахансері   – АҚ «Волковгеология» компаниясында экономист   қызметін атқаруда;

Данилов Антон Петрович – «Қазақтелеком» ақпараттық жүйелер дирекциясының  қалалық бөлімшесінің инженер программисті;

Алиев Бақдаулет – “Омега XXI” ЖШС жетекші инженер;

Патсахан Мағжан Әділханұлы – №2 Мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатында техник программист болып жұмыс атқаруда

Біздің түлектер өзіміздің колледжде де жұмыс істейді:

Досмаилов Берік – «Электороника және ақпараттық жүйелер» кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы;

Аралбай Дінмұхаммед Әлібекұлы – инженер программист болып жұмыс атқаруда.

Сонымен қатар бөлім оқытушылары мен студенттері  қалааралық іс-шараларға және республика деңгейіндегі үлкен жобаларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жатыр:

Республикалық «ҮЗІК ПЕДАГОГ – 2022» атағын беру конкурсының қалалық кезеңіне қатысып, жеке кәсіби жетістіктері, оқушыларды дамытудағы нәтижелері және білім беру жүйесіне қосқан үлесі мен кәсіби шеберлігі үшін Джантурсынова Гульбану Асановна ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды;

Дарханов Абылайхан Оралханұлы – 2019-2021 жылдар аралығында “WorldSkills Kazakhstan”  Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына “Веб дизайн және әзірлеу” құзыреттілігі бойынша жоғары кәсіби шеберлігімен 3 жыл қатар үздік нәтиже көрсеткен, қазіргі таңда Астана қаласының «Тұран-Астана» университетінің 2-курс студенті, өзінің шеберлігімен «Академиялық ұтқырлық бағдарламасы» арқылы Румыня қаласының үздік университетіне жолдама алып, сонда білімін шыңдауда;

Шепелев Константин Дмитриевич –  «WorldSkills Kazakhstan 2021» VI Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында «Бизнеске арналған IT шешімдер бойынша «Үздік маман» номинациясымен марапатталды;

2022 жылы мамыр айында «Веб сайт» құру бойынша Республикалық ашық Чемпионатында Жетписбаев Чингизхан Ерланович жеңімпазы атанып қана қоймай, «WorldSkills Shymkent 2022» аймақтық чемпионатында «Web дизайн» құзыреттілігі бойынша I орын иеленді;«WorldSkills Shymkent 2022» аймақтық чемпионатында «Интернет заттары» құзыреттілігі бойынша Бекмұрат Нұржан Роланұлы және «Компьютерлік графика» құзыреттілігінен Бочкарев Илья Ильич  I орын иеленді.