Әлеуметтік – психологиялық қызмет


Әлеуметтік – психологиялық қызметтің мақсаты: колледж студенттері мен педагогтарының сәтті әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау.

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу барысында негізгі міндеттер мыналар болып табылады:

— Студенттердің психологиялық ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен бейімділіктерін зерттеу, олардың жеке және интеллектуалды дамуына көмек көрсету;

— Студенттерге оқу барысында және маман ретінде қалыптасуда сәтті бейімделуге психологиялық көмек көрсету;

— Педагогтарға студенттермен жеке көзқарас ұйымдастыруда әлеуметтік-психологиялық диагностика негізінде көмек көрсету;

— Студенттер арасында асоциальды және өзін-өзі бұзатын мінез-құлық өзгерістерінің алдын алу, анықтау және әлеуметтік-психологиялық түзету;

— Оқу процесінде туындаған әлеуметтік-психологиялық мәселелерді шешуде ата-аналарға консультативтік көмек көрсету.

Колледждің әлеуметтік-психологиялық қызметінің нысандары мен әдістері.

Психологиялық сүйемелдеу келесі нысандарда жүзеге асырылады:

— Жеке жұмыс;

— Топтық жұмыс.

Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу әдістері:

— Диагностика;

— Сауалнама;

— Жеке кеңес беру;

— Бақылау;

— Тестілеу;

— Құжаттаманы зерттеу.

Диагностикалық бағытта жыл бойы психологиялық қызмет эмоционалды-ерік саласы, топтағы психологиялық климат, өзін-өзі бағалау, студенттердің тұлғалық акцентуациясын, логикалық ойлауын тексеруді жүргізеді.

Диагностикаға келесі тест әдістері мен тренингтер кіреді: алаңдаушылық пен агрессия деңгейін бағалау, коммуникативтілікті бағалау, оқу мотивациясын диагностикалау, оқу жетістіктерін бағалау, студенттің социометриялық статусын анықтау, топтың біртұтастығын анықтау.

Диагностика нәтижелері бойынша әр кураторға топтың психологиялық портреті мен ұсыныстарды қамтитын анықтама жасалады.

Коррекциялық — дамытушы жұмыс.

Диагностика нәтижелері бойынша топтық тренингтік — коррекциялық жұмыс жүргізіледі. Психологиялық тренингтер сәтті бейімделуге, топтық өзара әрекеттестікті дамытуға, топтың біртұтастығын арттыруға, көшбасшылық қасиеттерді, әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларды дамытуға, оқу мотивациясын жоғарылатуға, агрессия мен дұшпандық деңгейін төмендетуге, адамаралық қарым-қатынастарды жақсартуға көмектеседі.

Психологиялық профилактика:

— Кураторлық сағаттар, ата-аналар жиналыстары, семинарлар өткізу, баяндамалар дайындау; «студент-студент», «студент-ата-ана», «студент-оқытушы» қарым-қатынастарын реттеу; салауатты өмір салтын насихаттау; студенттер мен кураторлар ұсынған тақырыптар бойынша жұмыс жүргізу; оқу пәндері бойынша үлгерімнің төмендеу себептерін анықтау және т.б.

Психологтың педагогикалық ұжыммен жұмысы:

— Педагогикалық ұжымда қолайлы атмосфера құру;

— Жеке және оқу қиындықтарын сезінетін студенттермен жұмыс істеуде оқытушыларға қолдау көрсету;

— Топтың ұжымын қалыптастыруға көмек көрсету.

Педагогтардың психологиялық ағартуы мақсатында психолог студенттердің жас ерекшеліктері туралы материалдар ұсынады. Оқу жылы барысында психолог кураторларға достық оқу ұжымын қалыптастыруға көмек көрсетеді, сондай-ақ конфликттік жағдайларды шешеді.

Әлеуметтік-психологиялық қызметтің жетім студенттермен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттермен жұмысы:

Оқу жылының басында әлеуметтік-психологиялық қызмет директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен және бөлім меңгерушісімен бірге жетім студенттер мен қамқорлықтағы студенттермен «дөңгелек үстел» кездесуін өткізеді, әңгімелесу жүргізіледі, мұндай кездесулер жасөспірімдерді біріктіріп, достастыруға көмектеседі. Жыл бойы әлеуметтік педагог куратормен бірге қамқорлығындағы студенттер тәрбиеленіп жатқан отбасыларға тұрақты түрде бақылау жүргізеді, тұрмыс жағдайларын анықтайды, тұрмыстық және әлеуметтік-психологиялық жағдайларды тексеру актілерін жасайды.

Даму мүмкіндіктері шектеулі студенттермен жұмыс:

Оқу жылы бойы әлеуметтік педагог даму мүмкіндіктері шектеулі студенттердің оқуы мен қатысуын бақылап, есеп жүргізеді. Әлеуметтік педагог студенттің отбасылық микросредасын зерттейді. Жеке жұмыс барысында маңызды кезең — бұл отбасыға бару. Визиттің негізгі мақсаты — баланы және оның жақындарын танып-білу. Студенттің ата-анасымен әңгімелесу арқылы оның қызығушылықтары, денсаулығы, әдеттері, дағдылары туралы қажетті ақпарат алуға болады.

Әлеуметтік-психологиялық қызметтің ата-аналармен жұмысы:

Колледжде отбасымен жұмыс істеудің маңызды нысаны — әрбір ата-анамен жеке жұмыс істеу. Отбасының ерекшеліктерін зерттеу, ата-аналармен (әрқайсысымен жеке) әңгімелесу, ата-аналардың балалармен қарым-қатынасын бақылау баланың тәрбиесіне бірлесіп әсер ету жолдарын анықтайды.

Ата-аналармен және студенттермен жеке дифференциацияланған жұмыс нысандарының бірі — консультациялар. Олар, бір жағынан, отбасының өмірін жақынырақ білуге және мұқтаж жерлерде көмек көрсетуге, екінші жағынан — ата-аналарды өз балаларына мұқият қарауға, олардың мінез-құлық ерекшеліктерін анықтауға, оларды қалай тәрбиелеген дұрыс екендігі туралы ойлануға ынталандырады.

Қызмет құрамына кіреді:

Әлеуметтік педагог  Нұрымбетова Мадина Тағайқызы

Телефон: 8 – (702) – 949 – 58 – 80

Педагог-психолог  Жанарбек Аида Талғатқызы     

Телефон: 8 (776) 744 20 11

Педагог – психолог Төлеген Ұлданай Қаныбекқызы   

Телефон: 8 (707) 171 42 81

     Әлеуметтік-психологиялық қызметке келесі мәселелер бойынша жүгінуге болады: бейімделу мәселелері, өзіне сенімсіздік, адамаралық қарым-қатынастар (достармен, оқытушылармен, қарама-қарсы жыныспен); отбасылық мәселелер, ата-аналармен қарым-қатынас; өзін-өзі тану және жеке тұлғалық өсу; сессияға дайындық кезеңіндегі психологиялық қолдау; стрессті жеңу, релаксация; әлеуметтік мәртебесі бар студенттерге мемлекет тарапынан қарастырылған жеңілдіктерді жүзеге асыру: жеңілдетілген тамақтану, қаржылай өтемақы алу; конфликттік жағдайлар және тағы басқалар.