Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ 384 бұйрығына 368-қосымша
“Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)” мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары
Кәсіптік практика және циклдер бойынша білім беретін бағдарламалар мазмұны (9-шы сынып негзінде)
Жалпы гуманитарлық пәндер
Циклдің (пәннің) индексі | Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері | Қалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдылар | Қалыптасатын құзыреттер коды |
---|---|---|---|
ЖГП 01 | Кәсіптік қазақ тілі Кәсіптік қазақ тілі кәсіптік терминдерді, есептеуіш техникасы жабдықтары мен IT технологиясын бағдарламамен қамтамасыздандыру терминдерінің маңызын оқытады. Кәсіптік және конструктивті қарым-қатынас. | білімдер: -ҚР тілдер туралы заңды; -кәсіптік терминдерді, практикада қолдану маңызын; іскерліктер: -жазбаша, ауызша сұрақтарға дұрыс жауап беру, кәсіптік терминдерді практикада қолдану; -техникалық,технологиялық және конструкторлық құжаттарды қазақ тілінде сауатты құрастыру,техникалық құжаттарды толтыру; | БҚ1, БҚ3 |
ЖГП 02 | Кәсіптік орыс тілі Кәсіптік орыс тілі кәсіптік терминдерді, есептеуіш техникасы жабдықтары мен IT технологиясын бағдарламамен қамтамасыздандыру терминдерінің маңызын оқытады. Кәсіптік және конструктивті қарым-қатынас. | білімдер: -кәсіптік терминдерді практикада қолдану маңызын; - конструктивті қарым-қатынасты орнату; іскерліктер: -жазбаша, ауызша сұрақтарға дұрыс жауап беру, кәсіптік терминдерді практикада қолдану; -техникалық, технологиялық және конструкторлық құжаттарды орыс тілінде сауатты құрастыру, техникалық құжаттарды толтыру; | БҚ1, БҚ3 |
ЖГП 03 | Кәсіптік шетел тілі Студенттердің өзі таңдаған мамандығы бойынша кәсіптік шетел тілінде сөйлеу, оқу, жазуды және сөйлеуді қалыптастырып дамытуды оқытады. Кәсіптік шетел тілінің мақсаты кәсіптік сферада мәдениет аралық коммуникативтік дағдысын дамыту. | білімдер: -бағдарлама бойынша анықталған жаңа лексика бірліктерінің маңызы мен мүмкіншілігін қолдану; іскерліктер: - техникалық мәтіндер мазмұнымен жұмыс істеу,оқу; -есептеуіш техникасына арналған грамматикалық-лексикалық арнайы сөздерді дұрыс аудару; -техникалық, технологиялық және конструкторлық құжаттарды ағылшын тілінде сауатты құрастыру және техникалық құжаттардың мазмұнын сауатты, түсінікті жазу; | БҚ1, БҚ3 |
ЖГП 04 | Дене тәрбиесі Студенттерді болашақ мамандықтарына бейімдеп психофизикалық түрде дайындап, денсаулығын сақтау үшін, спортпен шынықтыру және дене тәрбиесінде әртүрлі құралдарды қолданып, өзін-өзі жетілдіріп, қабылеттілігін бағыттап, тұлғаны қалыптастырады. | білімдер: -психофизикалық сапасын дамыту, кәсіптік қолданбалы іскерлігімен дағдыларын тәрбиелеу; іскерліктер: - икемділік, шапшаңдық, шыдамдылық, күштілік, тез қимылдау сапасын физикалық дамыту; -өзін-өзі жетілдіру және тәрбиелеу негіздерін, салауатты өмір сүру және денсаулығын сақтау негіздерін дамыту; | БҚ1, БҚ3 |
Әлеуметтік – экономикалық пәндер
Циклдің (пәннің) индексі | Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері | Қалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдылар | Қалыптасатын құзыреттер коды |
---|---|---|---|
ӘЭП 01 | Мәдениеттану Әртүрлі образды түрде мәдениеттің дамуын үйрету, олардың бір-бірімен байланысы мен тәуелділігін, тарихи мәдениет процесіндегі перспективалық өзгерістерін болжау, заңдар маңызын, мәдениет нормасын және даму заңдылықтарын,пайда болу көздерін,трансляциялауды және сақтауды оқытады. | білімдер: -әртүрлі мәдениеттің түсінігі туралы, философиялық концепциядағы мәдениет маңызы; -көп түрлі мәдениет процестерінің бүкіл әлемдік түрлеріндегі проблемаларды интегрлендіруді; іскерліктер: -мәдениет құбылыстарының және қоғамдағы процестерінің дамуын, өзгеруін қалыптастыру, талдау; | БҚ1, БҚ3 |
ӘЭП 02 | Философия негіздері Адамның қоршаған ортаға әсері, әлемдегі орны, заңдар туралы және қоғамдағы ойлау қабілеті. Заңды ойлау арқылы, студенттің ойлау дәрежесін жалпы өзара байланыстыруды үйрету. Адам цивилизациясында тарихи философиялық процесіндегі білімін қалыптастыру, әлемдік көзқарасты бағыттауды қалыптастыру. | білімдер: -деңгейі мен негізгі түсінігін,қоғамдағы ойлау заңдылықтарын, ғылымдағы ойлауды дамыту көз қарасын; іскерліктер: -қоғам мен табиғаттағы адам қарым - қатынасын шығармашылық ойлау тұрғысында тиімді дамыту; | БҚ1, БҚ3 |
ӘЭП 03 | Саясаттану және әлеуметтану негіздері Қоғамдық қарым-қатынастағы жүйелеу рөлі және орны. Қазіргі әлемдегі қолданбалы әлеуметтің, саясаттың рөлі мен орнын бүтіндей қалыптастыру. Негізгі идеяларды, концепцияларды, әдістерді, тәсілдерді, саясат пен әлеуметтік қызметтің процедураларын, талдау негіздерін, әлемдегі оқиғаларды ұлтаралық және халықаралық тұрғыда болжауды қалыптастыру. | білімдер: - ҚР және әлемдегі саясат процестерінің даму тенденциясы дәрежесі мен түсінігін; іскерліктер: -қазіргі әлемдегі болып жатқан оқиғаларға саяси баға беру және талдау; | БҚ1, БҚ3 |
ӘЭП 04 | Құқық негіздері Мемлекеттік және құқықтық заңдылықтарды, қоғамдағы даму тенденциясын, қазіргі заманғы заңнамалардың негізгі мазмұны мен маңызы. ҚР-дағы мемлекеттік билік жүйесі, құқық принциптері мен міндеттері, қоғамдағы саналы құқық мәдениетінің рөлі мен маңызы. | білімдер: -мемлекет пен құқық негіздері теориясы; -конституциялық құқық принциптерін, еңбек, азаматтық, қылмыстық, отбасылық, экологиялық, қарым-қатынастық құқықтар түсінігін; -адамның және азаматтың статусын, ҚР Конституциясын, сот органдар жүйесін, ҚР Президентінің, Үкіметінің, парламентінің функциясы туралы; -ҚР заңнамаларын жетілдіру тенденциясын, кәсіпкерлікті құқықты реттеу, салықтық заңнама негіздерін; іскерліктер: -қоғам мен құқықтың өзара байланысын материалды әлемдік бүтінділігін сипаттау; - заңды білімдерімен күнделікті практикаде дұрыс меңгеріп қолдану дағдыларын; | БҚ1, БҚ3 |
ӘЭП 05 | Экономика негіздері Мақсаты, негізгі түсініктері, құрылымы, маңызы, принциптері; жеке – меншік түрлері мен формалары,жеке – меншікті басқару; план түрлері және олардың негізгі кезеңдері, мазмұны, стратегиялық жобалау; экономикалық жоспарларды және болжап өңдеуді негіздеу әдісі; бизнес-жоспарлау; экономикалық талдау; бағдарламалық қамтамасыздандыру мен қызмет көрсетуде өнімнің нарықтық жағдайын талдау; нарықтық инфрақұрылым | білімдер: -экономикалық теорияның жалпы жағдайы; -мемлекеттегі және шетелдегі экономикалық жағдайлар; -макро және микроэкономиканың негізі, салықтық, кредитті- қаржылық, инвестициялық және әлеуметтік саясаты; іскерліктер: -кәсіптік әрекетіне қажетті бағдар ұстау үшін экономикалық ақпаратты пайдалану және табу; | БҚ 1, БҚ 3 |
Жалпы кәсіптік пәндер
Циклдің (пәннің) индексі | Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері | Қалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдылар | Қалыптасатын құзыреттер коды |
---|---|---|---|
ЖКП 01 | Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу Іс жүргізу туралы түсінік және корреспонденциялар, іс жүргізудің шығу тарихы, құжаттарды құрастыру әдісі,сипаттамасы,рәсімдеу ерекшеліктері, құжаттар құрамы, компьютерде құжаттау тәсілдері,еңбек қатынасын рәсімдеу,істер номенклатурасы, іс жүргізуді ұйымдастыру технологиясы. | білімдер: -қызметтік хаттар, құжаттарды құрастыру әдісі мен тәсілдерін; -құжаттарды рәсімдеу ережесін; -кіріс және шығыс корреспонденцияларын әртүрлі программада қолдану; іскерліктер: -ұйымдастыру және тарату құжаттарының жүйесін унификациялау; -құжаттар айналымы мен құжат ағымын ұйымдастыру жұмыстары; -құжаттарды есепке алу, сақтау және бақылауды есепке алу; | БҚ1,БҚ3 КҚ 3.3.15 КҚ 3.3.17 |
ЖКП 02 | Еңбек қорғау Еңбек қорғау заңы. Нормативті - құқықтық акті.Жұмыс орныжәне есептеуіш техникасын пайдаланудағы ерекшелігі. Есептеуіш техникасындағы кәсіптік аурулардың алдын алу жұмыстары. Дисплейге арналған қорғау фильтрі. Қолайлы еңбек шартын құру. Ақпараттық қызмет көрсету өндірісінде еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі. Өндірістік ақпараттық қызмет көрсетудегі электр қауіпсіздігі. | білімдер: -еңбек қорғау заңы; -нұсқаулықтар түрін; -электр қауіпсіздігінен қорғану түрлерін; іскерліктер: -жұмыс орнын дұрыс ұстау; -техника қауіпсіздігін және өрт қауіптілігін сақтау; - тазалық гигиеналық өндіріс нормаларын сақтау; | БҚ2 КҚ 3.3.1 КҚ 3.3.4 КҚ 3.3.11 КҚ 3.3.12 |
ЖКП 03 | Стандарттау, метрология және сертификаттау Метрология рөлі, стандарттау мен сертификаттау сапасын қамтамасыздандыру.Өлшем бірлігін қамтамасыздандыру негіздерін нормативті – құқықты ұйымдастыру.Өлшеу процестері және өлшеу ауытқушылығы. Нормативті – құқықты және стандарттау негіздерін ұйымдастыру.Стандарттау жүйесі.Сапаны қамтамасыздандыру стандарты. Нормативті – құқықты және сертификаттау негіздерін ұйымдастыру.Сертификаттау жүйесі. Өндірістік сапаны қамтамасыздандыру және басқару жүйесін сертификаттау. | білімдер: - нормативті – құқықты және стандарттау,сертификаттау және метрология негіздерін ұйымдастыру; өлшеу құралдары және оларды қолдану технологиясы; іскерліктер: -өндірілген әртүрлі өнімдерді сертификаттау; -өлшеу құралдарын пайдалану; -бағдарламалау өнімін сынақтан өткізуді сертификаттап бағдарлама құрастыру; | БҚ14 КҚ 3.3.15 |
ЖКП 04 | Электротехника Электротехника негіздері, үш фазалық жүйе және оның байланысы,айнымалы және тұрақты тоқтың синхронды және асинхронды машиналары, трансформаторлар, электр жетектері және олардың түрлері: электр құрылғыларын жөндеу және техника қауіпсіздігі. "Workbench,Электрик" бағдарламалары. | білімдер: -электротехника элементтерінің шартты белгіленуін; -электр схемаларын құрастыру принципін; іскерліктер: -"Электрик", "Workbench" бағдарламасында реалды электр схемаларын құру; -виртуальды тренажерда жұмыс істеу; | БҚ2, БҚ10, КҚ3.3.3 |
ЖКП 05 | Электрорадиоматериалдар және радиоэлементтер Электр материалдарының құрылысы туралы жалпы түсінік.Электр материалдарының жіктелуі.Өткізгіш материалдарының сипаттамасы, құрамы және қолдануы.Жартылай өткізгіш матариалдарды жалғау.Органикалық және органикалық емес диэлектрик материалдарының қасиеті.Магнитті материалдардың жіктелуі, негізгі сипаттамасы.Радиоэлементтердің шартты белгіленуі.Радиоэлементтердің сипаттамасы және қолданылуы. | білімдер: - радиоэлектроника және электротехника негіздері; -электрорадиоматериалдардың сандық мәліметтері; - электротехникада кеңінен қолданылатын электрорадиоматериалдардың электрлік құрылымы: өткізгіштік, магниттік, электроизоляционды және жартылай өткізгіш; іскерліктер: -радиоэлектроника аппаратурасында және байланыс желісінде қолданылатын электр материалдарын пайдалану; -радиоэлементтерді ажырату; | БҚ2,БҚ9, КҚ3.3.2 |
ЖКП 06 | Электрорадиоөлшеуіш Метрология маңызы. Электр өлшеуіш аспаптары. Электр шамаларын өлшеу. Дабылдарды өлшеу. Электронды аспаптар. Сандық аспаптар. Есептеуіш техникасы құрылғыларын өлшеу параметрлері. | білімдер: -электр тізбегі параметрін өлшеу әдісі; -электронды аспаптардың маркілерін; іскерліктер: -электр радио аспаптарын пайдалану; - әртүрлі сипаттағы дабылдарды өлшеу; | БҚ2, КҚ 3.3.5, КҚ 3.3.9 |
ЖКП 07 | Электроника және импульсті техника Жартылай өткізгіш аспаптар.Электронды оптикалық фотоэлектрлік аспаптар. Электровакуум аспаптары. Электр дабылдарын күшейткіштер. Импульсті техника. | білімдер: жартылай өткізгіш аспаптар түрлері; импульсті техниканың маңызы іскерліктер: -импульсті құрылғыларды қолдану; - импульс дабылдарын есептеу; | БҚ 2, БҚ 10, КҚ 3.3.3 |
ЖКП 08 | Алгоритмдеу негіздері және бағдарламалау Алгоритм типтері. Бағдарламалау тілдері.Визуальды бағдарламалау.Бағдарламалау компоненттері.Процедуралар және функция. Файлдар.Графика.Мәліметтер базасының қосымшалары. | білімдер: -файлдарды жазу,жолдар, массивтерді өңдеу тәсілдері; -интегрленген бағдарламалау ортасындағы жұмыс; іскерліктер: - бағдарламалау алгоритмін құру; - бағдарламалау алгоритмінің компоненттерін қолдану; | БҚ 15, КҚ 3.3.14 |
ЖКП 09 | Есептеуіш техникасындағы автоматика Импульсті құрылғылар.Дискретті автоматика негіздері.Сандық құрылғылар. Электронды есептеуіш техникасы. | білімдер: импульс құрылғыларының түрлері; дискретті автоматиканың ерекшелігін; іскерліктер: -сандық құрылғыны қолдану; -импульс құрылғыларымен жұмыс істеу; | БҚ2,БҚ9, КҚ3.3.5, КҚ3.3.16 |
ЖКП 10 | Салалық экономика Нарықтық экономика негіздері. Өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру. Басқару қызметінің менеджменті.Бухесеп негізі. | білімдер: -нарық механизімінің принципі; -басқару әдісі; іскерліктер: -өндіріс жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру; -баланс есебін жасау; | БҚ1,БҚ4 КҚ 3.3.16 |
Арнайы пәндер
Циклдің (пәннің) индексі | Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері | Қалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдылар | Қалыптасатын құзыреттер коды |
---|---|---|---|
АП 01 | Микросхемотехника Есептеуіш құрылғысында арифметикалық және логикалық негіз құру.ДК да мәліметтерді беру форматтары.Мәліметтерді кодтау принципі. Микропроцессор техникасының элементтер базасын модельдеу. | білімдер: интегральды логикалық микросхема негіздерін; цифрлық схемаларды және микроэлектрондық құрылғылар мен микросхемотехникада сандық схемаларды жобалау негіздерін; іскерліктер: сандарды санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстырып, әртүрлі арифметикалық операциялар жүргізу; стандарт талаптары бойынша есептеу техникасы құрылғыларында принципиальды және функциональды түйін схемаларын құрастыру; | БҚ2,БҚ6, КҚ3.3.11 КҚ3.3.12 |
АП 02 | Операциялық жүйелер және бағдарламамен қамтамасыздандыру Операциялық жүйелер құрамы, функциясы, қолданылуы. Операциялық жүйелерді жүктеу. Операциялық жүйелер қосымшасы. Жүйелі бағдарламамен қамтамасыздандыру. Көп тұтынушы операциялық жүйелер. Windows қабықшасы. Бағдарламамен қамтамасыздандыру түрлері. Мәтіндік редактор. Электронды кесте. Мәліметтер базасы. Антивирус бағдарламалары. | білімдер: - операциялық жүйелер құрамы; - бағдарламамен қамтамасыздандыру түрлері. іскерліктер: -операциялық жүйелер функциясын анықтау; бағдарламамен қамтамасыздандыруды қолдану; мәтіндік редактормен жұмыс; электронды кестелерді құру; антивирус бағдарламасымен қамтамасыздандыруды орнату; | БҚ1,БҚ6, БҚ10, КҚ3.3.5, КҚ3.3.14 КҚ3.3.15 |
АП 03 | Электронды есептеуіш техника Есептеуіш техникасының суперскалярды архитектурасы. Есептеуіш техникасының сипаттамасы. МП құрылымы және оның бағдарламалау регистрлері. ЭЕТ жадысын ұйымдастыру. Үзілу жүйесі. Электронды есептеуіш техникасында тапсырмалар кезеңдерін орындау. | білімдер: есептеуіш техникасының архитектура түрлері; есептеуіш техникасының жады түрлерін; есептеуіш техникасының жұмыс істеу сипаттамасын; іскерліктер: қол жетімді регистрлерді қолдану; есептеуіш техникасының жұмыс принциптерін сипаттау; | БҚ13, КҚ3.3.1, КҚ3.3.4, КҚ3.3.14 |
АП 04 | Автоматтандырылған жобалау жүйесі Автоматтандырылған жобалау пакеті. АЖЖ техникалық құрылғылары. Автоматтандырылған жобалау жүйесінің ерекшеліктері мен жұмыс істеу принциптері. | білімдер: АЖЖ техникалық құрылғыларын белгілеу; АЖЖ жұмыс істеу принциптерін; іскерліктер: автоматтандырылған жобалау пакетімен жұмыс істеу; -АЖЖ техникалық құрылғысын қосу, орнату, қолдану; -АЖЖ бағдарламамен қамтамасыздандыруды инсталляциялау; | БҚ4,БҚ6, БҚ8, КҚ3.3.15 КҚ3.3.16 |
АП 05 | Электр қорегі Екінші қорек көздері. Операциялық құрылғының активті сүзгіштері. Тегістеуші сүзгіштер. Импульсті стабилизаторлар. Түзеткіштер. Стабилитрондар. | білімдер: ток түрлендіргіштер схемасы; сүзгіштердің жұмыс істеу принципі; стабилизатор құрылғылары; іскерліктер: түзеткіш токтың схемасын ажырату; сүзгіштермен жұмыс істеуді; тұрақтандырғыштар схемасын жинауды; | БҚ2,БҚ3, КҚ3.3.2, КҚ3.3.5, КҚ3.3.10 |
АП 06 | Есептеуіш техника жүйесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу ЕТЖ сенімділігі және жұмысқа қабілеттілігі. ЕТЖ жөндеу және қызмет көрсету жұмыстарын жоспарлау. ЕТЖ құрылғылары түйіндерін немесе істен шыққан детальдарын ауыстыру. | білімдер: -ЕТЖ жөндеу түрлері; -ЕТЖ механизм түрлерін; іскерліктер: ЕТЖ мен жұмыс істеуде техникалық ақауларды болдырмау; ЕТЖ техникалық қызмет көрсету жұмыс жоспарын құрастыру; | БҚ6,БҚ9, КҚ3.3.1, КҚ3.3.4, КҚ3.3.5, КҚ3.3.6, КҚ3.3.7 |
АП 07 | ДК-дің перифериялық құрылғылары Шығару – басу құрылғыларының типтері. Жазба құрылғылары. Индикаторлық құрылғылар. Олардың ерекшеліктері,қолдану облысы. | білімдер: -перифериялық құрылғылар маңызы; -индикаторлық құрылғылар түрлері; біліктілік: - перифериялдық құрылғыларды жұмыста қолдану; -шығару-басу құрылғыларында жұмыс істеу; | БҚ6,БҚ9, КҚ3.3.1, КҚ3.3.4, КҚ3.3.5, КҚ3.3.6, КҚ3.3.7 |
АП 08 | Есептеуіш кешендер, жүйелер мен желілер Мәліметтерді өңдеу жүйесін жіктеу. Желілердің функциясы және құрастыру принципі. Компьютерлік желілер. Локальді компьютерлік желілер.Корпоративті компьютерлік желілер. Есептеуіш кешендер,жүйелер. | білімдер: желі құру принциптері; локальді корпоративті желілер маңызы; іскерліктер: локальді корпоративті желілерді құру; есептеуіш кешендер мен жүйелерде жұмыс істеу; | БҚ6,БҚ9, КҚ3.3.1, КҚ3.3.4, КҚ3.3.5, КҚ3.3.6, КҚ3.3.7 |
Өндірістік оқыту және кәсіптік практика
Циклдің (пәннің) индексі | Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері | Қалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдылар | Қалыптасатын құзыреттер коды |
---|---|---|---|
КП 01 | Танымдық практикасы Тәжірибенің мақсаты мен міндеті. Мамандық және біліктіліктермен танысу. Өндіріс орнына профиль бойынша саяхат. Техника қауіпсіздігі. Танымдық тәжірибе бөлімдері мен тақырыптары оқу орнымен біліктілігіне сәйкес анықталады. Блок – схеманы құру. Колледж мамандықтарының пән аралық байланыстарына талдау және әлеуметтік серіктестер байланысы (Блокнот, WordPad, MS Word).Текстік редакторлар жұмысы мен талдау MS Word және MS Excel. Алгоритм және бағдарламалау түсінігі. Тапсырмаларды орындау. | іскерліктер: -мүмкіндігінше бағдарламаны талдау; -тапсырмаға сай блок-схеманы құру; дағдылары: -таңдалған мамандыққа бағытталу; -өндірістік тәжірибеде бағытталу; | БҚ 2, БҚ 6 КҚ 3.3.2 КҚ 3.3.5 |
КП 02 | Электротехника практикасы Электрлік сымның жиілік тоқта есептелуі. Әр- түрлі сипаттағы жүктемелі бір фазалық айнымалы ток тізбектері. Магниттік өріс, магниттік тізбектерді есептеу.Үш фазалық тізбектер және оны есептеу. | іскерліктер: -тармақталмаған және тармақталған схемалар параметрін есептеу әдістеріне белгілі формулаларды қолдану; -трансформатр коэффициентин есептеу; дағдылары: -магниттік үш фазалық токтын әдісін есептеу; -жиілік айнымалы электрлік ток тізбегін есептеу; | БҚ 6 КҚ 3.3.1 КҚ 3.3.12 |
КП 03 | Электроника және импульсті техника практикасы Анықталуы, жартылай өткізгіш құрылғылардың әрекет принципі және қондырғы; радиотехника параметрлерінің есептелуі. Электронды- оптикалық және бейне электрикалық құрылғылар. Электрлік вакумды құрылғылар. Электрлік дыбыстардың қосымшасы. | іскерліктер: -керекті құрылғыларды техникалық сипаттамасы бойынша дурыс таңдау жасау; -құрылғылар параметріне есеп жүргізу; дағдылары: -электрониканың дамуы негізгі этаптары; - қорғаушы және қосу аппаратураларының, құрылғыларының жұмыс істеу принципі, электр қондырғыларының құрылымдық маңызы; | БҚ 2 КҚ 3.3.3 КҚ 3.3.1 |
КП 04 | Микросхемотехника практикасы ДК мәліметтер форматы мен танысу.Мәліметтерді жою принцпі. Микропроцессорлық техника базасының элементін модельдеу.Тізбектелген схемотехника құрылғысы: триггерлер, регистрлар, санауыштар; аналогты- санды және санды -аналогты түрленгіштер. | іскерліктер: -құрылғылар мен түйіндер үшін элемент базасына таңдау жүргізу; -сандық схемаларды талдау және синтездеу; дағдылары: -ЕТ және электрониканың типтік түйіндерін құрудың арифметикалық және логикалық негіздері; -микропроцессор ұйымы және құрылымы; | БҚ 9,БҚ 15 КҚ 3.3.3 КҚ 3.3.4 |
КП 05 | Электр қорегі практикасы Электрлік қоректену құрылғысына жалпы түсінік, тізбектелу принципі, тегістеуші фильтр.Ток кернеуінің тұрақтандырғыштары, импульсті қорек көзі. | іскерліктер: -түзеткіш құрылғының әр-түрлі схемадағы жұмысын зерттеу; - ауысу процесін, түзету жүктеме жұмысын зерттеу; дағдылары: -әр түрлі жүктемедегі түрленгіштердің жұмыс түрлері; сүзгіш жұмысы, импульсті қоректену көзі жұмысы, қорек көздерінің тұрақтандырғыштары; - түрлендіргіш форманың токтағы схемасы; | БҚ 3, БҚ 13 КҚ3.3.8 КҚ 3.3.10 |
КП 06 | Есептеуіш кешендер, жүйелер мен желілер практикасы Желі типтері. Компьютерлік желілерді құру принциптері және технологиясы. Мәліметтердің сымсыз берілісі. Желідегі қауіпсіздік жұмысы. ОЖ MicrosoftWindows желі жұмысын күйіне келтіру әдістері | іскерліктер: -кәсіби қызметте есептеуіш жүйені пайдалану; -желілік қолданбалы бағдарламамен жұмыс; дағдылары: - ОЖ MicrosoftWindows желі жұмысын күйіне келтіру әдістері; -заманауи желілік технология; | БҚ 13, КҚ 3.3.14 |
КП 07 | Есептеуіш техника жүйесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу практикасы Техникалық қызмет көрсету ұйымы, ЕТЖ пайдалану және жоспарлы- алдын алу қызметінің әдісі. ЕТЖ модернизациялау және конфигурациялау. Желілік жабдықпен ЕТЖ құрылғысының істен шығуын болдырмау және диагностикалау,типтік алгоритмін табу | іскерліктер: -сервисті аппаратты қолдану, ЕТ және желілік жабдықтардың аппаратты құралдарының істен шығуын болдырмау және табу үшін тесттік, диагностикалық бағдарламалар; -ЕТ және олардың желілік негізінде жұмысқа қабілеттілігін қолдап іске асыру; дағдылары: -техникалық қызмет көрсету ұйымы; -аппараттағы істен шыққан қателіктердің түрлері; | БҚ 6, БҚ 12 КҚ 3.3.2 КҚ 3.3.5 |
КП 08 | Электрорадиомонтаждау практикасы Electronics Workbench компоненттері. Электр схемаларын модельдеу. Электромонтажды қосып жапсыру. Радиоэлементтерді монтаждау.Электр құрылғыларының құрылымын монтаждау. | іскерліктер: - Electronics Workbench бағдарламамен жұмыс; -электромонтаждау жұмыстарын жүргізу; дағдылар: -электр схемаларын модельдеу; -электр схемаларын жапсыру; | БҚ2,БҚ9, КҚ3.3.2 |
КП 09 | Электрорадиоөлшеуіш практикасы Electronics Workbench бағдарламасындағы компоненттерді өлшеу. Электрорадиоөлшеуіш аспаптарды жөндеу. Радиоэлемент параметрлерін өлшеу. Радиоэлементтер характериографы.Транзистор параметрін өлшеу. | іскерліктер: - электр өлшеу аспаптарымен жұмыс; - транзисторлар схемасын жинау, дағдылар: -радиоэлемент параметріне өлшеу жүргізу; - Electronics Workbench бағдарламасын қолданып, параметрлерді өлшеу; | БҚ2, КҚ3.3.5, КҚ3.3.9 |
КП 10 | Жұмысшы мамандығын алу практикасы "Саll орталығының операторы" Заңды және жеке тұлғалардың, кампаниялардың акциясы мен маркетингін жүргізу, тарифтік қызмет көрсету ақпаратын ұсыну және қоңырауларды қабылдау. Клиенттерге өз құзыреттілігінде шешілетін ағымды сұрақтарды және қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Абоненттерден тапсырыстарды қабылдау, ұсыныстарды қалыптастыру және клиенттермен байланысу топтарына бағыттау. | іскерліктер: - ҚР көтерме және жеке саудалар,салық төлеу,шаруашылық-қаражат қызметіндегі сұрақтары бойынша нормативті – құқықты және заңнамалық актілері; - этикет ережесі, өндірістегі жұмыстардың технологиялық ерекшеліктерін,ұйымдардың мәліметтер базасы; - ҚР еңбек туралы заңнама негіздері; дағдылар: - өрт қауіпсіздігі мен еңбек қорғау ережесі және талаптары; - өз қызметінде бекітілген есептеулерді ұйымдастырып дайындау; | БҚ 13, КҚ 3.3.1, КҚ 3.3.4, КҚ 3.3.14 |
КП 11 | Перифериялық құрылғылар практикасы ДК архитектурасы және негізгі блоктарының белгіленуі. Бағдарламамен қамтамасыздандыру аппаратын жаңалау және диагностикалау. Аналық плата жүйесінің құрылғылары. BIOS(шығару және басу базалық жүйесі). BIOS параметрлері. Бейне адаптер.Құру, түзету. Бейне карта параметрлері.Мониторлар. Сканерлер. Принтерлер. ДК жүйесіндегі компоненттерді диагностикалау және тестілеу. | іскерліктер: -негізгі блоктар жұмысын; -ДК архитектурасын ажыратуды; дағдылар: - ДК жүйесіндегі компоненттерді диагностикалау; - ДК жүйелік компоненттерін диагностикалау және тестілеу; | БҚ6,БҚ9, КҚ3.3.1, КҚ3.3.4, КҚ3.3.5, КҚ3.3.6, КҚ3.3.7 |
КП 12 | Бағдарламалау практикасы Бағдарламалау принциптері. Жоғарғы деңгейдегі бағдарламалау тілдері. Автоматтандырылған бағдарламалау. Бағдарламалау әдістері. | іскерліктер: -стандартты бағдарламалау түрлерін ажыратуды; - жоғарғы деңгейдегі бағдарламалау тілдерін қолдану; дағдылар: -бағдарламалаудың жасанды интеллектісін басқару; -нақты бағдарламаларды құрастыру(жеке тапсырмалар бойынша); | БҚ15, КҚ3.3.14 |
КП 13 | Желілік технологиялар практикасы Компьютерлік желілер. Желілік протоколдар. Ғаламдық интернет желілері. Желі қауіпсіздігі және қорғау. | іскерліктер: - компьютер желілерінің жұмыс істеу принципі; -Интернет желілерімен жұмыс; дағдылар: - желілік протоколдармен жұмыс істеу; -желілік жұмыс қауіпсіздігін сақтау; | БҚ6,БҚ9, КҚ3.3.1, КҚ3.3.4, КҚ3.3.5, КҚ3.3.6, КҚ3.3.7 |
КП 14 | Өндірістік технологиялық практикасы Есептеуіш техникасын құрастырудағы базалық элементтерді таңдау. Сандық сызбаларды талдау және синтездеу. Аппаратураға күтім жасау тәсілі және пайдалану процесінде сақтау. Компьютер техникасын бақылау, құру, реттеу және жөндеу. Ескірген компьютер жүйесін модернизациялау. | іскерліктер: -сандық схемаларды талдау және синтездеу жүргізу; -есептеуіш техникасына күтім жүргізу; дағдылар: -компьютер техникасын реттеу және жөндеу; -ДК- ны модернизациялау; | БҚ6,БҚ9, КҚ3.3.1, КҚ3.3.4, КҚ3.3.5, КҚ3.3.6, КҚ3.3.7 |
КП 15 | Диплом алды практикасы Есептеу техникасы жүйесінің перифериялық құрылғыларын жөндеу технологиялық процесін құрастыру.Есептеу жүйелері,кешендері және желілері бойынша материалдар жинақтау. | іскерліктер: -ПҚ жөндеу технологиялық процесін құрастыру; - нақты диплом жобаларын құрастыру; дағдылар: -дипломдық жобаны қорғауға материалдар дайындау; - дипломдық жобалардың нақты макетін дайындау; | БҚ6,БҚ9, КҚ3.3.1, КҚ3.3.4, КҚ3.3.5, КҚ3.3.6, КҚ3.3.7 |
Ескерту:
1 Кесте Базалық құзіреттер
Құзыреттер коды | Базалық құзыреттер (БҚ) |
---|---|
БҚ 1 | Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану; |
БҚ 2 | Электр қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігін сақтау; |
БҚ 3 | Кәсіптік біліктілікті модернизациялау және үздіксіз өз білімін жетілдіру қабілетін көрсету; |
БҚ 4 | Әртүрлі материалдардан алынған ақпараттарды бағалау және талдау, табу; |
БҚ 5 | Жобалау командасының мүшелерінің қызметін басқару (команда мүшелерімен бірлескен жұмыс); |
БҚ 6 | Жобаны құрастыру, басқару талаптары және техникалық проблемаларды жобалау және талдау; |
БҚ 7 | Әртүрлі жағдайдағы шығармашылық дағдыларын техникалық концепциясын теориялық түрде қолдану; |
БҚ 8 | Жоба масштабын, мерзімін, бағасын, жасалу сапасын,байланысын, жобалау дағдысын қолдану және басқару; |
БҚ 9 | Оқыстан болған іс – шараларды жоспарға сәйкес қабылдау және апаттық жағдайларды болдырмауды қарастыру; |
БҚ 10 | Әртүрлі операцияларды ұйымдастыру және күрделі техниканы, өзін – өзі басқаруды қолдану және жеке жауапкершілікті өз қолына алу; |
БҚ 11 | Жобаны жоспарлауға бағытталған басымдық жұмыстар және орындалу кестесі, өз уақытын басқару; |
БҚ 12 | Команда мүшелерінің технологиялық тұтынушылығына байланысы мен өз бетінше оқуын, дамуын бақылау; |
БҚ 13 | Есептеу техника компоненттерін тестілеу және күйіне келтіру, құру, алу, іздеу диагностика құралдарын әкімшілік басқару; |
БҚ 14 | Сапа стандартында көрсетілгендей өзінің және басқалардың жұмыс нәтижесін жауапкершілікпен қолға алу; |
БҚ 15 | Қосымша және бағдарламамен қамтамасыз ету құралдарын құрастыру сферасында білімін және тауарларды ұсынуда және қызмет көрсетудегі жеке дағдыларын,процестің жүйелік қауіпсіздігін басқару. |