Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ 384 бұйрығына 368-қосымша
“Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)” мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары
Кәсіптік практика және циклдер бойынша білім беретін бағдарламалар мазмұны (11 сынып негізінде)
Барлық біліктіліктер бойынша жалпы гуманитарлық пәндер
Циклдің (пәннің) индексі | Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері | Қалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдылар | Қалыптасатын құзыреттер коды |
---|---|---|---|
ЖГП 01 | Кәсіптік қазақ тілі Кәсіптік қазақ тілі кәсіптік терминдерді, есептеуіш техникасы жабдықтары мен IT технологиясын бағдарламамен қамтамасыздандыру терминдерінің маңызын оқытады. Кәсіптік және конструктивті қарым-қатынас. | білімдер: -ҚР тілдер туралы заңды; -кәсіптік терминдерді, практикада қолдану маңызын; іскерліктер: -жазбаша, ауызша сұрақтарға дұрыс жауап беру, кәсіптік терминдерді практикада қолдану; -техникалық,технологиялық және конструкторлық құжаттарды қазақ тілінде сауатты құрастыру,техникалық құжаттарды толтыру; | БҚ1, БҚ3 |
ЖГП 02 | Кәсіптік орыс тілі Кәсіптік орыс тілі кәсіптік терминдерді, есептеуіш техникасы жабдықтары мен IT технологиясын бағдарламамен қамтамасыздандыру терминдерінің маңызын оқытады. Кәсіптік және конструктивті қарым-қатынас. | білімдер: -кәсіптік терминдерді практикада қолдану маңызын; - конструктивті қарым-қатынасты орнату; іскерліктер: -жазбаша, ауызша сұрақтарға дұрыс жауап беру, кәсіптік терминдерді практикада қолдану; -техникалық, технологиялық және конструкторлық құжаттарды орыс тілінде сауатты құрастыру, техникалық құжаттарды толтыру; | БҚ1, БҚ3 |
ЖГП 03 | Кәсіптік шетел тілі Студенттердің өзі таңдаған мамандығы бойынша кәсіптік шетел тілінде сөйлеу, оқу, жазуды және сөйлеуді қалыптастырып дамытуды оқытады. Кәсіптік шетел тілінің мақсаты кәсіптік сферада мәдениет аралық коммуникативтік дағдысын дамыту. | білімдер: -бағдарлама бойынша анықталған жаңа лексика бірліктерінің маңызы мен мүмкіншілігін қолдану; іскерліктер: - техникалық мәтіндер мазмұнымен жұмыс істеу,оқу; -есептеуіш техникасына арналған грамматикалық-лексикалық арнайы сөздерді дұрыс аудару; -техникалық, технологиялық және конструкторлық құжаттарды ағылшын тілінде сауатты құрастыру және техникалық құжаттардың мазмұнын сауатты, түсінікті жазу; | БҚ1, БҚ3 |
ЖГП 04 | Дене тәрбиесі Студенттерді болашақ мамандықтарына бейімдеп психофизикалық түрде дайындап, денсаулығын сақтау үшін, спортпен шынықтыру және дене тәрбиесінде әртүрлі құралдарды қолданып, өзін-өзі жетілдіріп, қабылеттілігін бағыттап, тұлғаны қалыптастырады. | білімдер: -психофизикалық сапасын дамыту, кәсіптік қолданбалы іскерлігімен дағдыларын тәрбиелеу; іскерліктер: - икемділік, шапшаңдық, шыдамдылық, күштілік, тез қимылдау сапасын физикалық дамыту; -өзін-өзі жетілдіру және тәрбиелеу негіздерін, салауатты өмір сүру және денсаулығын сақтау негіздерін дамыту; | БҚ1, БҚ3 |
Әлеуметтік – экономикалық пәндер
Циклдің (пәннің) индексі | Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері | Қалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдылар | Қалыптасатын құзыреттер коды |
---|---|---|---|
ӘЭП 01 | Мәдениеттану Әртүрлі образды түрде мәдениеттің дамуын үйрету, олардың бір-бірімен байланысы мен тәуелділігін, тарихи мәдениет процесіндегі перспективалық өзгерістерін болжау, заңдар маңызын, мәдениет нормасын және даму заңдылықтарын,пайда болу көздерін,трансляциялауды және сақтауды оқытады. | білімдер: -әртүрлі мәдениеттің түсінігі туралы, философиялық концепциядағы мәдениет маңызы; -көп түрлі мәдениет процестерінің бүкіл әлемдік түрлеріндегі проблемаларды интегрлендіруді; іскерліктер: -мәдениет құбылыстарының және қоғамдағы процестерінің дамуын, өзгеруін қалыптастыру, талдау; | БҚ1, БҚ3 |
ӘЭП 02 | Философия негіздері Адамның қоршаған ортаға әсері, әлемдегі орны, заңдар туралы және қоғамдағы ойлау қабілеті. Заңды ойлау арқылы, студенттің ойлау дәрежесін жалпы өзара байланыстыруды үйрету. Адам цивилизациясында тарихи философиялық процесіндегі білімін қалыптастыру, әлемдік көзқарасты бағыттауды қалыптастыру. | білімдер: -деңгейі мен негізгі түсінігін,қоғамдағы ойлау заңдылықтарын, ғылымдағы ойлауды дамыту көз қарасын; іскерліктер: -қоғам мен табиғаттағы адам қарым - қатынасын шығармашылық ойлау тұрғысында тиімді дамыту; | БҚ1, БҚ3 |
ӘЭП 03 | Саясаттану және әлеуметтану негіздері Қоғамдық қарым-қатынастағы жүйелеу рөлі және орны. Қазіргі әлемдегі қолданбалы әлеуметтің, саясаттың рөлі мен орнын бүтіндей қалыптастыру. Негізгі идеяларды, концепцияларды, әдістерді, тәсілдерді, саясат пен әлеуметтік қызметтің процедураларын, талдау негіздерін, әлемдегі оқиғаларды ұлтаралық және халықаралық тұрғыда болжауды қалыптастыру. | білімдер: - ҚР және әлемдегі саясат процестерінің даму тенденциясы дәрежесі мен түсінігін; іскерліктер: -қазіргі әлемдегі болып жатқан оқиғаларға саяси баға беру және талдау; | БҚ1, БҚ3 |
ӘЭП 04 | Құқық негіздері Мемлекеттік және құқықтық заңдылықтарды, қоғамдағы даму тенденциясын, қазіргі заманғы заңнамалардың негізгі мазмұны мен маңызы. ҚР-дағы мемлекеттік билік жүйесі, құқық принциптері мен міндеттері, қоғамдағы саналы құқық мәдениетінің рөлі мен маңызы. | білімдер: -мемлекет пен құқық негіздері теориясы; -конституциялық құқық принциптерін, еңбек, азаматтық, қылмыстық, отбасылық, экологиялық, қарым-қатынастық құқықтар түсінігін; -адамның және азаматтың статусын, ҚР Конституциясын, сот органдар жүйесін, ҚР Президентінің, Үкіметінің, парламентінің функциясы туралы; -ҚР заңнамаларын жетілдіру тенденциясын, кәсіпкерлікті құқықты реттеу, салықтық заңнама негіздерін; іскерліктер: -қоғам мен құқықтың өзара байланысын материалды әлемдік бүтінділігін сипаттау; - заңды білімдерімен күнделікті практикаде дұрыс меңгеріп қолдану дағдыларын; | БҚ1, БҚ3 |
ӘЭП 05 | Экономика негіздері Мақсаты, негізгі түсініктері, құрылымы, маңызы, принциптері; жеке – меншік түрлері мен формалары,жеке – меншікті басқару; план түрлері және олардың негізгі кезеңдері, мазмұны, стратегиялық жобалау; экономикалық жоспарларды және болжап өңдеуді негіздеу әдісі; бизнес-жоспарлау; экономикалық талдау; бағдарламалық қамтамасыздандыру мен қызмет көрсетуде өнімнің нарықтық жағдайын талдау; нарықтық инфрақұрылым | білімдер: -экономикалық теорияның жалпы жағдайы; -мемлекеттегі және шетелдегі экономикалық жағдайлар; -макро және микроэкономиканың негізі, салықтық, кредитті- қаржылық, инвестициялық және әлеуметтік саясаты; іскерліктер: -кәсіптік әрекетіне қажетті бағдар ұстау үшін экономикалық ақпаратты пайдалану және табу; | БҚ1, БҚ3 |
Жалпы кәсіптік пәндер
Циклдің (пәннің) индексі | Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері | Қалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдылар | Қалыптасатын құзыреттер коды |
---|---|---|---|
ЖКП 01 | Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу Іс жүргізу туралы түсінік және корреспонденциялар, іс жүргізудің шығу тарихы, құжаттарды құрастыру әдісі,сипаттамасы, рәсімдеу ерекшеліктері, құжаттар құрамы,компьютерде құжаттау тәсілдері,еңбек қатынасын рәсімдеу,істер номенклатурасы, іс жүргізуді ұйымдастыру технологиясы. | білімдер: -қызметтік хаттар, құжаттарды құрастыру әдісі мен тәсілдерін; -құжаттарды рәсімдеу ережесін; -кіріс және шығыс корреспонденцияларын әртүрлі программада қолдану; іскерліктер: -ұйымдастыру және тарату құжаттарының жүйесін унификациялау; -құжаттар айналымы мен құжат ағымын ұйымдастыру жұмыстары; -құжаттарды есепке алу, сақтау және бақылауды есепке алу; | БҚ1, БҚ3 КҚ 3.4.12 |
ЖКП 02 | Еңбек қорғау Еңбек қорғау заңы. Нормативті - құқықтық акті. Жұмыс орны және есептеуіш техникасын пайдалану ерекшелігі. Есептеуіш техникасындағы кәсіптік аурулардың алдын алу жұмыстары. Эргономика. Дисплейге арналған қорғау фильтрі. Қолайлы еңбек шартын құру. Ақпараттық қызмет көрсету өндірісінде еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі. Ақпараттық қызмет көрсету өндірісдегі электр қауіпсіздігі. | білімдер: -еңбек қорғау заңы; -жұмыс орнындағы техника қауіпсіздік ережесі; -электр қауіпсіздігінен қорғану түрлері; іскерліктер: -жұмыс орнын дұрыс ұстау; -техника қауіпсіздігін және өрт қауіптілігін сақтау; | БҚ2, БҚ10 КҚ 3.4.2 |
ЖКП 03 | Дискреттік және жоғарғы математика негіздері Комплекс сандарға түсінік. Дифференциалдық теңдеулер. Қатарлар. Екі еселі интеграл. Бірнеше айнымалы функциялар. Теория жиынының негізгі түсінігі. Граф теориясының негізін анықтау. Графты операциялау. Граф сипаттамасы. Граф ара – қашықтығына сипаттама. Комбинаторлы таңдау пәні. Комбинаторика операциясы және негізгі түсінік. Ықшамдалған есептер. Нысандар арасындағы мөлшерлік және сапалық қатыстардың математикалық көрнектері. | білімдер: - комплекс сандарға амалдар қолдану; дифференциалдық теңдеулер: бірінші, екінші және жоғарғы ретті теңдеулер; қатарлар түрлері және оларға амалдар қолдану; екі еселі интеграл: интеграл түсінігі, фигуралар аудандарын табу, бірнеше айнымалы функциялар: дифференциалдау және интегралдау; - дискретті құрылым негізі: көптік, қарым-қатынас, графтар, комбинаторлы құрылымдар, есептеу жүйесі; -граф теориясының алгоритмі және негізгі әдістері; -қарым – қатынас теориясы, комбинаторика, әр- түрлі табиғат жүйесіндегі моделдеу және ыңғайландырумен байланыс; біліктілік: - дифференциалдау және интегралдау амалдарын қолдану, есеп шығару басырында ережелерді қолдану, берілген қасиеттері бойынша бір түрден келесі түрге көшу ережесін қолдана білу; -объект арасындағы қарым-қатынас сапасымен санын көрсететін арнайы математикалық символын қолдану; -көптікке операция орындау, тапсырма шешу үшін көптік аппарат теориясын қолдану, бинарлы қарым-қатынастың өзіндік құрамын зерттеу; -граф тапсырмасын ықшамдап шешу. | БҚ1,БҚ3 КҚ 3.4.1 |
ЖКП 04 | Математикалық статистика Комбинаторика элементы. Ықтималдық теория негізі. Дискретті кездейсоқ шамалар. (ДКШ). Үздіксіз кездейсоқ шамалар (ТКШ). Математикалық статистика элементтері. Ықтималдық және жиілік. | білімдер: - математикалық статистика мен ықтималдық теориясының түсінігі және анықтау негізі; -комбинаторика негізі; іскерліктер: -кездейсоқ оқиға мен ықтималдылықты жүзеге асыруда емін – еркін іс әрекет жүргізу; -экономикалық практикада туындайтын тапсырманы статистикалық әдіспен талдау ықтималдылығын қолдану; | БҚ1,БҚ3 КҚ 3.4.1 |
ЖКП 05 | Сандық әдістер Шамалас сан және оның қателігі. Сызықтық емес теңестірудің сандық шешімі. Матрица алгебрасы. Сызықтық теңдеу жүйесінің шешімі. Интерполяциялау және экстраполияциялау. Ең кіші квадраттау әдісі. Сандық дифференциялау. Сандық интегрлеу. Адамстың экстраполяция әдісі. Фибоначчи әдісі. | білімдер: қателік түрлері, сызықтық емес теңестіруді шешудің негізгі әдісі, сызықтық теңестіру жүйесі, интерполяция тапсырмасы, интегралдар, дифференциалды теңестіру. Адамстың Фибоначчидің әдістерін қолдану. іскерліктер: тапсырманы шешу әдісін таңдау; математикалық тапсырмалардың шешіміне алгоритмдік бағдарлама құру. | БҚ1, БҚ3 КҚ 3.4.2 |
ЖКП 06 | Стандарттау негіздері Бағдарламамен қамтамасыздандыру және есептеуіш техника облысындағы стандарттау рөлі. Нормативті-құқықтық және ұйымдық сұрақтар. Халықаралық және аймақтық стандарттау, ТМД мемлекетаралық стандарттау. ҚР мемлекеттік стандарттау жүйесі. Сапаны қамтамасыздандыру облысындағы стандарттау. Нормативті-құқықтық және ұйымдық сертификаттау негіздері. Сертификаттау жүйесі. Облыстық серттификаттаудағы термин негіздерін анықтау. Сертификаттаудың ұйымдық құрылымы. Сертификаттау тәртібі және ережесі. Сертификаттау сызбасы. | білімдер: стандарттаудың бағдарламамен қамтамасыздандыру облысындағы нормативті-құқықтық және ұйымдық сұрақтары; халықаралық және аймақтық деңгейде облыстық есептеуіш техниканың және бағдарламалық қамтамасыздандырудың стандарттарын қарау; сертификаттаудың негізгі түсінігі, схемасы мен ережесі; іскерліктер: бағдарламамен қамтамасыздандыру облысында МССТ бойынша нормативті құжаттармен жұмыс істеу; өнімдерді сертификаттау; | БК 14 КҚ 3.4.12 |
ЖКП 07 | Микропроцессорлық техника Есептеуіш техникасының арифметикалық және логикалық негіздері. Микропроцессорлық техниканың элементтер базасы. Микропроцессорлық жүйенің жады құрылғысы. Микропроцессорлық техниканың архитектурасы және құрылымы. Микропроцессорлар жіктелуі және жалпы микропроцессор құрылымының схемасы. Микропроцессорлық жүйелерді бағдарламалау. | білімдер: -микропроцессорлық жүйелердің жады құрылғысы; -сақтау құрылғыларының негізгі параметрі; -микропроцессорлық жүйенің архитектурасы мен құрылымы; -микропроцессорға арналған бағдарламалау негізі; іскерліктер: -микропроцессорлық жүйенің жұмыс принципін сипаттау; -микропроцессор архитектурасын анықтау; -микропроцесорға арналған бағдарламалау тілінің негізігі құрылымын пайдалану, құрастырылған бағдарламаны түсіну және оқу; -заманауи микропроцессорлық марканы ажырату; | БҚ2, БҚ9, БҚ10 КҚ 3.4.2 КҚ 3.4.5 |
ЖКП 08 | Өндірісті басқару және экономика Нарықтық экономика негіздері.Өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру. Басқару қызметі және менеджмент. Бух есеп негізі. | білімдер: -нарық механизмі принциптері; -өндірісті басқару әдісі; іскерліктер: -өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру жұмыстары; -баланс есептерін жасау; | БҚ1,БҚ3 КҚ 3.4.4 |
Арнайы пәндер
Циклдің (пәннің) индексі | Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері | Қалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдылар | Қалыптасатын құзыреттер коды |
---|---|---|---|
АП 01 | Алгоритмдеу және бағдарламалау Алгоритм түсінігі. Алгоритм құрамы. Алгортимнің құрылу принципі, алгоритмдік құрастыру негіздері. Бағдарламалау тілдерінің жіктелуі; заманауи алгоритмдік тілде бағдарламаны құру: тіл элементтерінің негіздері, бағдарламалық құрылым, операторлар мен операциялар, басқару құрылымдары, мәліметтер құрылымдары, файлдар; астыңғы бағдарламалар; Обьектілі бағытталған бағдарламалау түсініктері, клас және объект түсінігі, олардың әдісі мен құрамы, Обьектілі бағытталған бағдарламалаудың негізгі принциптері: инкапсуляция, полиморфизм және мұрагерлік | білімдер: -алгоритм түсінігі және алгоритм құрамы; -мәліметтер типтері; - базалық алгоритмді құрастыру: -құрылым принциптері, модульді және обьектілі бағытталған бағдарламалау; іскерліктер: -жоғарғы деңдейдегі бағдарламалау тілдері алгоритмін іске асыру; -компонентті пайдалану, бағдарлама құрудағы кластар және объектілер; | БҚ1,БҚ6, БҚ12, КҚ3.4.4, КҚ3.4.6, КҚ3.4.7 |
АП 02 | Операциялық жүйелер және қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП) Түсінік, негізгі функциялар, ОЖ типтері; операциялық қоршау; үзілуді өңдеу, қосу және шығару қызметі, виртуальды жадыны басқару, файлдармен жұмыс істеу, тапсырмаларды жоспарлау, ресурстарды орналастыру; Әртүрлі модульдегі операциялық жүйелер. WINDOWS, UNIX/Linux операциялық жүйедегі жұмыс ерекшелігі; файлдық құрылым; операциялық жүйенің стандартты бағдарламасы; жабдық драйвері, қолданушы интерфейс түрлері; операция жүйені орнату және жөндеу. Қолданбалы бағдарламалау пакет түсінігі, (Microsoft Office. Lotus. 1C және т.б) таңдау пакеті бойынша құрылымын анықтау, бағдарламалау тілдері, таңдалған пакеттер арасынан пайдаланылған бағдарламалау. | білімдер: -операциялық жүйелердің типтері; - операциялық жүйелердің функциясы, құрамы, функционалды принциптері; - WINDOWS, UNIX/Linux операциялық жүйедегі құру ерекшелігі; - қолданбалы бағдарламаның функционалды ерекшелігі; -қолданбалы бағдарлама пакетін анықтау және функциясы, түсінігі; іскерліктер: -операциялық жүйелерді жөндеу және орнату; -аппарат қондырғыларын конфигурациялау; -қолданушылардың жұмыс ортасы параметрін күйіне келтіру тіркелу жазбасын басқару; -желілік параметрлерді күйіне келтіру; -операциялық жүйеде профилактикалық қызмет көрсетуді орындау; -локальды ресурсты желіні құру және басқару: -қолданбалы пакет бағдарламасының жоғарғы деңгейін сенімді түрде таңдап, функцияларын игеру; -таңдалған пакеттер арасынан бағдарламалық бірліктерді құру; | БҚ1,БҚ2, КҚ 3.4.3, КҚ 3.4.8, КҚ 3.4.9, КҚ 3.4.10 |
АП 03 | Web- бағдарламалау және Интернет технологиялары "Клиент – Сервер" технологиясы; жұмыс принципі Web- сервер және HТТР берілу гипертексі, (POST және GET) веб-сервер әдісімен мәліметтер жіберу; HTML 5 гиптертекст тілдерін белгілеу; CSS3 стильді каскадты кестемен өзара араласу; HTML-беттерімен беттеу принциптері: веб-қосымшалар (бэкэнд) сервер бөлімін құру; (мысалы, CGI, PHP, ASP және т.б ) қосымшаны құрудағы аспаптар құралдары; негізгі тапсырмалар және құрастыру принципі; қосымшаның серверлік бөлімін орындау; мәліметтер базасымен өзара қарым – қатынас; JavaScript көмегімен тұтынушы бөлімінің қосымшасын құру; | білімдер: -"Клиент – Сервер" және Web-сервер технологиясы нда жұмыс принципінің түсінігі; - гипертекст беттерін беттеу принципі; - HT ML 5 атрибут тілі және оның негізі; - CSS3 тілінің құрылым негізі; -фронтенд және бэкэнд сайтын функционалдау принциптері; іскерліктер: Web – серверді жөндеу; HTML5 және CSS3-ді қолдану арқылы Web – беттерге орташа күрделі беттеу; жұмыс сайтын қамтамасыздандыру серверлі скрипті құру; фронтенд сайтын қолдану үшін JavaScript пайдалану; | БҚ1,БҚ2, КҚ 3.4.3, КҚ 3.4.8, КҚ 3.4.9, КҚ 3.4.10 |
АП 04 | Компьютерлік желілер және желілік басқару Компьютерлік желілер топологиясы және жіктеу, шектеу әдісі, желілердің негізгі аппаратты компоненттері. Желі модельінің түсінігі; OSI желі модель этолоны, OSI модель желісінің әр деңгейдегі функциялары және тапсырмалар; желілік протокол түсінігі,әртүрлі функционалды мүмкіншіліктердің өзара әрекеттесу протоколдары, стек протоколдар түсінігі, айырықша таратылған стек протоколдары (TCP/IP, IPX/SPX және басқалары). Стандарттау желісі. Протокол типтері, TCP/IP технологиясы, TCP/IP протоколдары. Сымсыз желілері, байланыс каналдары. Браузер түсінігі, іздеу жүйелері, Қасықағы қол жетімділік, Internet қызметі. Ақпараттық қауіпсіздік проблемаларын қамтамасыздандыру, компьютерлік желі. Құралдар мен әдістерді қолдау жүйелері, антивирус бағдарламалары. Желілір адресациясы: ІР және МАС адрестері, адрес кластары, жүйе астылары, жүйе асты маскалары. Жеке меншік және жалпы адрестер. Сымсыз желілер: стандарттар, орналасу принциптері, әлсіздігі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Өзара көпжелілік принципі: маршрутизация түсінігі, маршрутизацияның протоколы мен принциптері; шлюз түсінігі, бранмауэр, фильтр пакеті, NAT және PAT. Мәліметтерді беру кезіндегі ақауларды табу әдістері; тұтынушы бағдарламаларына желілік қызмет көрсету; локальді желіні басқару жүйесі. | білімдер: - компьютерлік желіні орналастыру әдісі және тәсілі; - коммуникация құралдар құрамы және оларға сипаттама; - ДК желілік бағдарламамен қамтамасыз ету түрлері және функционалды белгілеу; -компьютерлік желіні пайдалану мүмкіндігі және ұйымдық тәсілдер; іскерліктер: - таңдау, аппаратты – бағдарламалық құралды және есептеуіш ақпараттық жүйемен желілік құрылымды жинау және пайдалану; - локальды желіні конфигурациялау; - бағдарламалық құрал көмегімен желілік протолды пайдалану; | БҚ1,БҚ2, КҚ 3.4.3, КҚ 3.4.8, КҚ 3.4.9, КҚ 3.4.10 |
АП 05 | Өндірістік және экономикалық процесті модельдеу Модельдеу негізі. Модельдік жоспарлау және басқару. Желілік графиканы ыңғайлау және талдау. Балансты моделдер. Сызықтық бағдарламалау тапсырмалары және әдісі, олардың шешімі. Графикалық интерпретация. Симплекс әдісі. Транспорттық тапсырма. Динамикалық бағдарламалау. Стохастикалық бағдарламалау. Ықтималдылық моделі. Матрицалық ойындардың теориялық элементтері. Ақылы матрица. Геометриялық интерпретация. Экономикалық жүйеде математикалық моделдеу. Жаппай қызмет көрсету модельдеу жүйесі. Монте – Карло әдісі. | білімдер: - модель және модельдеу түсінігі, жүйелер, структуралық кесте жүйесі; - модель жіктеуі; іскерліктер: - тематикалық қолданбалы тапсырманы шешу үшін математикалық модельді және дайын математикалық модельді қолдану; - жай математикалық модельді өңдеу мен бағалау және олардың баламалық дәлдігі; | БҚ 6, БҚ 8, КҚ 3.4.1, КҚ 3.4.2 |
АП 06 | Компьютерлік графика Компьютерлік графика түсінігі, оның негізгі түрлері. Компьютерлік графиканың түрлі – түсті модельдері. Графикалық файлдар форматы. Графикалық бейнені өңдеу әдісі мен тәсілі. Векторлы және расторлы графика үшін негізгі оерацияны баңдарламамен қамтамасыздандыру көмегімен орындау. Веб – дизайнға графикалық материалдар дайындау ерекшелігі. Сайт макеттерін құру. Екі және үш өлшемді графика түсінігі. Мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыздандыру көмегімен үш өлшемді бейнені құру және негізгі принциптері | білімдер: компьютерлік графика түрлері мен пайдалану әдістері; графикалық ақпаратты қысу әдістері; графикалық бейнені өңдеу форматы мен процедурасы; іскерліктер: графикалық беріліс файлын сақтауда формат таңдау, түзету; әртүрлі практикалық тапсырманы шешуде графикалық пакетті таңдау; көркемдік немесе іскерлік рәсімдеуде бейнені әртүрлі құралдарда пайдалану; үшөлшемді бейнені құру; | БҚ1,БҚ3, КҚ 3.4.9, КҚ 3.4.12 |
АП 07 | Обьектілі - бағытталған бағдарламалау Объектілі – бағытталған композиция процедурасы. Объектілі амалдаудың құрамдық бөлігі, объектілі модель элементі: абстрактілеу, инкапсуляциялау, модульдеу, иерархия, мұрағаттау, типтеу. Қоршаған орта класы: анықтау, интерфейс класы, қарым-қатынас типтері, ассоциация, мұрағаттау, полиморфизм, агрегация, пайдалану, инстанциялау. Қоршаған орта объектісі. Класс және объектінің өзара байланысы. Microsoft NET платформа компоненті және негізгі түсінігі. С# тілінде бағдарламалық қамтамасыздандыруды өңдеу, құру және пайдалану кластары..Класстар және объектілер. Windows Presentation Foundation (WPF) кірістіру. ADO NET арқылы базалық мәліметте жұмыс істеу негізі. | білімдер: объектілі – бағытталған бағдарламалаудың негізгі жағдайы (ОББ); MS NET платформа компоненті мен негізгі түсінігі; басқарылатын тілдік С# конструкциясы; ОББ мен С# платформасында амалдау NETжәне қосымша тілдік құрастырулар; Windows Presentation Foundation технологиясы мәліметіне кіріспе; - ADO NET арқылы базалық мәліметте жұмыс істеу негізі. іскерліктер: қосу –шығару мәліметтерінің консольды бағдарламасын құру; WPF графикалық интерфейсін қолдану арқылы үстелді қосымша құру; ADO NET технологиясы арқылы тұтынушылар қосымшасын мәліметтер базасына қосу; | БҚ1,БҚ6, БҚ12, КҚ3.4.4, КҚ3.4.6, КҚ3.4.7 |
АП 08 | Бағдарламамен қамтамасыздандыруды жобалау және құрастыру технологиясы Бағдарламалық өнімдерді технологиялық өңдеу: негізгі түсініктер және анықтау, бағдарламаны жіктеу, бағдарламалық өнімдерді құру ерекшеліктері, өмірлік цикл бағдарламасы; бағдарламалық өнімдерді жобалау; модульді бағдарламалау; бағдарламалау стилі, оңтайландыру бағдарламасы мен әсері; ретке келтіру, тестілеу, бағдарламаны шығару; бағдарламаны өндеу құралдары; бағдарламалау технологиясы; бағдарламаны қорғау; бағдарламалық құралды коллективті өңдеу; бағдарламалық құралды құру мен пайдаланудағы экономикалық аспекті | білімдер: - бағдарламалық қамтамасыздандыруды өңдеу процесінің моделі; -бағдарламамен қамтамасыздандырудағы верификация және тестілеу әдісі; - бағдарламамен қамтамасыздандыру сапа стандарты; -бағдарламамен құжаттауды өңдеу әдісі мен құралдары; - бағдарламамен қамтамасыздандырудағы коллективті өңдеушінің жұмыс істеу әдісі; іскерліктер: - бағдарламамен қамтамасыздандыру талаптарын өндіруге қатысу; - жоба құжаты мен команда жұмысын құруда мамандандырылған бағдарламамен қамтамасыздандыруды пайдалану; -есеп бойынша спецификация нәтижесін бағалау мен тестілеуді жүргізу; | БҚ 1, БҚ 3, БҚ 6, КҚ 3.4.8, КҚ 3.4.10 |
АП 09 | Көлемді есептеулер Құрамы мен сипаттамасы. Виртуальдану технологиясы. Сервис моделі. Кеңейту моделі. Көлемді жүйелер архитектурасы. Көлемді есептеудің негізгі моделін ұсыну қызметі: Software as a Service (SaaS) (ПО-қызмет түрінде), Platform as a Service (PaaS), инфрақұрылым сервисі түрінде (Infrastructure as a Service, IaaS), басқа да көлемді сервистер (XaaS). Infrastructure as a Service (IaaS).Case studies қоғамдық ортасы. Бағдарламалау(мысалы MicrosoftWondowsAzure). Бағдарламамен қамтамасыздандыруды құру принципі мен әдісі. Қоғамдық орта. AmazonEC2 жағдайын шолу платформасы. Өңдеу ортасы. Әзірлеуші құралдары. Платформаның негізгі компоненттері. Жеке бұлтты құру және жөндеу. | білімдер: көлемді есептеуіш технологиясының негізгі түсінігі; көлемді сервис моделі; көлемді есептеуіш инфрақұрылымы; бағдарламамен қамтамасыздандыру көлемді сервис принципін өңдеу; іскерліктер: көлемді сервисті пайдалану; көлемді бағдарламаны пайдалануда заманауи құралды өңдеу әдісін пайдалану; бағдарламамен қамтамасыздандыруда көлемді басқару; - жеке бұлтты жөндеу; | БҚ 1, БҚ 3, БҚ 6, КҚ 3.4.8, КҚ 3.4.10 |
АП 10 | Ақпаратты қорғау әдісі Ақпарат қорғауды үздіксіз жетілдіру ұсыныстарын және қауіпсіздіктің бұзылу жағдайларын қарастырады. Ақпараттық ортаны жүйелі сканерлеп, осал тұстарын анықтау және ақпараттық қауіпсіздік қатері. Иерархиялық ұйымдардың құзыретті құрылымына қызметкерлердің ұсыныстарын бұзу жағдайларын анықтап жіберу. Ақпаратты қорғау әдісін меңгереді. | білімдер: -ақпараттық басқару облысындағы озат әдістер мен стандарттар; -ақпаратты қауіпсіздіктің ішкі бақылау әдісі; -ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі әдісін бақылау; іскерліктер: - жалпы бизнес стратегиясымен байланысқан ақпараттық қауіпсіздікті басқару саясаты туралы құжаттарды жасау; - Иерархиялық құзыретті құрылымын анықтау. | БҚ 8, КҚ 3.4.2 |
АП 11 | Мәліметтер базасы Мәліметтер базасының негізгі теориясы; негізгі түсінігі, мәліметтер моделі; атрибуттар мен кілттер; мәліметтер базасын нормалау, қалыпты формалар; реляционды алгебра; мәліметтер базасын жобалаудағы негізгі принциптер; мәліметтер тұтастығы мен қайшылықты қамтамасыз ету; (ҚБМБ) мәліметтер базасын басқару жүйесі; ҚБМБ сәйкестендіру сипаттамасын жіктеу; мәліметтерді монипулдеу: сақтау, қою, өшірілген мәліметтерді теру, мәліметтердің жинақ бағыты; сұрыптау, мәліметтерді іздеу және фильтрация; SQL тілі, ҚБМБ сұранысын тұрғызу принципі, мәліметтерді манипульдеу оператор негізі, таңдау; агрегатты функциялар; сұраныстарды салу, көру, триггерлер, генераторлар. | білімдер: мәліметтер база теориясының негізгі жағдайы; мәліметтер тұрғызу моделінің негізгі принциптері; заманауи аспаптар құралдарын өңдеу мәліметтер базасы; іскерліктер: - ҚБМБ нақты мәліметтерін манипулдеу мен басқару құралдарын пайдалану; - ҚБМБ нақты практикалық дағдылану жұмысы; -объектілі мәліметтер базасын басқару және оларға шектеуді басқару; - заманауи case- құралдарын жобалаудағы мәліметтер базасымен жұмыс; - SQL тілінде қолданбалы бағдарламаны мәліметтер базасында қолдану; -сұранысты құру, триггерлер, SQL тілінде сақталған процедуралар; | БҚ1,БҚ3, БҚ6, КҚ3.4.8, КҚ3.4.10 |
Өндірістік оқыту және кәсіптік практика
Циклдің (пәннің) индексі | Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері | Қалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдылар | Қалыптасатын құзыреттер коды |
---|---|---|---|
КП 01 | Танымдық практикасы Тәжірибенің мақсаты мен міндеті. Мамандық және біліктіліктермен танысу. Өндіріс орнына профиль бойынша саяхат. Техника қауіпсіздігі. Танымдық тәжірибе бөлімдері мен тақырыптары оқу орнымен біліктілігіне сәйкес анықталады. Блок – схеманы құру. Колледж мамандықтарының пән аралық байланыстарына талдау және әлеуметтік серіктестер байланысы ( Блокнот, WordPad, MS Word ).Текстік редакторлар жұмысы мен талдау MS Word және MS Excel. Алгоритм және бағдарламалау түсінігі. Тапсырмаларды орындау. | іскерліктер: -мүмкіндігінше бағдарламаны талдау; -тапсырмаға сай блок-схеманы құру; дағдылары: -таңдалған мамандыққа бағытталу; -өндірістік тәжірибеде бағытталу; | БҚ 2, БҚ 6 КҚ 3.4.1 КҚ 3.4.4 |
КП 02 | Компьютерлік желілер және желілік басқару практикасы Браузер түсінігі, браузерлермен жұмыс, іздеу жүйесі, өшірілген шектеулік жалғауын құру және жөндеу. Internet қызметі.. Компьютерлік желіде ақпараттық қауіпсіздік мәселесімен қамтамасызету,ақпарат қорғау, құрал және әдіс қорғау желісі, антивирусты бағдарламалар.Желіде адрестеу: IP және MAC адресі, адрес классы, желіде, желідегі маска. Жеке және жалпы адрес. | іскерліктер: қажетті бағдарламамен қамтамасыздандыруды орнату; интернет қызметін пайдалану; дағдылары: -желілік операциялық жүйелер және басқару әдістемелігі; - желілік құрылғыларға негізгі техникалық сипаттама; | БҚ 13 КҚ 3.4.9 КҚ 3.4.11 |
КП 03 | Алгоритмдеу және бағдарламалау практикасы "Алгоритмдеу және бағдарламалау" оқу пәнінде алған тереңдетілген білімін практикада бекіту. Қолданыстағы меңгерген құрылымды бағдарламалау әдісімен игеру. Заманауи алгоритм тілінде бағдарлама құру: негізгі элемент тілі, бағдарлама құрылымы, операторлар мен операциялар, басқарушы құрылымдар, мәлімет файлдарының құрылымы; бағдарламалауда: объектілі – бағытталған бағдарламалау түсінігі, класс және объект түсінігі, олардың құрамы және әдісі, объектілі – бағытталған бағдарламалау принципі, инкапсуляция, мұрагерлік және полиморфизм. | іскерліктер: - тапсырма шешу этаптары; -мәлімет типтері; -алгоритмнің базалық құрастырылуы; - объектілі – бағытталған бағдарламалау және модулдік, құрылымдық принциптері; дағдылар: -жоғарғы деңгейдегі бағдарламалау тілінде алгоритмді іске асыру; -бағдарламаны құруға арналған класс пен объект компоненттерін пайдалану. | БҚ1,БҚ6, БҚ12, КҚ3.4.4, КҚ3.4.6, КҚ3.4.7 |
КП 04 | Web – бағдарламалау және Internet технологиялар практикасы "Web – бағдарламалау және Internet технологиялар" оқу пәнінде алған тереңдетілген білімін практикада бекіту. Дайын веб-проекттер құруды игеру: динамикалық сайттар, алынған тапсырма негізінде веб-қосымшалар. | іскерліктер: -"Клиент-сервер" технологиясы жұмыс принципін түсіну; - HTML5 тілі атрибуты оның негізгі тегі; - CSS3тілінің негізгі құрамы; -бэкэнд және фронтенд сайтының функционалды принципі. дағдылар: - Web – сервер жөндеу; - Web беттердің орташа күрделі версткасын HTML5 және CSS3 мен қолдану; -сайт жұмысын қамтамасыз етуге арналған серверлі сықырды құру; - фронтенд сайтын құру үшін Java Script қолдану; | БҚ1,БҚ2, КҚ3.4.3, КҚ3.4.8, КҚ3.4.9, КҚ3.4.10 |
КП 05 | Объектілі - бағытталған бағдарламалау практикасы "Объектілі - бағытталған бағдарламалау" оқу пәнінде алған тереңдетілген білімін практикада бекіту. NET технологиясын қолдана отырып дайын қосымша құруға дағдылану. | іскерліктер: - MS NET платформасының негізгі компоненті және түсінігі; - С# да, NET платформасында ООБ ыңғайлау және қосымша тіл құрылымдары; - ADO.NET арқылы мәліметтер базасымен жұмыс істеу негізі; дағдылар: - NET қолдану арқылы графикалық интерфейспен үстел қосымшасын құру; - NET технологиясы көмегімен дайын қосымшада жұмыс. | БҚ1,БҚ6, БҚ12, КҚ3.4.4, КҚ3.4.6, КҚ3.4.7 |
КП 06 | Операциялық жүйелер практикасы (ҚБП) "Операциялық жүйелер және қолданбалы бағдарлама пакеті" оқу пәнінде алған тереңдетілген білімін практикада бекіту. Үстелде операциялық жүйені орнату мен жөндеуде дағдысын игеру, операциялық жүйеде профилактикалық қызмет өткізу, бағдарламамен қамтамасыз етуді жөндеу және орнату. Бағдарламамен қамтамасыз ету драйверін орнату және іздеу, орнатылған қамтамасыз ету аппаратын жөндеуді анықтау дағдысы. | іскерліктер: -операциялық жүйелер типтері; -функциясы, құрамы, принципі, операциялық жүйені функционалдау; - Windows және Linux/Unix операциялық жүйелерін құру ерекшеліктері; -қолданбалы бағдарламаның функционалды ерекшеліктері; дағдылар: - операциялық жүйеде орнату мен жөндеуді орындау; -тіркеу жазбасын басқару, тұтынушылардың жұмыс істеу ортасының параметрін жөндеу; -желілік параметрді жөндеу; -операциялық жүйеде профилактикалық қызмет көрсетуді орындау; | БҚ13, БҚ14, КҚ3.6.12 |
КП 07 | Бағдарламамен қамтамасыздандыруды технологиялық құрастыру практикасы "Бағдарламамен қамтамасыздандыру технологиясын құрастыру және жобалау" оқу пәнінде алған тереңдетілген білімін практикада бекіту. Бағдарлама өнімін өңдеу технологиясы, бағдарлама өнімін жобалау; бағдарламаны ыңғайландыру және әсері; дұрыстау, тестілеу, бағдарламан сүйемелдеу; Бағдарламаны өңдеуде аспапты құралдар; бағдарламаны қорғау; бағдарламалау технологиясы; бағдарламалық құралдарды коллективті өңдеу; бағдарламалық құралдарды қолдану және экономикалық аспектісін құру; технологиялық және бағдарламалық қажетті құжаттарды өңдеу. | іскерліктер: - бағдарламамен қамтамасыздандыруды өңдеудің негізгі принциптері; -әсерлі өңдеудің негізгі әдісі мен құралдары; - бағдарламамен қамтамасыздандыру верификациясы және тестілеу әдісі; - бағдарламамен қамтамасыздандыруды құрастырушылардың ұйыммен жұмыс істеу әдісі; дағдылар: - бағдарламамен қамтамасыздандыруда өндіруді талап етуге қатысу; - жоба құжаттары мен команда жұмысын құру үшін мамандандырылған бағдарламамен қамтамасыздандыруды пайдалану; -есептеу спецификациясымен тестілеу жүргізіп қорытындысын бағалау; -бағдарламалық және технологиялық құжаттарды құру; | БҚ1,БҚ3, БҚ6, КҚ3.4.8, КҚ3.4.10 |
КП 08 | Жұмысшы мамандығын алу практикасы "Тестілеуші" Мамандандыру бойынша жүйелердің жұмыс істеуін сапалық стандартқа сәйкес қамтамасыздандыру және бағдарламалық өнімді тестілеу протоколымен тестілеу нұсқаулығы. Жүйелердегі проблемалар мен істен шығуды талдау және рұқсат беру қызметі. Бағдарламамен қамтамасыздандырудың қарапайым жеке компоненттерін тестілеу. Тестілеуге байланысты бағдарламамен қамтамасыздандыру операциясын дайындауды орындау. Тестілеу процедурасы мен қарапайым тестілеу жинағын құрастыру. Бекітілген талаптар бойынша тестілеуді реттеу. Стандартты типті бағдарламалық құралдарды құрастыру және енгізуге қатысу. Орындалған жұмысы туралы бекітілген тәртіп бойынша есеп беру. | іскерліктер: -бағдарламалық өнімдерді тестілеу және сынақтан өткізу сұрақтары бойынша нормативті, әдістемелік материалдарды қолдану; -бағдарламамен қамтамасыздандыру құрастыру негіздерін қолдану; -заманауи тестілеу бағдарламасын қамтамасыздандыру әдістемесі мен әдісін қолдану; дағдылар: -тестілеу жүргізуді дайындау жұмысын ұйымдастыру; - компьютер техникасындағы жұмыс режимін және техникалық пайдалану сипаттамасын ажырату,конструктивтік ерекшеліктері, техникалық ережесін қолдану; - өз жұмыс орнын рациональды ұйымдастыру; | БҚ 2 БҚ 13 КҚ 3.5.13 КҚ 3.5.15 |
КП 09 | Компьютерлік графика практикасы " Компьютерлік графика" оқу пәнінде алған тереңдетілген білімін практикада бекіту. Растрлық және векторлық графиканы құруда және бағдарламалық пакетті өңдеуде практикалық жұмыс. Мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыздандыру көмегімен екі немесе үш өлшемді графика құру. | іскерліктер: - графикалық бейнені өңдеу форматы мен процедурасы; - растрлық және векторлық графиканы құру. дағдылар: -әртүрлі типтегі графикалық файл өңдеуде, графикалық пакеттер құру және қолдану; -көркем немесе іскерлік рәсімдеуде әртүрлі құралды пайдалану; -үш өлшемді бейнені құру; | БҚ 2, БҚ6, БҚ 9, БҚ10, КҚ3.4.2, КҚ3.4.3 |
КП 10 | Желілік технологиялар практикасы " Компьютерлік желі және желілік басқару" оқу пәнінде алған тереңдетілген білімін практикада бекіту. Аз және орташа кеңселерде локальды желіні практикалық жөндеу және құру. Желіні құруда жабдықтарды жинау. Желі қауіпсізділігін басқару. Интернет желіні қосу. Интернет желіні қосу тәсілдері. Желі аралық өзара әрекеттесу. Желіні басқару. | іскерліктер: - компьютерлік желіні құру әдісі мен тәсілі, заманауи желілік технологиялар; -коммуникациялық құралдарды құру және оның сипаты; -компьютерлік желіні пайдалану мүмкіншілігін ұйымдастыру тәсілі; дағдылар: -локалды желіні конфигурациялау; -бағдарламалық құралдар көмегімен желілік протоколды пайдалану; -локалды және ғаламдық желі технологиясын перспективті және дәстүрлі әрекетпен практикада қолдануды үйрену; | БҚ1,БҚ2, КҚ3.4.3, КҚ3.4.8, КҚ3.4.9, КҚ3.4.10 |
КП 11 | Өндірістік –технологиялық практика Мамандық профилі бойынша өндіріспен немесе ұйыммен танысу. Желілік құрылым кәсіпорнын белгілеу. Кәсіпорынның техника қауіпсіздігі мен ғылыми ұйым еңбегі. Кәсіпорында ақпаратты өңдеу технологиялық процесті оқу. Аталған кәсіпорында бағдарламалау және ақпаратты қамтамасыздандыру. Ақпаратты өңдеу және есептеуіш жұмыстарын ұйымдастыру. Есептеуіш техниканы пайдалану және қызмет көрсету. Заманауи ақпараттық технологиялар. | іскерліктер: -өндірісте қолданылған жабдықтармен жұмыс және технологиялық процесстерді өңдеу ақпараты; - перспективалық бағдарламамен қамтамасыздандыруды жұмыста қолдану. дағдылар: -есептеуіш техникасына қызмет көрсету; -сәйкестендірілген бағдарламамен қамтамасыздандыруда жұмыс; -өрт қауіпсіздігін талап ету, еңбек қорғау қауіпсіздігін сақтау ережесі. | БҚ1,БҚ2, КҚ3.4.3, КҚ3.4.8, КҚ3.4.9, КҚ3.4.10 |
КП 12 | Диплом алды практикасы ДЖ материалдарын жинау және жүйелеу. Тапсырманы қою. Дипломдық жобалауды бастау және жобалау құжаттарын құрастыру. | іскерліктер: -бағдарламамен қамтамасыздандыруда технологиялық процесті құрастыру; -нормативті құжаттар, бағдарламамен қамтамасыздандыру аумағындағы стандарт; дағдылар: - ДЖ жоба құжаттарын дайындау; - нақты дипломдық жобаны дайындау. | БҚ1,БҚ2, КҚ3.4.3, КҚ3.4.8, КҚ3.4.9, КҚ3.4.10, КҚ3.4.12 |