Радиоэлектроника және байланыс бөлімі

«Радиоэлектроника және байланыс» бөлімінде 2022-2023 оқу жылында барлығы 258 студент білім алуда. 4S07140902 «телкоммуникациялық байланыс жүйелер технигі» біліктілігі бойынша – 50 студент, 3W07140901 «телекоммуникациялық жабдықтар мен байланыс арналарын элетрмонтаждаушы-реттеуші» біліктілігі бойынша – 42 студент, 130600 – «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының 1306093-1 «байланыс технигі» біліктілігі бойынша – 47 студент, 4S07310102 «техник – жобалаушы» біліктілігі бойынша  – 72 студент, 1418023 «техник – жобалаушы» біліктілігі бойынша  – 47 студент білім алуда. Бөлімде қарасты барлығы 11 топ.

«Радиоэлектроника және байланыс» бөліміне қарасты екі кафедра бар. «Радиоэлектроника және байланыс» кафедрасында 16 оқытушы жұмыс істейді. Ал «әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасында 9 оқытушы жұмыс істейді.

Шымкент қаласы білім басқармасы Политехникалық колледжінің «Радиоэлектроника және байланыс» кафедрасы көптеген өндірістік-мекемелермен тәжірибе алмаса отырып, дөңгелек үстел конференциясын ұйымдастырады. Атап айтқанда: «Шымкент сигнализация және дистанция» АҚ, «Қазтелерадио» АҚ, «Связьмонтажстрой» ЖШС, «Алтимус» ЖШС. Осы аталған өндірістік мекемелерде біздің студенттер өндірістік практидан өтуде. Сонымен қатар келісім шарттағы өндіріс орындарымен келісілген, талқылаған және тәжірибе алмасқан түрде оқу-жұмыс жоспары түзіліп бекітіледі.

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» «радиоэлектроника және байланыс» бөлімінің студенттері облыстық және колледж аралық әр түрлі жарыстарға қатысып, облыстық номинация бойынша жүлделі орындарға ие болған. Мысалы: WorldSkills-Shymkent-2020 қалалық чемпионатында «Ақпараттық кабельді байланыс» құзіреттілігі бойынша 582 тобының студентті Ульжебаев Сакен 1 орын алды. WorldSkills-Kazakhstan-2021 Республикалық чемпионатында Ульжебаев Сакен 2 орын алды. WorldSkills-Shymkent-2022 қалалық чемпионатында «Ақпараттық кабельді байланыс» құзіреттілігі бойынша Усербаев Арман 1 орын және «Электроника» құзіреттілігі бойынша Талқанбай Дулат 1 орын алып WorldSkills-Kazakhstan-2022 Республикалық чемпионатына жолдама алды.