Skip to content
2018 жылы 19 сәуір күні колледжіміздің І курс студенттеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында Облыстық наркологиялық диспансерінің нарколог маманы Р.А.Баймурыновамен «Адамның репродуктивті денсаулығына есірткі және улы заттардың ықпалы» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесу мақсаты адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын, зардаптарын оқушыларға түсіндіру, оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, оқушылардың адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, жаман әдеттен бойларын аулақ болуын дамыту.
Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты қағидалары: оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, оқушылардың бойында адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу.
Облыстық наркологиялық диспансерінің нарколог маманы
Р.А Баймурынова сөзін қорытындылай келе әрқайсысың бойларыңдағы бар қабілеттеріңді тек жақсылыққа бағыттай біліңдер. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңдар. Бойыңды ластамай, жан – дүниеңді таза ұста. Бос уақытыңды пайдалы іске арна. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың – өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады. Кімде-кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл-қыз болам десе – арақ ішпесін. Өз ортасына қадірлі адам болам десе – темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат болам десе – нашаға әуестенбесін!, -деп студенттерге өз кеңесін де беріп өтті.