Педагог психолог

Шымкент қаласы білім басқармасның «Политехникалық колледжі» МКҚК

бос жұмыс орынға

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Конкурс жарияланған лауазым атауы: Педагог-психолог

Конкурс өткізу мерзімі: Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау
(5.12.2023-13.12.2023) аяқталғаннан күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарын қарауды жүргізеді.

Конкурс өткізілетін орын: Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Конкурс өткізетін мекеменің мекен жайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі 30, инд:160012, Электронды пошта: ukpk_politech@mail.ru

Байланыс телефондары:8-7252-21-44-11

Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек ақы төлеу мөлшері 137045 тенге (жұмыс өтілсіз)

Лауазымның тұрақты немесе уақытша болуы:Тұрақты

Лауазым жүктемесі: лауазымдық жалақы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы№338 бұйрығына сәйкес:

Лауазымдық міндеттері: /292 тармағына сәйкес/

      Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және сақтауға, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде девиантты мінез-құлыққа байланысты мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;

      Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бейінді және кәсіби өзін-өзі анықтауда көмек көрсетеді;

      Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өтініштері кезінде психологиялық көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық қорытынды мен ұсынымдар жасайды;

      Білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып түзету-дамыту бағдарламаларын жоспарлауға қатысады және әзірлейді;

      Білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтаудың әртүрлі жағдайларында бағдарлауға дайындығын дамытуға ықпал етеді;

      Әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультациялық);

      Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;

      Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;

      Білім беру іс-әрекетіндегі қиындықтарға байланысты психологиялық проблемаларды шешуде білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, педагогтарға, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультациялық көмек көрсетеді және әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді;

      Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, Бала құқықтары туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі

      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды;

      Педагогикалық ұжымға, сондай-ақ білім алушылардың және тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге ұсынымдар әзірлеу мақсатында психологиялық қызметтің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізеді;

      Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді және оны мақсаты бойынша пайдаланады, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;

      Педагогика, психология және психотерапия бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілікті үздіксіз арттырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістері мен технологияларын қолданады;

      Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі. Тәрбие-білім беру процесінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

      Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық іс-әрекетіндегі қиындықтарды жеңу бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады;

      Кәсіби қызмет барысында білім беру қызметінің психологиялық-педагогикалық принциптерін басшылыққа алады;

      Білім алушылардың жас ерекшеліктерін және келіп түсетін сұраныстарды ескере отырып, диагностика жүргізу үшін жол берілетін әдістер мен әдістемелерді айқындайды;

      Жалпы білім беру бағдарламаларын игерудегі психологиялық, әлеуметтік немесе физиологиялық қиындықтардың себептерін ажыратады;

      Білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының ерекшеліктеріне психологиялық зерттеу жүргізеді, психоэмоционалды жай-күйін және оны тұрақтандыру мүмкіндіктерін талдайды;

      Жеке немесе топтық түзету, дамыту және мотивациялық сабақтар немесе тренингтер өткізеді;

      Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық қызметі мен әлеуметтенуіндегі өзгерістер динамикасының мониторингіне қатысады;

      Білім алушы мен тәрбиеленушінің оқу-танымдық қызметіндегі және әлеуметтенуіндегі қиындықтарды еңсеру бойынша білім беру ұйымының өз ішінде және одан тыс тиісті бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.

 Біліктілікке қойылатын талаптар: /294 тармағына сәйкес/

      Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім “Педагогика және психология”, “Әлеуметтік ғылымдар” (“Психология” білім беру бағдарламаларының тобы) кадрларын даярлау бағыттары бойынша, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

      Және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде – 3 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 4 жыл; педагог-зерттеуші және педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

/295 тармағына сәйкес/

      1) “педагог”:

      Білім алушылардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;

      Білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

      Білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

      Білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

      Кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру;

      Цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;

      2) “педагог-модератор”:

      “педагог” біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      Оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

      Білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;

      Білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

      3) “педагог-сарапшы”:

      “педагог-модератор” біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      Ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру;

      Тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау;

      Аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;

      Аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

      4) “педагог-зерттеуші”:

      “педагог-сарапшы” біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      Сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;

      Білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

      Тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындайды;

      Облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

      Облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

      5) “педагог-шебер”:

      “педагог-зерттеуші” біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаның болуы, немесе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі әзірлеушілер мен сарапшылардың құрамына кіретін немесе Уорлд скилс (worldskills) республикалық және халықаралық чемпионаттарының сарапшысы (кәсіби шеберлік конкурсы) немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болып табылады;

      Ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

     Тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.

Құжаттар тізімі:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы “Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы” №57 бұйрығының 154-тармақшасына сәйкес Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде колледждің ukpk_politech@mail.ru эл.почтасына құжаттарды электрондық (PDF) түрінде жолдайды:

1) осы Қағидалардың сәйкес нысан бойынша 15-қосымшаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жылжұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейне презентациясы (өзін-өзітаныстыру) ұзақтығы кемінде 15 минут,ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Қосымша ақпарат:

1. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

2. Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

3. Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Қосымша талаптар:

1. Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ педагог мәртебесі туралы Заңнаманы бұзу туралы сұрау салуды Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментке жолданады.

2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзушылық жасалғаны туралы мәліметтер анықталған кезде педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.

3. Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.

Білуге тиіс:      

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы”, “Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” Заңдары;

      Педагогика теориясы, психология, жас ерекшелік физиологиясы, гигиена, белсенді оқыту әдістері, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингі, оқу жоспарлары мен бағдарламалары;

      Оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

      Педагогикалық этиканың нормалары;

      Педагогикалық ғылымның дамуы мен жетістіктерінің бағыттары;

      Еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V090005750_

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының

бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына

15-қосымша

Нысан

________________________________

Конкурс жариялаған

мемлекеттік орган

_________________________________

(үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН

________________________________

(лауазымы, жұмыс орны)

__________________________________________________________________

Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны

Өтініш

Мені бос/уақытша бос лауазымдық  конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын (қажетінің астын сызыңыз)

_______________________________________________________________

білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)

Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

_______________________________________________________________

білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)

Өзім туралы келесіні хабарлаймын:

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін

Оқу орнының атауы Оқыту кезеңі Диплом бойынша мамандық
     

Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):

_____________________________________________________________

Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________________________

Келесі жұмыс нәтижелері бар:___________________________________

Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-аққосымша мәліметтер (бар болса)

____________________________________________________________

Мемлекеттік білім беруұйымдарының біріншібасшылары мен педагогтерінлауазымға тағайындау,лауазымнан босатуҚағидаларына16-қосымшаНысан

Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы

___________________________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Өлшемшарттар Растайтын құжат Балл сандары (1-ден 20-ға дейін)  
1. Білім деңгейі   Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері Техникалық және кәсіби= 1 балл Жоғары күндізгі = 2 балл Жоғары күндізгі үздік= 3балл Магистр = 5 балл  
2. Ғылыми/академиялық дәрежесі Білімі туралы дипломның және дипломғақосымшаныңкөшірмелері PHD-доктор = 10 балл Ғылыми доктор = 10 балл Ғылыми кандидат = 10балл  
3.   Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау Сертификат   “Педагог” біліктіліксанаты – 5 балл  
4. Біліктілік санаты Жеке куәлік, басқа құжат Екінші санат = 1 балл Бірінші санат = 2 балл Жоғары санат = 3 балл Педагог-модератор = 3балл Педагог-сарапшы = 5балл Педагог-зерттеуші = 7балл Педагог-шебер = 10 балл  
5.   Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі   Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат   Әдіскер (лауазымдықжұмыс өтілі кемінде 2жыл) = 1 балл Директордыңорынбасары (лауазымдықжұмыс өтілі кемінде 2жыл) = 3 балл Директор(лауазымдықжұмыс өтілі кемінде 2жыл) = 5 балл  
6. Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін Білімі туралы дипломның қосымшасы   Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері “өте жақсы” = 1 балл “жақсы” = 0,5 балл  
7. Бұрынғы жұмыс орнынан(педагог лауазымыбойынша) немесе оқуорнынан ұсыныс хат Ұсыныс хат (Конкурстыөз бетінше жариялағанбілім беру ұйымы соңғыжұмыс/оқу орныбойынша ұйымға/оқумекемесіне өтінішжасайды) Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл    
8.   Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері – дипломдар, білім алушылардыңолимпиадалар жәнеконкурстар, ғылымижобалар бойыншажеңімпаздардыңграмоталары; – дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстаржеңімпаздарының грамоталары; – мемлекеттік награда   олимпиадалар жәнеконкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл ғылыми жобалардың = 1балл олимпиадалар жәнеконкурстар жеңімпаздары – 3 балл “Үздік педагог”конкурсына қатысушы =1 балл “Үздік педагог”конкурсының жеңімпазы= 5 балл “Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы” медаль иегері =10 балл  
9. Әдістемелік қызметі -авторлық шығармалары, басылымдары ҚР ОАМ тізбесіне енгеноқулықтар мен ОӘК авторы немесебірлескен авторы = 5балл РОӘК тізбесіне енгеноқулықтар мен (немесе)ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2балл БССҚЕК, Scopusтізбесіне енгізілгенғылыми-зерттеу қызметібойыншажарияланымның болуы -3 балл  
10.   Қоғамдық-педагогикалық қызметі   Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат   тәлімгер = 0,5 балл ӘБ басшылығы = 2 балл Екі тілде сабақ беру,орыс/қазақ = 2 балл шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл, үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5балл  
11. Курсқадайындық   – пәндік дайындықсертификаттары; – цифрлық сауаттылық,КАЗТЕСТ, IELTS;TOEFL;DELF сертификаттары; Goethe Zertifikat, “Pythonтілінде бағдарламалаунегіздері”бағдарламаларыбойынша оқыту, “Microsoft”Курсера жұмыстарына ОқытуХалықаралық курстар: TEFL Cambridge”CELTA (Certificate in TeachingEnglish to Speakers ofOther Languages)” CELT-P (Certificate inEnglish LanguageTeaching – Primary) DELTA (Diploma inTeaching English toSpeakers of OtherLanguages) CELT-S (Certificate inEnglish LanguageTeaching – Secondary) “”TKTTeaching Knowledge Test” Certificate in EMI Skills (English as a Medium ofInstruction) Teacher of English toSpeakers of OtherLanguages (TESOL)”TESOL” Certificate in teachingEnglish for young learnersInternational HouseCertificate in TeachingEnglish as a ForeignLanguage (IHC)IHCYLT – InternationalHouse Certificate InTeaching Young Learnersand TeenagersBecoming a Better Teacher: Exploring ProfessionalDevelopmentAssessment for Learning:Formative Assessment inScience and MathsTeachingOnline Teaching forEducators: Developmentand DeliveryEducational ManagementKey Ideas in MentoringMathematics TeachersКурсынаплатформеCoursera, Futute learnTeaching Mathematicswith TechnologySpecial Educational Needs”Developing expertise inteaching chemistry ” ПШО, НЗМ, “Өрлеу”курстары = 0,5 балл   Қазақстан Республикасы Білім және ғылымминистрінің 2016 жылғы28 қаңтардағы № 95 бұйрығына сәйкес тізбегеенгізілген біліктіліктіарттыру ұйымдары іскеасыратын білім берусаласындағы уәкілетті органмен келісілгенбағдарламалар бойынша біліктілікті арттырукурстары (Нормативтікқұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеутізілімінде № 30068болып тіркелген) = 0,5 балл (әрқайсысыбойынша жеке)    
12.   Мемлекеттік білім беругранты бойынша білімалған жоғары жәнежоғары оқу орнынанкейінгі білім беруұйымының түлегі, “Дипломмен ауылға!“, “Серпін” мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспенқамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог Мемлекеттік білім беругранты иегерінің сертификаты,келісім-шарты 3 балл қосылады  
БАРЛЫҒЫ:        

Ескерту: Конкурсқа қатысушы үміткерлердің құжаттарының талапқа сәйкес және толық болмаған жағдайда конкурсқа жіберілмейді.

Төмендегі сілтеме арқылы толық танысуға болады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007495
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200031231#z10