Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ 384 бұйрығына 351-қосымша
“Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)” мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары
Пәндер циклі және кәсіптік практика бойынша білім беретін оқу бағдарламасының мазмұны (9 – сынып негізінде)
Жалпы гуманитарлық пәндер
Циклдің (пәннің) индексі | Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері | Қалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдылар | Қалыптасатын құзыреттер коды |
---|---|---|---|
ЖГП 01 | Кәсіптік қазақ (орыс) тілі. Кәсіптік тілдің рөлі: мамандық бойынша терминология; кәсіптік бағдарлы мәтіндерді оқу және аудару техникасы (сөздікпен); кәсіптік қарым-қатынас; мамандыққа бағытталған мәтіндер бойынша әңгімелер, сұхбаттар құрастыру. | Білімдер: - қазақ (орыс) тілінде және кәсіптік бағдарлы мәтіндерді оқып, аудару үшін (сөздікпен) қажетті лексикалық (1200-1400 лексикалық бірлік) және грамматикалық минимумды меңгеру. Іскерліктер: - кәсіптік лексиканы сауатты пайдалану, өзінің кәсіптік қызметінде қазақ (орыс) тілінен білімдерін пайдалану. | БҚ 3,4,6 |
ЖГП 02 | Кәсіптік шет тілі. Мамандық бойынша кәсіптік қарым-қатынас жасауға қажетті лексика-грамматикалық материалдар; сөйлесудің әртүрлі түрлері мен тілдік нысандарды (ауызша, жазбаша, монологтік, диалогтік); кәсіптік бағдарлы мәтіндерді аудару техникасы. | Білімдер: - мамандық бойынша кәсіптік қарым-қатынас жасауға қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал. Іскерліктер: - тілдік іс-әрекет түрлерін және сөйлеу нысандарын ажырату (ауызша, жазбаша, монологтік, диалогтік). | БҚ 3,4,6 |
ЖГП 03 | Қазақстан тарихы. | ||
ЖГП 04 | Дене тәрбиесі. Маман дайындауда дене тәрбиесінің рөлі, оның салауатты өмір салтын қалыптастыру; дене тәрбиесінің әлеуметтік-экономикалық және психофизиологиялық негіздері; дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері; кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы. | Білімдер: - дене тәрбиесінің әлеуметтік-экономикалық және психофизиологиялық негіздерін; - дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері. Іскерліктер: - денсаулықты сақтау және нығайтуда дене тәрбиесі білімдерін қолдану. | БҚ 8 |
Әлеуметтік-экономикалық пәндер
Циклдің (пәннің) индексі | Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері | Қалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдылар | Қалыптасатын құзыреттер коды |
---|---|---|---|
ӘЭП 01 | Мәдениеттану. Мәдениеттану және оның қоғамдық өмірдегі рөлі; мәдениетті зерттеудегі көзқарстардың алуан түрлілігі; мәдениет және өркениет; мәдениеттің орнауы; мәдениеттің конфуциан-даосистік түрі; мәдениеттің индо-буддалық түрі; ислам мәдениті әлемі; мәдениеттің христиандық түрі; батыс еуропалық мәдениет және оның қазіргі әлемнің дамуына ықпалы; африка мәдениетінің ерекшелігі мен бірегейлігі; расизм проблемасы; көшпенді өркениеттің пайда болуы және бірегейлігі; Орта ғасырдағы Қазақстан мәдениеті; 17-19 ғасырдағы қазақтардың мәдени салттары; қазіргі Қазақстанның мәдениеті. | Білімдер: - негізгі ұғымдарды; - конфуцийшілдік; даосизм ұғымдарын; Қытайдың өнерін; иероглифін; Қытайдың пейзаж суреттерін; - индия мәдениетінің ерекшеліктерін және оның негізгі жетістіктерін; - ислам; курайш ұғымдарын; Мұхаммед; Құран; Аллах; Мекке ұғымдарын; - христиан оқуларының негізгі принциптерін және оның құндылық бағыттарын; - Франция мәдениетін; Ашель мәдениетін: проманьондар, галлалар, франктар әдебиеті, философиясы; - көшпенділердің өмір сүрулері мен құндылық жүйесі туралы; - орта ғасыр кезеңінде қазақ этносының мәдени негізі туралы білімдерін; - түрік және араб мәдениетінің орта ғасырдағы Қазақстан мәдениетіне әсері туралы. Іскерліктер: - қытай мәдениетінің ерекшеліктерін ашу; - мәдениеттану ұғымдарын еркін пайдалану; - көшпенділердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшелігін, оның қоғамдық мәдени өмірдегі орнын көрсету. | БҚ 4,7,8 |
ӘЭП 02 | Философия негіздері. Философия және оның қоғамдағы рөлі; философияның тарихи типтері; материя және сана; диалектика және оның баламасы; қоғамның философиялық ұғымы; таным теориясы; қоғамдық сана және оның нысандарының алуан түрлілігі; адам болмысы философия проблемалары ретінде; адам қоғамдық қарым-қатынастар объектісі және субъектісі ретінде. | Білімдер: - негізгі философиялық ұғымдарды: материя, философияның негізгі сұрақтары, диалектика, диалектика заңдары, сана, таным, болмыс; - болмыстың жалпы мәселелерін, танымның жалпы мәселелерін, қоғамның қалыптасуын және дамуын, адамның ортақ және маңызды проблемаларын. Іскерліктер: - негізгі философиялық ұғымдарға еркін сүйене білу, сол немесе басқа сындарды дәлелдеу және сынға алу, ақиқаттың әртүрлі құбылыстары арасындағы өзара байланысты аша білу, қоршаған шындықтың қарама-қайшылықтарын талдау. | БҚ 6,7,8 |
ӘЭП 03 | Экономика негіздері. Мақсаттары, негізгі ұғымдары, функциялары, мәні, қағидалары; меншік нысандары мен түрлері, меншікті басқару; жоспарлардың түрлері, олардың негізгі кезеңдері, мазмұны, стратегиялық жоспарлау; жоспарлаудың және болжам жасаудың экономикалық негіздеу әдістері; бизнес-жоспарлау; экономикалық талдау; халық тұтынатын нарық тауарлары мен қызметтердің жағдайына талдау жасау; нарықтық инфрақұрылым. | Білімдер: - экономикалық теорияның жалпы ережелерін; - елдегі және шетелдердегі экономикалық жағдайларды; - макро және микро экономика негіздерін, салық, ақша-несиелік, әлеуметтік және инвестициялық саясат туралы. Іскерліктер: - өзінің кәсіптік қызметінде бағдары үшін қажетті экономикалық ақпаратты тауып, қолдана білу. | БҚ 1,7,9 |
ӘЭП 04 | Саясаттану және әлеуметтану негіздері. Саясаттану пәні; саясаттану білімінің құрылымы; саяси ойдың тарихы; билік адамдар арасындағы еркін қарым-қатынас ретінде; үкіметті заңды деп танушылық және қағидалары; саяси жүйе үкімет механизмі ретінде; саяси тәртіп; мемлекет саяси институт ретінде; саяси партиялар және партия жүйелері; саяси элита; саяси көшбасшылық; саяси идеологиялар; дүние жүзілік саяси процесс; Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы; әлеуметтану ғылым ретінде; негізгі әлеуметтік ұғымдар. | Білімдер: - негізгі саяси ұғымдарды: билік, билік ресурстары, биліктің заңдылығы, саяси жүйе, саяси тәртіп, мемлекет, мемлекетті басқару нысандары, мемлекеттің орналасу нысандары, саяси партиялар, партия жүйелері, саяси элита, саяси көшбасшылық, геосаясат; - саяси ғылым пәні мен әдісін. Іскерліктер: - халықаралық саяси процестерді талдау, геосаяси жағдай, Қазақстанның қазіргі өмірдегі орны мен рөлі; - саяси мәдениет дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірде және кәсіптік қызметте саясаттану білімдерді қолдану. | БҚ 6,8 |
ӘЭП 05 | Құқық негіздері. Құқық, ұғым, жүйе, көздер, Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқықтық жүйе ядросы; адам құқығының жалпы қоғамдық декларациясы, тұлға, құқық, құқықтық мемлекет, заңды жауапкершілік және оның түрлері, құқықтың негізгі салалары, Қазақстан Республикасының сот жүйесі, құқық қорғау органдары. | Білімдер: - адам мен азаматтың құқықтарын және бостандық-тарын; оларды іске асыру механизмдерін; - кәсіптік қызметі саласындағы құқықтық және адамгершілік -этикалық нормаларын. Іскерліктер: - маманның кәсіптік қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалану. | БҚ 3,4,8 |
Жалпы кәсіптік пәндер
Циклдің (пәннің) индексі | Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері | Қалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдылар | Қалыптасатын құзыреттер коды |
---|---|---|---|
ЖКП 01 | Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. Іс жүргізу бойынша сөздікпен жұмыс істеу; құжаттау және шаблондау мен стандарттауды құжаттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік-әдістемелік құжаттар; құжаттарды шаблондаудан түсінік; әкімшілік-ұйымдастыру құжаттарының тізіміне кіретін құжаттарды құру ережелері; офистік және құжаттамалық жұмыс негіздері; техникалық құралдардың көмегімен құжаттау технологиясы. | Білімдер: - құжаттау қызметінің құрылымын, лауазымдық міндеттерді, техникалық құралдардың көмегімен құжаттау технологиясын. Іскерліктер: - әкімшілік-ұйымдастыру құжаттарын, мемлекеттік тілде қызметтік хат алысуды құру және рәсімдеу; - құжаттармен келіп түскен сәтінен, істі рәсімдеуге дейін жұмыс жасау; - анықтамалық әдебиетпен жұмыс жасау. | БҚ 4,5,6,8 |
ЖКП 02 | Сызу. Кіріспе, КҚБЖ, МЕМСТ түсініктемесі; сызбалардың графикалық рәсімделуі; сызба сызықтары; сызба форматтары; графикалық редактордың көмегімен сызбаларға стандартты қаріптермен жазулар түсіру; масштабтар; өлшемдер түсіру; қолмен және графикалық редактордың көмегімен тетіктердің контурларын түсіру тәсілдері; техникалық сызу; сызбалар мен нобайларды орындаудың жалпы ережелері; сұлбалардағы шартты, графикалық белгілеулер; мамандық бойынша сұлбалар. | Білімдер: - МЕМСТ 2.303-68* бойынша сызықтарды, МЕМСТ 2.301-68* бойынша форматтарды; - МЕМСТ 2.304-81 бойынша сызба қаріптерін; - МЕМСТ 2.302-68 бойынша масштабтарды, МЕМСТ 2.307-68* бойынша өлшемдер түсіру ережелерін. Іскерліктер: - стандартты сақтай отырып, әртүрлі сызықтарды сызу; - сызбаларда стандартты қаріппен жазба жазу; графикалық редактордың көмегімен сызбаларға стандартты қаріптермен жазулар түсіру; - сызба масштабын анықтау, берілген масштабта қолмен және графикалық редактордың көмегімен тетіктердің сызбаларын орындау; - сызбада қарапайым түрдегі тетіктердің өлшемдерін түсіру; - мамандық бойынша электр сұлбаларды оқу. | БҚ 3,5,7,9 КҚ 3.2.1 |
ЖКП 03 | Техникалық механика негіздері. Статика; статика аксиомалары, күш жүйелері, материалдар кедергісі; деформацияланған күйдің түрлері: созылу (сығылу), ығысу, айналдыру, тура иілу, күрделі деформация; беріктікке есептеу; механизмдер мен машиналардың бөлшектері, механизмдер мен машиналардың кинематикалық сұлбаларын оқу және құру; әртүрлі берілістегі буындардың негізгі өлшемдерін геометриялық есептеу. | Білімдер: - статистиканың негізгі ұғымдарын, жазық күш жүйелерін, күш моменттерін, кинематика және динамика элементтерін; - материалдардың кедергілер негіздерін, машина тетіктерінің негіздерін. Іскерліктер: - механикалық жүйелердің беріктігіне есептеулер жүргізу; - механизмнің қажетті түрін таңдау, механизмдер мен құрылымдардың жиынтық бірліктерінің құрылымдық ерекшеліктеріне талдау жасау. | БҚ 3,7,8,10 КҚ 3.2.1 |
ЖКП 04 | Электрматериалтану. Металдардың құрылымы мен қасиеттері, темірдің көміртекті қорытпалары; түсті металдар және олардың қорытпалары; магниттік материалдар; магниттіжұмсақ электротехникалық материалдар, өткізгіш материалдар; өткізгіш материалдарының жіктемесі; сымдар, шиналар, кабельдер; жартылай өткізгіш материалдар; қасиеттері, қолданылу саласы; электр өлшеу материалдары; диэлектриктер физикасы; физика-механикалық сипаттамалары; газ тәрізді диэлектриктер; поляризациялық материалдар; электр оқшаулау материалдары және компаундтар; резеңкелер; электр оқшаулағыш слюда, керамика, шыны, қабатты пластмасса. | Білімдер: - электротехникалық материалдардың құрылымын, олардың электрлік, магниттік, жылу, механикалық және физика-химиялық сипаттамаларын; - электротехникалық материалдарды қолдану саласын және алу тәсілдерін. Іскерліктер: - өткізгіш материалдарды жіктеу; - сымдар мен кабельдердің маркаларын ашып оқу; - өндіріс талаптарына сай электротехникалық материалдарды таңдау. | БҚ 1,2,7,9 КҚ 3.2.1 |
ЖКП 05 | Электротехниканың теориялық негіздері. Тұрақты токтың электр тізбектері; электр өрісі туралы ұғым; потенциалдар және потенциялардың түрлілігі, электр тогы, оның физикалық мәні және есептеу әдістері; кедергі, өтімділік; электр қозғаушы күштер; электр тізбегін байланыстырушы электротехника заңдары; электр тізбегінің байланыстырушы параметрлері; электрмагниттік өріс және оның құрауыштары; магниттік және электрлік тізбектерде өтетін электрмагниттік процестер; магниттік тізбектерді есептеу; электрмагниттік индукция; синусоидалы токтың электр тізбектері; тұрақты және айнымалы токтың электр тізбегін есептеу; тұрақты және айнымалы токтың сызықты емес тізбектері; есептеу ұғымдары мен әдістері; синусоидалы емес токтың электр тізбектері; есептеу ұғымдары мен әдістері; электр тізбектеріндегі өтпелі процестер; тарату параметрлері бар электр тізбектері. | Білімдер: - негізгі электрлік және магниттік құбылыстарды, олардың физикалық мәнін және іс-жүзінде қолдану мүмкіндігін; - электротехника негізделген физикалық заңдарды және бұл заңдардан туындайтын салдарларын; ережелерін, есептеу әдістерін; - теориялық электротехникада жиі қолданылатын терминдер мен анықтамаларды; - алмастыру сұлбаларында қолданылатын электр тізбектері элементтерінің шартты графикалық белгіленуін; - электрлік және магниттік шамалардың өлшем бірліктері мен әріптік таңбалануын. Іскерліктер: - тұрақты және айнымалы токтың электрлік тізбектеріне есептеу жүргізу; - электр машиналары мен трансформаторларды оқыған кезде электрмагниттік индукция заңын қолдану; - өтпелі процестердің электрлік шамалары мен өту уақытының параметрлерін анықтау. | БҚ 1,2,3,7 КҚ 3.2.1 |
ЖКП 06 | Гидравлика, пневматика және жылу техникасының негіздері. Гидравлика негіздері: сұйықтықтардың физикалық қасиеттері; гидростатика негіздері; гидродинамика негіздері; гидравликалық кедергілер; жылу техникасы және пневматика негіздері; термодинамика негіздері; су буы; жылу берілісі негіздері; энергетикалық қондырғылардағы жылу процестері; пневматика негіздері: газ бен буды сығу туралы ұғымдар; көлемді компрессорлардың жұмыс принципі, үш сатылы компрессорлардың теориялық индикаторлық диаграммасы; поршенді компрессордың жұмысын зерттеу. | Білімдер: - гидравлика мен жылу техникасы заңдарының физикалық мәнін; - гидравликалық және жылу энергиясын өнеркәсіптік пайдалануды; - компрессорлардың, қазандық және тоңазытқыш қондырғылардың құрылғысы мен жұмысын. Іскерліктер: - физикалық қасиеттерді анықтау үшін кестелер мен формулаларды пайдалану; - газ қоспалары күйінің параметрлерін және газ бен газ қоспаларының жылу сыйымдылығын анықтау. | БҚ 5,7,9 КҚ 3.2.1 |
ЖКП 07 | Автоматтық құрылғылардың электр машиналары. Тұрақты ток машиналары: тұрақты ток машиналарының (ТТМ) қайтымдылығы; жұмыс принципі, конструкциясы; ТТМ магниттік тізбегі; параллель қоздыру қозғалтқышы; ТТМ қуат шығыны мен ПӘК: арнайы машиналар; трансформаторлардың міндеті; жұмыс принципі; трансформаторларды жалғау сұлбалары мен топтары; трансформаторлардың бос жүріс және тұйықталу режимдері; трансформаторлардың қуат шығындары мен ПӘК; трансформаторлардың параллель жұмысы; синхронды генераторлардың жұмыс принципі мен конструкциясы; синхронды қозғалтқыштардың жұмыс принципі мен конструкциясы; синхронды қозғалтқыштарды іске қосу; синхронды қозғалтқыштардың векторлық диаграммасы мен бұрыштық сипаттамасы; синхронды қозғалтқыштардың жұмыс сипаттамалары; асинхронды машиналар; асинхронды машиналардың жұмыс принципі мен конструкциясы; асинхронды қозғалтқыштардың жұмыс сипаттамалары; асинхронды қозғалтқыштарды іске қосу; АҚ жиілігін реттеу; іске қосу сипаттамалары жақсартылған қозғалтқыштар. | Білімдер: - электр машиналары мен трансформаторлардың жұмыс принципі негізіне сүйенетін электр магниттік және электр механикалық процестерді; - электр машиналары мен трансформаторлардың негізгі қасиеттерін, құрылымдық ерекшеліктерін және сипаттамаларын; олардың қолданылу саласын. Іскерліктер: - электр машиналары мен трансформаторлардың типін конструкциялары және паспорттық мәліметтері бойынша анықтау; - қозғалтқыш сұлбаларын жилбаларын және сипаттамаларын алу; - зәкір орамдарының толық сұлбалары параметрлерін есептеу және орындау бойынша есептер шығару; тұрақты токтың магниттік тізбегін есептеу бойынша есептер шығару; коллекторлы машиналардың ЭҚК, электр магниттік моменттерін және жиілігін есептеу; бұл машиналар сипаттамларын есептеу; - трансформаторлардың, синхронды, асинхронды машиналардың параметрлері мен сипаттамаларын есептеу бойынша есептер шығару. | БҚ 5,7,9 КҚ 3.2.1 |
ЖКП 08 | Электржетегінің негіздері. Электржетегінің механикасы: электржетегінің механикалық бөлігінің құрылымы және есептік сұлбасы; электржетегінің орнықпаған механикалық қозғалысы; электржетегі координатын реттеу ұғымы; тұрақты ток қозғалтқышы бар электржетегі; тәуелсіз қоздырғышты тұрақты ток қозғалтқышы бар электржетегі; асинхронды және синхронды қозғалтқыштары тізбекті тұрақты ток қозғалтқышы бар электржетегі; электржетек энергетикасы: қуатты есептеу, электрқозғалтқыштарды таңдау және тексеру. | Білімдер: - электржетегін басқару сұлбасын; - механизм қозғалтқыштарын таңдау және тексеру шарттарын; - электржетегі жұмысының жылдамдығын реттеу және тұрақтылығын анықтау тәсілдерін. Іскерліктер: - электржетегінің электрлік және электр механикалық параметрлерін есептеу. | БҚ 5,7,9 КҚ 3.2.1 |
ЖКП 09 | Электроника және микроэлектроника негіздері. Электр вакуумдық және ионды аспаптар; жартылай өткізгіш аспаптар: диодтар, транзисторлар, тиристорлар; интегралды микросұлбалар; микроэлектронды құрылғылар жіктемесі; таңбалануы; микроинтегралды орындауда элементтер мен сұлбаларды дайындау технологиясы; күшейткіштер; қорек көздері: түзеткіштер, жазу сүзгілері, кернеу көбейткіштері, тұрақтандырғыштар, инверторлар мен жиілік түрлендіргіштер; желілік тербеліс генераторлары; импульстік және сандық құрылғы элементтері; микропроцессорлық техника элементтері: санауыштар, тіркеуіштер, дешифраторлар, компараторлар, информаторлар; импульс қалыптастырғыштар мен түрлендіргіштер. | Білімдер: - электроника элементтерінің құрылысын, жұмыс принципін, вольтамперлік сипаттамаларын және негізгі параметрлерін; - микропроцессорлық техниканың электронды құрылғылары мен элементтерінің құрылу принципін, типтік түйіндерін және сұлбаларын; - өнеркәсіптік электрониканы пайдалану шарттары мен қолданылу саласын. Іскерліктер: - үлгілік электронды сұлбаларды оқу; - электронды аспаптар мен құрылғыларды зертханалық зерттеу бойынша эксперименттер жүргізу, техникалық және анықтамалық әдебиетті пайдалану; - негізгі есептік арақатынастар бойынша есептер шығару. | БҚ 1,3,5,7,9 КҚ 3.2.1 |
Арнайы пәндер
Циклдің (пәннің) индексі | Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері | Қалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдылар | Қалыптасатын құзыреттер коды |
---|---|---|---|
АП 01 | Метрология негіздері және өлшеу құралдары. Метрология негіздері: негізгі ұғымдар мен анықтамалар; өлшеу құралдары және олардың негізгі сипаттамалары; АМЖ өлшеу түрлендіргіштері: бастапқы өлшеу түрлендіргіштері; электр өлшеу тізбектері; АМЖ сигналдарының түрлендіргіштері; электр өлшеу аспаптары және электрлік өлшеу; кеңейту термометрлері; кедергіні жылу түрлендіргіштер; термоэлектрлік жылу түрлендіргіштер; пирометрлер;қайталама түрлендіргіш аспаптары; қысым мен қысым айырмасын өлшеу аспаптары: сұйықтық аспаптары; серіппелі аспаптар; мембраналы аспаптар; сильфонды аспаптар; деформациялы шкаласыз аспаптар және қашықтан беру түрлері; зат шығыны мен мөлшерін өлшеу аспаптары: шығынды айнымалы қысым айырмасыәдісімен өлшеу; жедел шығын өлшеуіштер мен санауыштар; көлемді шығын өлшеуіштер; тахометриялық шығын өлшеуіштер; гидростатикалық және акустикалық деңгей өлшеуіштер; заттардың физика-химиялық қасиеттерін өлшеу аспаптары: ауа ылғалдылығын және тозаңдануын өлшеу аспаптары; тығыздықты өлшеу аспаптары; тұтқырлықты өлшеу аспаптары; сұйық ортаның электр өтімділігін өлшеу аспаптары; химиялық құрамды өлшеу аспаптары; деңгейді өлшеу аспаптары: қалтқымалы және буйкалы деңгей өлшеуіштер; сыйымды, кондуктометриялық және радиоактивті деңгей өлшеуіштер; АМЖ ақпаратын бейнелеу құрылғылары: ұқсас көрсететін және қайталама тіркеу аспаптары; сандық қайталама көрсететін аспаптар; орталықтандырылған бақылау құралдары. | Білімде: - өлшеу құралдарының негізгі метрологиялық сипаттамаларын; - өлшеу құралдарының құрылымын; - өнеркәсіптік аспаптар мен автоматтандыру құралдарының мемлекеттік жүйе құрылымын; - электр өлшеу аспаптарының және өлшеу тізбектерінің негізгі түрлері мен жұмыс қағидаларын; - электрлік өлшеу әдістемесін; - өлшеу нәтижелерін талдау әдістемесін; - электрлік емес шамаларды өлшеуге арналған аспаптардың негізгі түрлері мен жұмыс қағидасын; - АМЖ ұқсас және сандық аспаптарының негізгі түрлері мен жұмыс қағидаларын; - технологиялық процестердің әртүрлі параметрлерін өлшеуге арналған аспаптардың жинағын; - орталықтандырылған бақылау жүйесінің құрылымын. Іскерліктер: - өлшенетін шаманың ең ақиқат мәнін анықтау; - әртүрлі физикалық шамаларды өлшеу үшін алғашқы өлшеу түрлендіргіштеріне таңдау жүргізу; - жинақты таңдауды жүзеге асыру: жылу түрлендіргіш – қайталама аспап; - жылу түрлендіргіштердің статикалық сипаттамаларын алу және талдау; - температураны өлшеу аспаптарын іске қосу; - аспаптардың статикалық сипаттамаларын алу және талдау; аспаптарға баптау жүргізу; - дифманометрлерді іске қосу; - газ талдауыштың және сұйықтық талдауыштың сипаттамаларын алу және талдау; - қайталама аспаптарға баптау жүргізу. | БҚ 1,3,4,5,7,9 КҚ 3.2.1 |
АП 02 | Сала технологиясының негіздері. Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау туралы негізгі мәліметтер; ұңғымаларды бұрғылау режимдері; бұрғылау режимі мен оның параметрлері туралы түсінік; бұрғылау режимдерінің алуан түрлілігі; бұрғылаудың әртүрлі тәсілдерінде бұрғылау режимдерінің технологиялық ерекшеліктері; мұнай мен газды өндіру технологиясы және техникасы; фонтанды ұңғымалар ернеуінің жабдығы; МЕМСТ бойынша фонтанды арматураның жіктелуі; көтеру желілері бар фонтанды ұңғымалардыңбекітпесі; манифольдтің міндеті мен құрамы; фонтанды ұңғыма жұмысын реттеу; мұнайды фонтанды өндіру; фонтандыұңғымаларды автоматтандыру; пайдалану режимі бұзылған кезде және ернеулі жабдықтыңгерметизациясының жойылуы фонтанды ұңғыманы жабуға арналған құрылғы; бөлгіш клапандар және ұңғымаішілік жабдық; мұнайды газлифтті жолмен өндіру; компрессорлық көтергіштердің жүйесі және құрылымдары; газлифтілі ұңғымалар ернеуінің жабдығы; компрессорлық және компрессорсыз газлифт, технологиялық сұлба; мұнайды ұңғымалы-штангалы сорғылармен өндіру; ұңғымалы-штангалы сорғы қондырғысы жұмысының сұлбасы; сорғы ұңғымалары ернеуінің жабдығы; мұнайды штангасыз сорғылармен өндіру; жүктеу электрлік центрден тепкіш сорғыларды орнату сұлбасы (ЭЦСО), қолданылу саласы; пайдалану процесінде қондырғының жұмыс параметрлерін бақылау; жабдықталған ЭЦСО ұңғымаларды автоматтандыру. | Білімдер: - фонтанды ұңғымалардың жабдығы мен бекітілуін; - ұңғыма жұмысының технологиялық режимін орнатуды және реттеуді; - газлифт жұмысының принципін; - компрессорлы және компрессорсыз газлифтінің технологиялық сұлбаларын; - компрессорлы ұңғымаларды пайдалануға беруді және іске қосу қысымын төмендету әдісін; - ұңғымаларда газды реттеу тәсілдерін; - штангалы ұңғыма қондырғыларының жұмыс қағидасын. Іскерліктер: - компрессорлы және компрессорсыз газлифтінің технологиялық сұлбаларын оқу; - ұңғымалы-штангалы сорғы қондырғыларының жұмысын; жүктеу электрлік центрден тепкіш сорғыларды орнату сұлбасының (ЭЦСО) жұмысы. | БҚ 5,7,9 КҚ 3.2.1 |
АП 03 | Сала процестері мен аппараттары. Сорғылар; көлемді сорғылар; көлемді сорғылар; көлемді сорғылар мен динамикалық сорғылардың жұмыс қағидасы, жіктелуі және қолданылу саласы, олардың негізгі техникалық параметрлері; сорғыларды бекіту сұлбалары;монтаж негіздері және пайдалану ережелері;мұнай және газ өнеркәсібінде қолданылатын жаңа сорғылардың құрылымы мен техникалық мәліметтері: консолды, екі жақты кіретін сорғылар, көп секциялы; ұңғымаларды фонтанды пайдалануға арналған жабдық; ұңғымаішілік жабдық; фонтанды ұңғыма ернеулерінің жабдығы; штангалы сорғылық пайдалануға арналған жабдық; электр центрден тепкіш сорғыны орнату; электр центрден тепкіш сорғыны орнатудың (ЭЦСО) принциптік сұлбасы; қондырғылар жинақтылығы, қолданылу саласы және жіктелуі;жүктеу центрден тепкіш сорғылар,олардың типтері және құрылымы; жүктеу бұрандамалы сорғыларды орнату, принциптік сұлбасы,қолданылу саласы,орнату жинақтылығы; мұнай және газ өнеркәсібінде компрессорлардың қолданылу саласы; компрессорлардың түрлері мен жіктелуі; поршенді компрессордың жұмыс қағидасы мен құрылғысы, оның жұмысының термодинамикалық негіздері; центрден тепкіш компрессорлардың жұмыс қағидасы мен қолданылу саласы; ұңғымаларды жууға арналған сорғы қондырғылары, олардың типтері, кинематикалық сұлбалары, құрылғысы мен техникалық сипаттамалары; ППУА-1200/100жылжымалы бу генераторларын орнату және ұңғымаларды (АДП типті) депарафиндеуге арналған агрегаттар, олардың принциптік сұлбалары, техникалық мәліметтері, негізгі түйіндердің құрылымы. | Білімдер: - сорғыларды орнатуды және жұмыс қағидасын, олардың қолданылу саласын; - сорғыларды бекіту сұлбаларын және пайдалану ережесін; - пайдаланатын ұңғымалардың құрылымын және фонтанды арматураның негізгі элементтерін, фонтанды арматураның сұлбаларын, қолданылу саласын; - әртүрлі типті ұңғыма сорғылардың құрылымы мен қолданылу саласын; - жетек құрылымын, МЕМСТ сәйкес білдек-тербеткіштің шартты таңбалануын, негізгі параметрлерін; - жүктеу центрден тепкіш электр сорғыларын пайдалану кезінде ұңғымалардың жабдығын, қолданылу саласын; - қондырғылардың негізгі элементтерінің құрылымы мен техникалық сипаттамасын; - қондырғылардың шартты таңбалануын ашып оқуды; - винтті, гидропоршенді, диафрагмалы және шапшымалық сорғыларды пайдалану кезіндегі ұңғымалардың жабдығын; - компрессорлардың құрылымы мен жұмыс қағидасын; - кәсіптік компресорлық станциялардың технологиялық сұлбасын; - компрессор жұмысына бақылауды ұйымдастыруды; - компрессорлардың құрылымы мен жұмыс қағидасын, поршенді компрессорлармен салыстырғанда олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, қолданылу саласын; - сорғылық қондырғылардың, вертлюгтердің және ернеу жабдықтарының негізгі түрлерінің құрылымын, олардың тағайындауын; - бу генераторларлы қондырғылардың құрылымын, олардың техникалық мәліметтерін, пайдалану ережелерін. Іскерліктер: - компрессорлық станциялар мен сорғылық қондырғылардың технологиялық сұлбасын оқу. | БҚ 5,7,9 КҚ 3.2.1 |
АП 04 | Автоматтандырылған жүйелердегі есептеу техникасы. ЭЕМ арифметикалық және логикалық негіздері: есептеу жүйелері; екілік арифметика; ЭЕМ логикалық негіздері; логикалық функциялар; ЭЕМ ақпаратты бейнелеу: ЭЕМ-да ақпаратты бейнелеу нысандары мен тәсілдері; есте сақтау құрылғылары: есте сақтау құрылғыларының (ЕҚ) жіктелуі және жалпы мәліметтер; жедел есте сақтау құрылғысы (ЖЕҚ); тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕҚ); жалпы қолданыстағы ЭЕМ: сәулет, ерекшеліктері, қолданылу саласы; енгізу-шығару каналдары; микропроцессорлар: микропроцессорлардың негізгі шектеулері, сәулет; микропроцессорлық жинақтар; микропроцессор командаларының жүйесі; микроЭЕМ: функционалдық шектеулер, микроЭЕМ сәулеті; микроЭЕМ-ның енгізу-шығару жүйесі; перифериялық құрылғылар: дисплей және таңба басатын құрылғылар; технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінде (ТП БАЖ) ЭЕМ қолдану: мамандық бойынша техника-экономикалық және жедел есептеулерде ЭЕМ қолдану. | Білімдер: - жалпы қолданыстағы есептеу машиналарын ұйымдастыру қағидасын; - перифериялы құрылғылардың жұмыс қағидасы мен номенклатурасын; - микропроцессорлар мен микроЭЕМ базасында есептеу басқару жүйелерін ұйымдастыру қағидасын; - мамандық бойынша техника-экономикалық жедел есептеулерде ЭЕМ пайдалану негіздерін. Іскерліктер: - сандарды бір жүйеден екіншіге ауыстыру; - қарапайым дискретті автоматтық құрылғылардың жұмыс алгоритмдерінің логикалық функцияларын құру; - МК бағдарламалауға арналған бағдарламалар құру, бір реттік автоматтардың ақиқаттық кестелерін құру және анықтау; - пернетақта және монитордың көмегімен ЭЕМ-мен сұхбат жүргізу; - микропроцессорлық құрылғыларды қолдана отырып, автоматтандырылған жүйелердің құрылымдық сұлбаларын құру; - мамандық бойынша бағдарламалар пакетін қолдану; -мамандық бойынша техника-экономикалық есептеулерде ЭЕМ пайдалану. | БҚ 5,7,9 КҚ 3.2.3 |
АП 05 | Еңбекті қорғау. Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері: Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау жөніндегі негізгі заңнамалар; еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі (ЕҚСЖ); еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; қауіпті және зиянды өндіріс факторлары; өндірістегі жазатайым жағдайларды зерттеу, есепке алу және талдау; жұмыс орнында еңбекті ұйымдастыру; еңбек гигиенасы және өндірістік санитария: өндірістік жайларға, жұмыс орындарына, технологиялық жабдықтарға қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар; өндірістік жайларды жарықтандыруға қойылатын талаптар; шудан, вибрациядан, ультрадыбыстардан, ионданған және электр магниттік сәулеленуден қорғау; қауіпсіздік техникасы: тиеп-түсіру, тасымалдау және қойма жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік техникасы; қолмен жұмыс жасайтын құрал-саймандармен және айлабұйымдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы; бақылау және автоматтандыру жүйелерін монтаждау кезіндегі қауіпсіздік техникасы; электрлік қауіпсіздік негіздері; өртке қарсы қорғаныс: заттардың жануы және жарылу қаупі қасиеттері; өртті сөндіру құралдары мен тәсілдері; кәсіпорындарда өрт күзетін ұйымдастыру. | Білімдер: - еңбекті қорғау жөніндегі заңнама негіздерін; - тиімді жұмыс жағдайларын жасау бойынша іс-шараларды, өндірістік жайларға және жұмыс орындарына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптарды; - электрлік қауіпсіздік негіздерін және электр тогымен жарақаттанудан қорғау шараларын, жазатайым жағдайларда зардап шегушілерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету жөніндегі негізгі медициналық мәліметтерді. Іскерліктер: - еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманы пайдалану; - өндірістің қарамағындағы учаскеде жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру; - жазатайым жағдайларға зерттеу жүргізу және Н-1 формасы бойынша акт рәсімдеу; - технологиялық процестер мен жабдықтың қауіпсіздік параметрлерінен ауытқуын және бұзылуын анықтау; - адамға кері әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторларды бағалау; - ағымдағы және кезеңдік нұсқаулық өткізу, қауіптілігі жоғары жұмыстарға жоғары рұқсат-наряд рәсімдеу; - жазатайым жағдайда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету. | БҚ 4,6,7,9 КҚ 3.2.2 |
АП 06 | Экономика және өндірісті басқару. Мұнай және газ өндіру кәсіпорындары, оны нарықтық экономика жүйесінде басқару: өнеркәсіптің салаға бөлінуі; нарықтық экономика жүйесіндегі кәсіпорын; мұнай және газ өндіру кәсіпорындарын басқару негіздері; кәсіпорын қызметкерлерін басқару; мұнай және газ өндіру кәсіпорындарының өндірістік қызмет факторлары: мұнай және газ өндіру кәсіпорындарының мүлкі; кәсіпорындардағы жаңалықтар мен инвестициялар; мұнай және газ өндіру кәсіпорындарын басқарудың экономикалық механизмі: техникалық нормалау негіздері; еңбек өнімділігі; еңбек төлемі және ұйымдастыру; фирмаішілік жоспарлау; кәсіпорынның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі; жалға алу, лизинг, франчайзинг; өндіріс шығындары, табыс және кіріс; мұнай өндіру өндірісінің рентабельділігі; мұнай және газ өндіру кәсіпорындарының өндірістік-шаруашылық қызметін есепке алу және талдау. | Білімдер: - мұнай және газ өндіру кәсіпорындарын басқару негіздерін; олардың құрылымын; кәсіпорын құрамын, қозғалысын және мүлкін есепке алуды; - еңбекті ұйымдастыру және еңбекақы төлеу саласында кәсіпорындарды басқаруға экономикалық механизмнің ықпалын; - мұнай және газ өндіру кәсіпорындарындағы есеп және есеп беру түрлерін; - мұнай және газ өндіру кәсіпорындарының өндірістік-шаруашылық қызметіне талдау жасау негіздерін. Іскерліктер: - салалық кәсіпорынның өндірістік сипаттамасына бейімделу; - мұнай және газ өндіру кәсіпорындарының құрылымына бейімделу; - әрбір қызметкердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, өндірістік ұжым қалыптастыру; - кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдаланатын көрсеткіштерге және мүлік қозғалысының көрсеткіштеріне есептеу жүргізу; - инновациялардың ақпараттық ағымдарына бейімделу; - кәсіпорын табыстарының барлық түрлерін және тиімділігін анықтау; - кәсіпорын қызметінде экономикалық талдау нәтижелерін қолдану. | БҚ 7,10 КҚ3.2.3 |
АП 07 | Басқарудың автоматтандырылған жүйелерін баптау. Автоматтандырылған жүйелерді баптау жұмыстарын жүргізуге дайындау және ұйымдастыру: автоматтандырылған жүйелерді баптау жұмыстарын жүргізуге дайындау және ұйымдастыру; сенімділік туралы ұғым; іске қосу-баптау жұмыстарына арналған аспаптар мен құрылғылар; автоматтандыру жүйелерінің байланыс желілері мен сымдарын баптау: технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелерінің сұлбалары мен сымдарын баптау кезінде жұмыстарды ұйымдастыру; сымдар мен кабельдердің бүлінген жерін анықтау; технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелерінің сұлбалары мен сымдарын баптау кезіндегі жұмыстардың құрамы; температураны өлшеу жүйелерін баптау: температураны өлшеу жүйелерін баптау жұмыстарының құрамы; монтаждау алдындағы тексеру және манометриялық жылу түрлендіргіштермен өлшеу жүйелерін баптау; ақаулылықтар диагностикасы; қысымды, шығынды және деңгейді өлшеу жүйелерін баптау: қысымды өлшеу жүйелерін және құрылғыларын баптау; ақаулықтар диагностикасы; шығын мен деңгейді өлшеу жүйелерін және құрылғыларын баптау: қысым мен разрядталуды өлшеу жүйелерін және құрылғыларын баптау жұмыстарының құрамы; ақаулықтар диагностикасы; заттардың құрамы мен мөлшерін өлшеу жүйесін баптау: автоматтық реттеуіштер мен атқарушы механизмдерді баптау; технологиялық процестерді реттеудің автоматтық жүйелерін баптау; сигнал беру және шектеу жүйелері мен құрылғыларын баптау; автоматтандырылған жүйелердің басқарушы есептеу жинақтарын баптау. | Білімдер: - автоматтандырылған жүйелерді баптау жұмыстарының міндеттері мен мақсаттарын; - автоматтандырылған жүйелерді баптауға арналған техникалық құжаттаманың құрамы мен мазмұнын; - автоматтандырылған жүйелерді баптауға арналған құрылыс нормалары мен ережелерін; - автоматтандырылған жүйелердің баптау жұмыстарын жүргізуге қажетті жабдықтарды, айлабұйымдар мен құралдарды; - өлшеу және автоматтандыру құралдарын монтаждау алдында тексеру әдістерін; - технологиялық бақылау мен автоматты басқару жүйелерін баптауды және жұмысқа қосу әдістерін; - автоматтық реттеуіштерді баптаудың тиімді параметрлерін есептеуді және анықтау әдістерін, автоматтық реттеу жүйелерін баптау, технологиялық сигнал беру, қорғаныс және шектеу жүйелерін. Іскерліктер: - автоматтандыру жобасының сызбаларын және басқа да құжаттамаларды оқу; - жұмыс күшіне, материалдар мен жабдықтарға қажеттілікті анықтау; - автоматтандырылған жүйелерді монтаждау алдындағы тексеруге және баптауға арналған үлгідегі аппаратураға таңдау жүргізу; - электр сымының және құбыр сымдарының дұрыс монтаждалуына тексеру жүргізу; - электр сымын және құбыр сымдарын сынау; - аспаптардағы ақаулылықтарды анықтау. | БҚ 5,7,9 КҚ 3.2.1 |
АП 08 | Автоматтық реттеу. Автоматтандырылған жүйелердің элементтері: автоматтандырылған жүйе элементтерінің жалпы сипаттамалары; электр механикалық элементтер; ферромагниттік элементтер; пневматикалық және гидравликалық элементтер; атқарушы механизмдер (электрлік, пневматикалық, гидравликалық); реттеуші органдар; автоматтық реттеу теориясының негіздері: автоматтық реттеудің негізгі ұғымдары мен анықтамалары; автоматтық реттеу жүйелерінің типтік динамикалық буындары; реттеудің автоматтандырылған жүйелері (РАЖ); реттеудің автоматтандырылған жүйелерінің беріктігін талдау (РАЖ); реттеу процестерінің сапасын талдау; автоматтық реттеуіштер: автоматтық реттеуіштердің типтері мен сипаттамалары; тура әрекетті автоматтық реттеуіштер; электрлік позициялық реттеуіштер; "Контур" приборлары мен құрылғыларының жиынтығы; "Каскад-2" микроэлектронды базадағы реттеуіш және функционалдық оқшаулау жиынтығы; пневматикалық реттеуіштер; экстремалды реттеу; реттеуіш түрін таңдау және параметрлерін баптау; технологиялық процестерді басқару жүйесіндегі микропроцессорлар; технологиялық процестерге арналған микропроцессорлық бақылау және реттеу құралдары. | Білімдер: - автоматтандырылған жүйе элементтерінің жалпы сипаттамаларын; - автоматтық реттеу теориясының негіздерін; - автоматтық реттеуіштердің типтері мен сипаттамаларын; - бақылау мен реттеудің микропроцессорлық құралдарын. Іскерліктер: - абсолюттік статикалық, қатыстық және келтірілген қателіктерді анықтау; - қарапайым релелік басқару сұлбаларын оқу; - магниттік күшейткіштердің сипаттамаларын зерттеу кезінде алған білімдерін қолдану; - автоматтық реттеу жүйелерін жобалау кезінде алған білімдерін қолдану; - автоматтық реттеу жүйелерінің құрылымдық сұлбаларын моделдеу; - практикалық жолмен қисық екпіннен параметрлерін пайдаланып, реттеу объектілерінің теңдеуін құру; - буындар мен жүйелердің жиілік сипаттамаларын құру; - төртінші реттегі реттеудің автоматтандырылған жүйелерін беріктікке есептеу; - реттеу сапасын Наквист және Михайлов критерийлері бойынша бағалау; - әртүрлі типті реттеуіштердің салыстырмалы сипаттамасын жасау; - зерттелген реттеуішті пайдаланып, реттеу контурының құрылымдық сұлбасын жасау; - автоматтандырылған жүйелерді жобалау кезінде микропроцессорлық жүйелерді қолдану; - ТПА функционалдық сұлбаларына өнеркәсіптік роботтарды енгізу. | БҚ 5,7,9 КҚ 3.2.1 |
АП 09 | Автоматтандырылған жүйелерді монтаждау және пайдалану. Технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелерін жобалау; монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру; жобалық құжаттаманың құрамы; жобалау сатылары: жоба материалдары; автоматтандырылған жүйелердің монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру туралы жалпы мәліметтер; өндірісті монтаждау жұмыстарына дайындау; монтаждау ұйымдарының өндірістік базалары; индустриалды монтаж; монтаждау жұмыстарының ұйымдастырушылық-техникалық деңгейінің көрсеткіштері; автоматтандырылған жүйелерді монтаждау: монтаждау жұмыстарының сапасын қамтамасыз етуде стандарттаудың рөлі; құбыр сымдарын дайындау және монтаждау; электр сымдарын монтаждау; байланыстың талшықты-оптикалық желілерін монтаждау; қалқандар мен пульттарды монтаждау; температураны өлшеу жүйелерін монтаждау; қысым мен разрядталуды өлшеу жүйелерін және құрылғыларын монтаждау; шығынды өлшеу жүйелерін және құрылғыларын монтаждау; деңгейді өлшеу жүйелерін және құрылғыларын монтаждау; заттың құрамы мен мөлшерін өлшеу жүйелерін монтаждау; автоматтық реттеуіштерді монтаждау; атқарушы механизмдер мен реттеуші органдарды монтаждау; басқарушы есептеу кешендерін монтаждау; автоматтандыру жүйелерін пайдалану және жөндеу: цехтың құрылымы, міндеттері және функциялары; БӨАжәнеА; автоматтандыру жүйелерін пайдалану қызметтерінің өзге де қызметтермен және ұйымдармен өзара қарым қатынастары; БӨА және А цехының зертханалары мен шеберханаларын ұйымдастыру; техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының мазмұны мен кезеңдігі; өлшеу құралдары мен автоматтандыру жүйелерін пайдалану; аспаптар мен реттеуіштерді жөндеу: температураны өлшеу аспаптарын жөндеу және реттеу; қысым аспаптарын жөндеу және реттеу; шығын аспаптарын жөндеу және реттеу; деңгей аспаптарын жөндеу және реттеу; заттың құрамы мен мөлшерін өлшеу аспаптарын жөндеу және реттеу; реттеуіштер мен реттеу аппаратурасын жөндеу және реттеу. | Білімдер: - автоматтандырылған жүйелерді монтаждауға арналған жобалық құжаттаманың құрамы мен мазмұнын; - автоматтандырылған жүйелерді монтаждаудың озық әдістерін; - автоматтандырылған жүйелерді монтаждау, пайдалану және жөндеудің негізгі сұрақтарын; - БӨА мен А цехының міндеттері мен функцияларын; - жеке уческелер мен топтардың белгіленуін; жүргізілетін жұмыстардың көлемін; БӨА мен А цехтары зертханалары мен шеберханаларында жүргізілетін жұмыс түрлерін; - БӨА және А зертханалары жайларына қойылатын талаптарды; - техникалық қызмет көрсету, бақылау және автоматика жүйелерін жөндеу және баптау жөніндегі жұмыстардың кезеңдігі мен мазмұнын. Іскерліктер: - қалқандар мен пульттардың жалпы түрлерінің сызбаларын, сыртқы сымдар жалғанымдарының сұлбаларын, жабдық пен сымдардың орналасу жоспарларын оқу; - жұмыстарды жүргізу жобаларын жасау; - құбыр сымдарын жинау; - құбыр сымдарын монтаждаудың техникалық шығыс құжаттамасын оқу; - электр сымдарын ұштауды, жалғауды, қосуды және таңбалауды орындау; - монтаждау жұмыстарында айлабұйымдарды дұрыс пайдалану; - қалқанның коммутациясын орындау; - сымдарды жалғау және ауыстырып қосу кестелерін құру; - температураны өлшеу жүйелерінің жалғастырушы желілерді таңдау; - импульсті жалғастырушы желілерін таңдау; - аспаптарды орнатуға арналған бірегей типтік конструкциялар; - шығынды өлшеу жүйелеріне арналған импульсті желіні таңдау; - деңгей өлшеуіштерді орнатуға арналған төсеу конструкцияларын таңдау; - реттеуші органдарға бөлшектеу жүргізу және әртүрлі атқарушы механизмдерін монтаждау; оларды жобалық құжаттамаға сәйкес іске қосу; - аспаптар мен реттеуіштердің ақауларын жою; - аспаптар мен реттеуіштердің жеке бөлшектерін және тетіктерін ауыстыру. | БҚ 1,2,3,5,7,9 КҚ 3.2.1 |
АП 10 | Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру. Технологиялық процестерді автоматтандыру жөніндегі жалпы мәліметтер: технологиялық процестер; негізгі ұғымдар мен анықтамалар; жалпы зауыттық қондырғыларды автоматтандыру; қағидалық сұлбаларға техникалық құжаттама: технологиялық процестерді автоматтандыруды сұлбаларын құру қағидасы; басқару және сигнал беру сұлбаларын құру қағидасы; компрессорлық станцияларды автоматтандыру; сорғы станцияларын автоматтандыру; өнеркәсіптік тазарту құрылыстарын автоматтандыру; қазандық қондырғыларды автоматтандыру; желдету жүйелерін және ауаны баптау қондырғыларын автоматтандыру; суықпен және жылумен жабдықтау қондырғыларын автоматтандыру; саланың технологиялық процестерін автоматтандыру: домналық және болат балқыту өндірісін автоматтандыру; өндірісті басқаруды автоматтандыру: басқарудың автоматтандырылған жүйелері; телемеханика жүйелері туралы ұғым; робот техникасы: өнеркәсіптік роботтарды әзірлеу және жасау; бейімді автоматтандырылған өндірісте (БАӨ) роботтарды пайдалану. | Білімдер: - зерттелетін процестердің технологиясы мен жабдықтың жұмыс режимдерін; - автоматтандыру жүйелеріндегі апаттық және технологиялық қорғанысты, шектеуді; - бағдарламамен басқарылатын манипуляторлардың (роботтардың) құрылғысы мен қолданылуын. Іскерліктер: - автоматтандыру процестері мен объектілерін жіктеу; - автоматтандырылған электржетегінің сұлбаларын оқу, технологиялық сигнал беруді реттеу, қозғалтқыштар мен атқарушы механизмдерді басқару; - әртүрлі технологиялық процестердің параметрлерін реттеу контурларын құру; - компрессорларды басқару және агрегаттарды қорғау сұлбаларын оқу; сорғыларды басқару және резервті енгізу сұлбаларын оқу; - өнеркәсіптік ағындарды бейтараптандыру станцияларын автоматтандыру кезіндегі реттеу контурларын құру; - технологиялық процестерді автоматтандырудың функционалдық сұлбасын оқу; автоматика аспаптары мен құралдарын таңдау; - сандық және цифрлық бағдарламалық басқару сұлбасын оқу. | БҚ 1,2,3,5,7,9 КҚ 3.2.1 |
Өндірістік оқыту және кәсіптік практика
Циклдің (пәннің) индексі | Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері | Қалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдылар | Қалыптасатын құзыреттер коды |
---|---|---|---|
ӨО 01 | Оқу практикасы. Материалдарды слесарлы-механикалық өңдеу; қауіпсіздік техникасы және өнеркәсіптік санитария; технологиялық өлшеу негіздері; жазықтықтық таңбалау; материалдарды қию; металдарды кесу; дайындамаларды түзету және ию; егеу; бұрғылау және үңгілеу; бұранда кесу; сымдарды қалайылау; электр монтаждық жалғанымдарды дәнекерлеу; сымдарды тарқату, жалғау, тарамдау және ұштау; радио элементтерімен жұмыс жасау; баспалы монтаждауда электр монтаждау жұмыстары; активті және реактивті энергияны өлшеуге арналған үш фазалы есептеуіштерді қосу; ток пен кернеудің өлшеу трансформаторларын тексеру; реттеу және жүктеу құрылғылары; асинхронды қозғалтқыштардың құрылғысы; автоматтық ажыратқыштар және балқымалы сақтандырғыштар; магниттік іске қосқыштар; басқару батырмалары, ауыстырып қосқыштар, соңғы ажыратқыштар; жылу релесінің құрылғысы; электр жарығын басқару сұлбаларын құрастыру және жинақтау. | Іскерліктер: - сызғышты, штангенциркульді, деңгейді, бұранда өлшеуішті, щуптарды қолдану; - таңбалау құралдарын пайдалану; - металды егеумен кесу; - қысқыштарда, плитада немесе наковальнада металды шабу; - құбыр игіштерде құбырды ию; - егеуді қолдану; - бұрғылау және үңгілеу; - бұранда кестесін пайдалану; - сұлбаларды жинау; - тізбек бөлігінде болатын ток пен кернеуді есептеу; - ток пен кернеуді реттеуде қолданылатын реостаттарды есептеу және таңдау. Дағдылар: -трансформатор орамдарының полярлылығын анықтау; - кедергінің температуралық коэффициентін анықтау; - аспаптар мен аппараттарды қоректендіру сұлбасында ажыратқыштар мен сақтандырғыштарды қосу; - реверсивті емес магниттік іске қосқыштардың жұмысын тексеру; - ауыстырып қосқыш түйіспелерінің тұйықталу диаграммасын құру; - қарапайым басқару сұлбасын жинақтау және электрлік жарықтандырумен тексеру; - монтаждау жұмыстарын және материалдарды слесарлық өңдеу жұмыстарын орындау. | БҚ4,6,7,9,10 КҚ 3.2.1 КҚ 3.2.2 КҚ 3.2.3 |
ӨО 02 | Оқу-өндірістік практика. Электр механикалық релені және логикалық сұлбаны жөндеу; аппараттар мен тетіктерді монтаждау; қалқанды рәсімдеу; сигнал беру сұлбаларын зерттеу, жинау және сынау; реттеу сұлбасын зерттеу, жинау және сынау; резервті автоматты енгізетін қоректендіру сұлбасын зерттеу, жинау және сынау; сорғыны басқару сұлбасын зерттеу, жинау және сынау; асинхронды қозғалтқышты басқару сұлбасын монтаждау, баптау және сынау; резервті қозғалтқышты енгізу сұлбасын жинау және сынау; ағынды-көлік жүйесін іске қосып басқару сұлбасын жинау және сынау; температураның алғашқы өлшеу түрлендіргіштерін жөндеу; қысым мен разрядталу аспаптарын жөндеу. | Іскерліктер: - аспаптардың конструктивті ерекшеліктеріне қарай орнату тәсілдерін таңдау; - аппаратураға, қалқанды рәсімдеу қысқыштары мен тетіктерінің оқшаулауына монтаждауды жүргізу; - параметрлердің технологиялық сигнал беру сұлбаларының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою; - технологиялық параметрлерді реттеу сұлбаларының жұмыс режимдері; - резервті қозғалтқышты енгізумен қоректендіру сұлбасын жинауды және сынауды орындау; - стендте сорғыны басқару сұлбасының аппаратурасына монтаждауды орындау; - принциптік электр сұлбаларын оқу; - резервті қозғалтқышты енгізу сұлбасының тізбектеріне таңбалауды орындау; - істен шығу диагностикасын орындау; - іске қосылу сұлбасын оқу; - резервті қозғалтқышты енгізу сұлбасын оқу; - серіппелі түтікті манометрге жөндеуді орындау; иінтіректі берілістері бар манометрлерді жөндеу. Дағдылар: - қалқанша ішіне электрлік және түтікті сымдарды төсеу; - монтаждық-коммутациялық сұлбаларды құру; - асинхронды қозғалтқышпен басқару сұлбасын жинау және сынау; - резервті қозғалтқышты енгізу сұлбасын жинау және сынау; - автоматты басқару жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу; - қозғалтқышпен басқару сұлбасына монтаждау және баптау бойынша жұмыстарды орындау. | БҚ4,6,7,9,10 КҚ 3.2.1 КҚ 3.2.2 КҚ 3.2.3 |
КП 03 | Технологиялық практика. Кіріспе әңгіме; практиканың мақсаттары мен міндеттері; кәсіпорынға рәсімделу; қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық; учаскелерге бөліну; кәсіпорынмен жалпы танысу; кәсіпорынға саяхат; БӨА және А цехының (қызметінің) құрылымы; бақылау және автоматтандыру жүйелеріне техникалық қызмет көрсету (жөндеу, монтаждау және баптау) жөніндегі өндірістік бригададағы жұмыс; цехтың бақылау және автоматтандыру жүйелерінің, аспаптарды пайдалану және жөндеу қызметтерінің технологиялық процестері мен жұмысын зерттеу; кәсіпорында жинақталған материалдарды қорыту, күнделік жүргізу. | Іскерліктер: - функционалдық, принциптік және монтаждық сұлбаларды оқу; - жұмыстарды орындауға наряд толтыру; - жұмыстардың көлеміне ведомость құру. Дағдылар: -автоматтандырылған жүйелерге қызмет көрсету; - аспаптар мен реттегіштерді жөндеу; - құбыр және электр сымдарын, аспаптарды, қалқан ішіндегі аппаратураларды монтаждау. | БҚ4,5,6,7,9,10 КҚ 3.2.1 КҚ 3.2.2 КҚ 3.2.3 |
КП 04 | Диплом алдындағы практика. Кіріспе әңгіме; практиканың мақсаттары мен міндеттері; практикаға рәсімделу; қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық; жұмыс орнымен танысу; шебер дублерінің міндеттерін орындау; өндірістік саяхаттар; материалдарды қорыту және есеп беруді рәсімдеу. | Іскерліктер: - аспаптарды техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге құжаттамалар рәсімдеу; - жұмыстарды орындауға нарядтар рәсімдеу және жабу; - жұмыс орнында нұсқаулық өткізу. Дағдылар: - дипломдық жобаға мәліметтер жинау; - техникалық құжаттаманы рәсімдеу. | БҚ4,5,6,7,9,10 КҚ 3.2.1 КҚ 3.2.2 КҚ 3.2.3 |
Ескерту
1-кесте Базалық құзыреттер
Құзырет коды | Базалық құзыреттер |
---|---|
БК 1 | Өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңызын түсіну, оған тұрақты қызығушылық таныту; |
БК 2 | Кәсіптік жағдайға жүйелі әрекет ету, өзінің іс-әрекетін талдау, жобалау, белгісіздік жағдайында өз бетімен әрекет етуге қабілетті болу; |
БК 3 | Кәсіптік қызметі саласында орындалатын жұмысқа жауапкершілік таныту, мәселелерді өз бетімен және тиімді шешу; |
БК 4 | Құқықтық норма негізінде кәсіптік қызметті ұйымдастыруда практикалық міндеттерді шешу, кәсіптік лексиканы меңгеру; |
БК 5 | Өз еңбегін ғылыми ұйымдастыру, кәсіптік қызметі саласында компьютерлік техниканы қолдану; |
БК 6 | Әріптестермен жағымды қарым-қатынас жасау және ынтымақтаста болу; |
БК 7 | Кәсіптік деңгейін жоғарлату, жаңа білімдерді иегеру; |
БК 8 | Өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі шығармашылық жетілдіруге нық талпыну; |
БК 9 | Тиімді жұмыс тәсілдерін және жұмыс орнында еңбегін ұйымдастыру тәсілін қолдану; |
БК 10 | Материалды үнемді шығандау, жабдықтар мен құрал-саймандарды ұқыпты ұстау. |
2-кесте Кәсіптік құзыреттер
Біліктілік | Кәсіптік құзыреттер (КҚ) |
---|---|
130202 3 – Электромеханик | КҚ 3.2.1 Өздігінен міндеттерді анықтауды, бағынышты қызметкерлермен норманы ұйымдыстыруды және бақылауды орындауды қарастыратын технологиялық процестерді іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметін жүзеге асыру: - технологиялық регламентке сәйкес өндірістік учаскеде жұмысты ұйымдастыру; - ақаулар мен апаттардың себептерін анықтау және оларды жою; - орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау; - техникалық сызбалар мен сұлбаларды оқу және әзірлеу; - кәсіпорын бейіні бойынша негізгі және қосалқы жабдықтардың автоматика жүйесі мен технологиялық бақылау жүйесін пайдалану; - кәсіпорын бейіні бойынша бақылау, өлшеу, технологиялық параметрлерді автоматты реттеу, технологиялық қорғау, сигнал беру және шектеу, электржетегі, қашықтан басқару және автоматтандыру құралдарын орнату, тексеру, жөндеу және баптау жүргізу; - импульсті және жалғастырушы желілерді, өлшеу түрлендіргіштерін, қайталама аспаптарды және автоматтандыру құралдарын жөндеу; - жаңа технология элементтерін, кәсіптік қызмет объектілерде алдыңғы қатарлы тәжірибені қолдану; - өндірістік учаскелерде электржабдықтарының сенімді, қауіпсіз, үнемді жұмысын қамтамасыз ету; - өндіріс талаптарына сәйкес электртехникалық материалды таңдау. КҚ 3.2.2 Бағынышты қызметкерлердің қызмет нәтижелері үшін; өзінің және өзгенің қауіпсіздігі үшін; қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарды орындауда жауапкершілік алу: - жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды орындау; - өндірістің экологиялық қауіпсіздік талаптарын және қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау; - электр тогынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету; - өндірістік жарақаттану себептерін талдау; - өндірістік учаскелерде жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету; - қауіпсіздік техникасы ережелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру; - жөндеу және монтаждау жұмыстарының сапасын бақылауды жүзеге асыру; - жұмыс орнында нұсқаулық өткізу. КҚ 3.2.3 Жұмыс жағдайларына өз бетімен талдау жүргізуді талап ететін әр түрлі үлгілік тәжірибелік есептерді шешу: - өндірістік бөлімше қызметінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу; - өндірістік қызметтің тиімділігін бағалау; - автоматтық басқару, реттеу және қорғаныс жүйелерін бақылау аспаптарын монтаждау, баптау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, пайдалану жөніндегі техникалық құжаттамаларды рәсімдеу; - жаңа автоматты басқару аспаптары мен жүйелеріне технологиялық процестермен сынау жүргізу, олардың параметрлерін өлшеу; - кәсіптік міндеттерді шешуде ақпараттық технологияларды қолдану; - кәсіптік қызмет саласында бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру. |
Қысқартулар мен белгілер
МЕМСТ –мемлекеттік стандарт ЭЕМ-электронды есептегіш машина ТПБАЖ- Технологиялық процестердi басқарудың автоматты жүйесi ӨЖ-өлшеу жүйесі ЖЖ-жедел жүйе ӨАБЖ- Өндірісті автоматты басқару жүйесі ТТМ -тұрақты ток машиналары АРЖ-автоматы реттеу жүйесі ҚТ-қысқа тұйықталу ПӘК-пайдалы әсер коэффициенті АМЖ-Автоматтандырудың мемелекеттік жүйесі ЕҚ-есте сақтау құрылғылары | ЖЕҚ-жедел есте сақтау құрылғысы ТЕҚ-тұрақты есте сақтау құрылғысы НТҚС-негізгі төмендеткіш қосалқы станциялар ЕҚСЖ-еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі БӨА-бақылау өлшеу аспаптары ЭЖ-электржетек ЭЖ АБЖ- электржетек автоматты басқару жүйесі ЭҚК-электр қуаты коэффициенті ЭЕМ-электронды- есептеуіш машина |