Үздік ұстаздарымыз

1-3

2-3

3-3

4-2

5-3

Колледж мақтанышы

«Электрэнергетикалық пәндер» кафедрасы оқытушысы Абжан Б.А. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі алғаш ұйымдастырған «Үздік мұғалімдер балына» қатысып, 2012 жылдың «Үздік педагог» атағының иегері болды, ақшалай сыйлық алды.
2013 жылы осы кафедраның оқытушысы Абдықадырова Ү.А. 2013 жылдың «Үздік педагогі» атанып, ол да ақшалай сыйлық алды.

 

«Үздік өндірістік оқыту шебері – 2017 жыл» байқауы

ОҚО Әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен жоғары кәсіби-педагогикалық рейтингі көрсеткен талантты, шығармашылық көзқараспен жұмыс жасайтын өндірістік оқыту шеберлерін айқындау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен «Үздік өндірістік оқыту шебері – 2017 жыл» байқауында БАС ЖҮЛДЕНІ иеленгені үшін Тасбулатова Алия Алтаевна ОҚО Әдістемелік кабинетінің Дипломымен марапатталды.
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен «Үздік өндірістік оқыту шебері – 2017 жыл» байқауына Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі белсене қатысқаны үшін ОҚО Әдістемелік кабинетінің Алғыс хатымен марапатталды.

 

«Қазақстанның 3.0 жаңғыруы: бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жаңғырту» тақырыбында өндірістік шеберлер мен студенттердің облыстық аймақтық чемпионаты

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 11 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру жолдауындағы өндіріс пен өнеркәсіптің барлық салаларын кәсіби-техникалық мамандармен толық әрі сапалы қамтамасыз ету, чемпионатты өткізу арқылы жұмысшы мамандығының әлеуетін (престижін) көтеру және кәсіптік білімді дамыту, білім алушыларға халықаралық деңгейде кәсіптік білім беру мақсатында «Қазақстанның 3.0 жаңғыруы: бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жаңғырту» тақырыбында өндірістік шеберлер мен студенттердің облыстық аймақтық чемпионатын облыс әкімінің қатысуымен өткізді. Облыстық чемпионаттың «CAD инженерлік графика», «Бағдарламашы» және «Электрмонтаждау ісі» құзіреттіліктері бойынша Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің базасында өтті.
Облыстық чемпионатта «Кәсіп иесі» атты инновациялық жобалардың арнайы көрмесіндегі үздік шығармашылық жобасы үшін Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі ОҚО Білім басқармасының ІІІ дәрежелі Дипломымен  марапатталды.
«Қазақстанның 3.0 жаңғыруы: бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жаңғырту» тақырыбында өндірістік шеберлер мен студенттердің облыстық аймақтық чемпионатында «Электромонтаж ісі» құзіреттілігі бойынша жоғары деңгейлі шығармашылығымен танылған Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің өндірістік шебері (арнайы пән оқытушысы) Толыбаев Генжебай Жангабаевич ОҚО Білім басқармасының І дәрежелі Дипломымен марапатталды.
«Қазақстанның 3.0 жаңғыруы: бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жаңғырту» тақырыбында өндірістік шеберлер мен студенттердің облыстық аймақтық чемпионатында «Бағдарламашы» құзіреттілігі бойынша жоғары деңгейлі шығармашылығымен танылған Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің өндірістік шебері (арнайы пән оқытушысы) Тасбулатова Алия Алтаевна ОҚО Білім басқармасының І дәрежелі Дипломымен марапатталды.
«Қазақстанның 3.0 жаңғыруы: бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жаңғырту» тақырыбында өндірістік шеберлер мен студенттердің облыстық аймақтық чемпионатында «Электромонтаж ісі» құзіреттілігі бойынша жоғары деңгейлі шығармашылығымен танылған Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің Үздік студенті Мырзалы Еркебұлан және «Бағдарламашы» құзіреттілігі бойынша Қалтаев Нұрсұлтан ОҚО Білім басқармасының І дәрежелі Дипломдарымен марапатталды.

 

“Үздік ұстаз – 2017” байқауы

Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің 2017-2018 оқу жылына арналған даму жоспары бойынша 2017 жылдың 22 қарашасымен 25 желтоқсан аралығында оқытушыларды ынталандыруға бағытталған «Үздік ұстаз – 2017»  байқауы өтті.
Байқауға колледждің 10 кафедрасының үміткерлері әдістемелік кабинетке өз өтінімдерін өткізді.
Байқауға қатысушы оқытушылардың оқу жоспарлары, бағдарламаға сәйкес тақырыбына ашық сабақ, шығармашылық эссе (бейнекөрініс), оқытушы портфолиосы, әдістемелік оқу кешені, БАҚ беттерінде жарияланған жұмыстары және т.б. жұмыс материалдары талқыланып, сарапшы топ құрамы өз анализін және мониторингін берді.
Сарапшы тобы құрамының шешімі бойынша «Үздік ұстаз – 2017» байқауының ІІ орын иегерлері – Танашева Гаухар Саковна және Тасбулатова Алия Алтаевнаға 125 000 теңге, ІІІ орын иегері – Досжанова Молдир Сырбаевнаға 75 000 теңгенің сертификаты табысталып және де байқауға қатысып, белсенділік танытқаны үшін: А.Журхаеваға, А.Полатоваға, А.Аширбаеваға, Ш.Тайшеваға, А.Нысамбековаға және Г.Бейімбетке 10 000 теңгенің сертификаттары табысталды.
Жеңістеріңіз құтты болсын құрметті оқытушылар!
Шымкент қаласы тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, оқытушылардың мемлекеттік тілді оқытудағы инновациялық идеяларын қолдау, сандық технологиялар арқылы қолданылған педагоикалық іс-тәжірибелерді жинақтау және тарату мақсатынды  «Үздік оқытушы-2020» байқауында ПБК оқытушысы М.С.Досжанова ІІІ орын иеленді.
Шымкент қаласының білім басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби қызметін насихаттау, шығармашылық деңгейінің өсуін қамтамасыз ету, мәртебесін арттыру мақсатында өткізілген «Үздік педагог-2020» конкурысына қатысып, жеке кәсіби жетістіктері, оқушыларды дамытудағы нәтижелері, білім беру жүйесіне қосқан үлесі мен кәсіби шеберлігін көрсете біліп колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Ж.Сарыбаева Бас жүлде иеленді. Елімізде жыл сайын ұстаздардың төл мерекесі қарсаңында үздік ұстаздарды анықтау мақсатында өтілетін дәстүрлі «Үздік педагог 2020» республикалық конкурсына А.Ж.Сарыбаева ұсынылып, қала және республика көлемінде 2 қазан күні, қала әкімі М.Д.Әйтеновтің Алғыс хаты және қаржылай сыйақымен марапатталды.