22.12.2023 күні Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» МКҚК «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен, колледжіміздің әлеуметтік серіктестерімен, жұмыс берушілермен «Жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша білім алушылар мен жұмыс берушілерді интеграциялау туралы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Кездесуге «Связьмонтажстрой» ЖШС басшысы Ранбаев Б.Н., «RoboPark.kz» ЖШС басшысы Сайдазимов Е.Қ., индустриалдық кеңестің төрағасы «Қуатжылуорталығы -3» МКҚ жергілікті жылу көздері бөлімінің басшысы Апетанов А.А., «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Әл-Фараби ауданы бойынша басшы орынбасары Таскараев Е.А., «HILL Corporation» ЖШС коммерциялық және инновациялық вице-президенті Түгелбай Қ., «Омега XXI» ЖШС бас маманы Қалмурзаев Н.Д., келіп өз ұсыныстарын ортаға салды. Алғы сөзді колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Д.К.Тұраров алды. Дөңгелек үстел бағдарламасы бойынша түлектердің жұмысқа орналасуы және мамандарды даярлаудың сапасын бағалау туралы, білім беру бағдарламаларын құрастыру және жетілдіру, индустриалдық кеңес туралы, академиялық дербестік бойынша пікір алмасу, түлектермен және жұмыс берушілермен “кері байланысты” ұйымдастыру туралы айтылды. Білім алушылар жұмыс берушілерге өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Жұмыс берушілер колледж директорының алғыс хаттарымен марапатталды. Дөңгелек үстелді ұйымдастырған бөлім меңгеруші Ақболатова Гүлнара Мұхтарқызы.