Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі

Шымкент қаласы білім басқармасның «Политехникалық колледжі» МКҚК

бос жұмыс орынға

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Конкурс жарияланған лауазым атауы: Әдістемелік кабинет меңгерушісі

Конкурс өткізу мерзімі: Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап (7.11.2023-15.11.2023) жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарын қарауды жүргізеді.

Конкурс өткізілетін орын: Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Конкурс өткізетін мекеменің мекен жайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі 30, инд:160012, Электронды пошта: ukpk_politech@mail.ru

Байланыс телефондары:8-7252-21-44-11

Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек ақы төлеу мөлшері 225 424 тенге

Лауазымның тұрақты немесе уақытша болуы:Тұрақты

Лауазым жүктемесі: лауазымдық жалақы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы№338 бұйрығына сәйкес:

Лауазымдық міндеттері: /225 тармағына сәйкес/

      Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кабинет (орталық) секторының қызметін басқарады, қызмет бағыты бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, жоспарлы тапсырмалардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, әдіскерлердің жұмысын үйлестіреді.

      Әдіскерлерге, педагогтарға инновациялық әдістемелік материалдарды, технологияларды, әдістемелерді меңгеруге және әзірлеуге көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

      Білім беру процесін жетілдіру және әдістемелік жұмысты басқару бойынша ұсыныстар енгізеді.

      Педагогтарды беру (растау) рәсімін дайындауға және өткізуге қатысады.

      Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды.

 Біліктілікке қойылатын талаптар: /227 тармағына сәйкес/

      облыс, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде:

      тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі кемінде соңғы 5 жыл.

      қалалар/аудандар деңгейінде:

      тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі кемінде соңғы 3 жыл.

Құжаттар тізімі:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы “Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы” №57 бұйрығының 154-тармақшасына сәйкес Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде колледждің ukpk_politech@mail.ru эл.почтасына құжаттарды электрондық (PDF) түрінде жолдайды:

1) осы Қағидалардың сәйкес нысан бойынша 15-қосымшаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жылжұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейне презентациясы (өзін-өзітаныстыру) ұзақтығы кемінде 15 минут,ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Қосымша ақпарат:

1. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

2. Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

3. Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Қосымша талаптар:

1. Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ педагог мәртебесі туралы Заңнаманы бұзу туралы сұрау салуды Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментке жолданады.

2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзушылық жасалғаны туралы мәліметтер анықталған кезде педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.

3. Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.

Білуге тиіс:      

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы“, “Педагог мәртебесі туралы“, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы“, “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы“, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

      педагогика және психология негіздерін,

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

      педагогиканы, психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, қаржы-шаруашылық