«Open talk»: Бітіруші студенттер жұмыс берушілермен кездесті

Шымкент қаласының білім басқармасы «Политехникалық колледжі» МКҚК  «МАНСАП» орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 8 желтоқсан күні «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару» мамандығының бітіруші топтары «Шымкентцемент» Heidelberg materials ЖШС зауытының мамандарымен кездесу өткізді. Білім алушылармен кездесуге «Шымкентцемент» Heidelberg materials ЖШС зауытының цех басшысы Столяров Александр, өндіріс маманы Сейтенов Бауыржан, HR  маманы Абилдаева Гүлжанат келді. Кездесу барысында студенттер мамандық, еңбек шарттары, мансап мүмкіндіктері және жас мамандарға арналған қосымша мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар білім алушыларға жұмыс мазмұны, оның шарттары тұрғысында, болашақ жұмыс берушілердің ұсыныстары туралы ақпарат алуға, сондай-ақ болашақ мамандықтарының ерекшеліктері жайында білуге, жұмысқа орналасу мәселелерін шешуге сенімділік берді. Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс берушілер мен колледждің дуальды оқыту және студенттердің өндірістік практикадан өтуі үшін базалар ұсыну саласындағы тиімді ынтымақтастық меморандумдарының шарттары талқыланды. Кездесуді ұйымдастырған: директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Тұраров Дэниэль Күнтуғанұлы, бөлім меңгеруші Ақболатова Гүлнара Мұхтарқызы.

         

Столяров Александр

Начальник цеха АПП

Сейтенов Бауыржан

менеджер по производству

Абилдаева Гулжанат

HR спецалист

Тұраров Дэниэль Күнтуғанұлы

Политехникалық колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *