Жетістіктер

Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің жетістіктері

туралы мәлімет

2016 жыл қыркүйек. WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатында колледж оқытушысы Әбдіхалықұлы Қанат «Электрмонтаждау жұмыстары» құзыреттілік бойынша сарапшы болғандығы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтың Сертификаты берілді.
2016 жыл қыркүйек. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Дені сау ұлт – Тәуелсіздік тірегі» бұқаралық жүгіру марафонында белсенді қатысқаны үшін колледж оқушысы Чижевский Артем ОҚО дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Ә.Нұртаевтың Дипломымен марапатталды.
2016 жыл қыркүйек. Қала күніне арналған бұқаралық жүгіру жарысында 2000-2001 ж.т. арасындағы жеңімпаз колледж тобының оқушысы Валиев Максим Шымкент қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың Дипломына ие болды.
2016 жыл қыркүйек. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын насихаттау мақсатында өткен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауында ІІ орын иеленген колледждің «Саңлақтар» тобы (Бекболат Б.(251топ), Жандар Б. (151топ), Ивко В.(263к топ) Шымкент қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы директоры Н.С.Жұманованың Дипломымен марапатталды.
2016 жыл қыркүйек. Өңірде білім саласының дамуына, өскелең ұрпақтың рухани және зияткерлік деңгейін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Балабекова Дана Амановна Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі Б.Атамқұловтың Грамотасына ие болды.
2016 жыл қазан. Мемлекеттік тілді оқытып жүрген ұстаздардың ішінен талантты, әрі шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды анықтау, қолдау, марапаттау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту, ынталандыру, қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау мақсатында өткен «Тіл мерейі – 2016» атты облыстық байқауда ІІ орын иеленгені үшін колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Досжанова Молдір Сырбайқызы ОҚО тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының Дипломымен марапатталды.
2016 жыл қазан. «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ әкімшілігі атынан колледждің педагогикалық ұжымына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік-педагогикалық кадрлары мен басшыларына арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізуде белсенділік танытып, атсалысқаны үшін Басқарма төрағасы Н.Аршабековтың Алғыс Хаты.
2016 жыл қараша. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері оқытушыларының арасында өткізілген облыстық Спартакиадада кіші футболдан үздік ойын көрсеткені үшін дене шынықтыру кафедрасының оқытушылары ОҚО білім басқармасының Грамотасымен марапатталды.
2016 жыл қараша. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері оқытушыларының арасында өткізілген облыстық Спартакиадада кір тасын көтеруден ІІІ орынды иеленгені үшін колледждің дене шынықтыру кафедрасының оқытушылары ОҚО білім басқармасының Грамотасымен марапатталды.
2016 жыл қараша. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері оқытушыларының арасында өткізілген облыстық Спартакиадада арқан тартудан ІІ орынды иеленгені үшін колледж дене шынықтыру кафедрасының оқытушылары ОҚО білім басқармасының Грамотасымен марапатталды.
2016 жыл қараша. «Студенттік Шақ» фестивалі жобасы аясында ұйымдастырылған студент жастардың облыстық «Көркем сөз оқу сайыстарына» белсене қатысқаны үшін колледж ақыны Бекділдә Айбек ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының Алғыс Хатымен марапатталды.
2017 жыл ақпан. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, көркемсөз әдебиетті насихаттау, тіл мәдениетін көтеру мақсатында өткізілген оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХІХ қалалық байқауында колледждің ІІ курс 251 тобының оқушысы Бекболат Бекзат ІІ орынға ие болды.
2017 жыл маусым. Сертификат Красного полумесяца Казахстана команде волонтеров колледжа за участие на соревнованиях по первой помощи в рамках проекта «Шымкент без потрясений».
2017 жыл қараша. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Үздік жастар премиясы» жастар сыйлығының «Үлгілі студент» номинациясын иеленгені үшін 552 тобының оқушысы Қожатайқызы Айнұр марапатталды.
2017 жыл қараша. Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында жастар арасында өткізілген «Атамекен» атты патриоттық ән байқауында 251 тобының оқушысы Бақтыбай Ляззат ІІ орынға ие болды.
2017 жыл қараша. Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Абыройлы ұстаз» тақырыбындағы облыстық бейнероликтер байқауынан жүлделі ІІ орын иеленгені үшін колледждің 251 тобы оқушысы Бекболат Бекзат ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Көмекбаевтың Дипломымен марапатталды.
2017 жыл 17 қараша. Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының аясында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында, жаңа форматтағы оқыту үрдісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «Оқу мен оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында әдістемелік семинары өтті.
2017 жыл 28 қараша. Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттандыру қоғамының жаңа талаптарын орындау, оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдану мақсатында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – білім кеңістігінде» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
2017 жыл. Облыстық чемпионатта «Кәсіп иесі» атты инновациялық жобалардың арнайы көрмесіндегі үздік шығармашылық жобасы үшін Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі ОҚО Білім басқармасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Облыстық аймақтық чемпионатында «Электромонтаж ісі» құзіреттілігі бойынша жоғары деңгейлі шығармашылығымен танылған Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің өндірістік шебері (арнайы пән оқытушысы) Г.Толыбаев ОҚО Білім басқармасының І дәрежелі дипломымен марапатталды. Облыстық аймақтық чемпионатында «Бағдарламашы» құзіреттілігі бойынша жоғары деңгейлі шығармашылығымен танылған Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің өндірістік шебері (арнайы пән оқытушысы) А.Тасбулатова ОҚО Білім басқармасының І дәрежелі дипломымен марапатталды.
2017 жыл желтоқсан. Облыстық чемпионатта «Кәсіп иесі» атты инновациялық жобалардың арнайы көрмесіндегі үздік шығармашылық жобасы үшін Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі ОҚО Білім басқармасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
Облыстық аймақтық чемпионатында «Электромонтаж ісі» құзіреттілігі бойынша жоғары деңгейлі шығармашылығымен танылған Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің өндірістік шебері (арнайы пән оқытушысы)Толыбаев Генжебай Жангабаевич ОҚО Білім басқармасының І дәрежелі дипломымен марапатталды.
Облыстық аймақтық чемпионатында «Бағдарламашы» құзіреттілігі бойынша жоғары деңгейлі шығармашылығымен танылған Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің өндірістік шебері (арнайы пән оқытушысы) Тасбулатова Алия Алтаевна ОҚО Білім басқармасының І дәрежелі дипломымен марапатталды.
«Қазақстаннның 3.0 жаңғыруы: бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жаңғырту» тақырыбында өндірістік шеберлер мен студенттердің облыстық аймақтық чемпионатында «Электромонтаж ісі» құзіреттілігі бойынша жоғары деңгейлі шығармашылығымен танылған Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің Үздік студенті Мырзалы Еркебұлан және «Бағдарламашы» құзіреттілігі бойынша Қалтаев Нұрсұлтан ОҚО Білім басқармасының І дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
2017 жылы 26 желтоқсан.  ОҚО Білм басқармасының жүйе сапа менеджменті білім беру қызметіне қатысты ҚР СТ ISO 9001-2016 (ISO 9001:2015) «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар» талаптарына сәйкестігімен куәландырылды.
2017 жыл. Шымкент қаласының үстел үсті теннисінің арнаулы орта оқу орындары арасындағы спартакиадада І орын алғаны үшін Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі Дипломымен марапатталды.
Жеңіл атлетикадан орта арнаулы оқу орындары спартакиадасы бағдарламасындағы өткен жарыста І орын алған үшін Чижевский Артем Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі Дипломымен марапатталды.
2018 жыл қантар. Колледж оқушысы Маханбет Ботакөз шорт-тректен Қазақстан Республикасы кубогының ІІІ орын алған үшін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Дипломымен марапатталды.
2018 жыл қантар. Колледж оқушысы Маханбет Ботакөз шорт-тректен Қазақстан Республикасы Кубогінде І-кезеніндегі эстафетадан 3000 м. ара қашықтықта ІІ-орын алған үшін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Дипломымен марапатталды.
2018 жыл ақпан. Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі Дипломымен ОҚПК Шымкент қаласының АООО-ы арасындағы 33-спартакиада бағдарламасындағы дойбы жарысында І орын алғаны үшін марапатталды.
2018 жыл ақпан. Астананың 20 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласының арнаулы орта оқу орындары арасында тоғызқұмалақтан және шахмат жарысында өткен 33-спартакиадасында ІІ-орын алған үшін ОҚПК командасы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі Дипломымен марапатталды.
2018 жыл ақпан. Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 жылдық мерейтойына арналған волейбол сайысынан І орын, спорттық бәсекеде жалпыкомандалық есепте ІІ орын, кіші футбол жарысынан ІІІ орын алған үшін ОҚПК марапатталды
2018 жыл 8 ақпан. Астана қаласында «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ ұйымдастырумен «Организация и проведение региональных и Национального чемпионатов WorldSkills Kazakhstan» тақырыбында семинар өтті. Республикалық семинарға колледж әдіскеріД.А.Балабекова қатысып, сертификаты берілді.
2018 жыл 17-19 ақпан. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында «WorldSkills Kazakhstan» бағдарламасына байланысты сессияға колледж әдіскері Балабекова Дана Амановна қатысып, сертификаты берілді.
2018 жыл 5-6 наурыз. «WorldSkills Kazakhstan» чемпионатының стандарттары бойынша «Бағдарламалау және АЖ» және «Электрэнергетика» бөлімдерінде «Мобильді робототехника», «Веб-дизайн» және «Электромонтаж» құзіреттіліктері бойынша «WorldSkills – 2018» колледжішілік чемпионаты өткізілді.
«Мобильді робототехника» құзіреттілігі бойынша:
І-орын – 1 команда: Абсаматов Адил және Абдрахман Орынбасар
ІІ-орын – 2 команда: Турсын Тилепбай және Боранбай Тасболат иеленді.
«Электромонтаж» құзіреттілігі бойынша:
364у топ студенті Бақбергенұлы Еркебұлан І-орынды иеленіп, аймақтық чемпионатқа жолдау алды.
2018 жыл 5-6 сәуір. ТжКБ мекемелерінің білім алушылары арасында «WorldSkills – 2018» облыстық чемпионатының «Инженерлік графика. CAD» және «Электромонтаж» құзіреттіліктері колледж базасында өткізілді.
Облыстық чемпионатында «Электромонтаж» құзіреттілігі бойынша «Электрэнергетика» бөлімінің меңгерушісі Дэниэль Күнтуғанұлы Тұраровтың жетекшілігімен, жоғары деңгейлі шығармашылығымен танылған 364у топ студенті Еркебұлан Бақбергенұлы ОҚО Білім басқармасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
2018 жыл сәуір. 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай ұйымдастырылған «Сау болу – сәнді!» ұранымен өткен спорттық шаралар барысында жеңіл атлетикадан қалалық колледждер арасында І орын иеленгені үшін колледж құрама командасы «ОҚО СӨСҚО» ЖШС-нің Дипломымен марапатталды.
2018 жыл сәуір. 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай ұйымдастырылған «Сау болу – сәнді!» ұранымен өткен спорттық шаралар барысында тізерлеп доп лақтырудан қалалық колледждер арасында ІІ орын иеленгені үшін колледж құрама командасы «ОҚО СӨСҚО» ЖШС-нің Дипломымен марапатталды.
2018 жыл сәуір. 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай ұйымдастырылған «Сау болу – сәнді!» ұранымен өткен спорттық шаралар барысында жүгіру 800 метр қыздар арасында ІІІ орын иеленгені үшін колледж құрама командасы «ОҚО СӨСҚО» ЖШС-нің Дипломымен марапатталды.
2018 жыл 12-13 сәуір. 12 сәуір академик Қаныш Сәтбаевтың 119 жылдық мерейтойына орай митинг өткізіліп, Қ.Сәтбаев ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. 13 сәуір күні колледж оқу залында колледж әдістемелік кабинеті ұйымдастырумен «Ұлы тұлға. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев» аттыдәстүрлі «X Сәтбаев оқулары – 2018» ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
2018 жылы 31 мамыр. «Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі» МКҚК «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіздік агентігі» коммерциялық емес мекемесінің Халықаралық институтционалдық және мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлік иегері болды. Бұл куәлік 5 жыл мерзімге аккредиттеуден өткенін растайды. (Куәліктің жарамдылық мерзімі 31.05.2018-30.05.2023 ж.ж.)
2018 жыл мамыр. Қазақстан Республикасы жасөспірімдер арасында гір көтеру спортынан ІІ орын иеленгені үшін колледж 4061 тобының оқушысы Әлі Рамазан спорт шеберіне үміткер (КМС) дәрежесін орындады.
2018 жылы қыркүйек. ҚР БжҒМ «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының І дәрежелі дипломымен Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер байқауның өңірлік кезеніңде заманауи білім беру әдістемелерін қолдану бойынша озық тәжірибелерін таратқаны үшін Шымкент қаласы, Политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Тасбулатова Алия Алтаевна, Ш дәрежелі дипломымен Толыбаев Кенжебек және «Креативті педагог» номинациясымен Токсанбаева Акмарал Нурмахановна марапатталды.
2018 жылы 24 қазан ҚР БжҒМ «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен Халықаралық онлайн семинарына «Обмен опытом: технология внедрения робототехники в образовательный процесс» тақырыбындағы онлайн семинарына колледж оқытушысы Ж.Кембаева өз баяндамасында тәжірибесімен бөлісіп сертификат иегері болды.
2018 жыл қараша. «Оңтүстік» телеарнасының ұйымдастыруымен «Үздік студент» байқауында халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша ІІ курс 372 тобының студенті Казьмин Тимурүздік атанды.
2018 жыл желтоқсан. Шымкент қаласы әкімінің «Үздік жастар премиясы – 2018» жастар байқауының «ҮЗДІК ОАОО СТУДЕНТ» номинациясын иегері ІІ курс 372 тобының студенті Казьмин Тимур.
2019 жыл қантар, Алматы. www.IQcenter.kz интеллектуалдыбілім порталы мен Республикалық «Ұлан» басылымының ұйымдастыруымен өткен жалпы Республикалық шығармашылық байқауға қатысып «Бір кем дүние» атты номинациясы бойынша үздік деп танылған колледж ІІІ курс студенті Келмұрат Абылайхан ІІ орын Дипломымен марапатталды (жетекшісі Нұрымбетова Мадина Тағайқызы).
2019 жыл ақпан. Қазақтың аяулы қызы, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Қанатты жырдың қарлығашы» атты жыр мүшайрасына қатысып,І орын алғаны үшін колледж ІІ курс студенті Керимбеков АманғалиШымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» КММ-сінің Грамотасымен марапатталды.
2019 жыл ақпан. Қазақтың аяулы қызы, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Қанатты жырдың қарлығашы» атты жыр мүшайрасына қатысып,өз өнерін жоғары деңгейде көрсеткені үшін колледж IV курс студенті Сейдуалы Рустем Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» КММ-сінің Алғыс Хатымен марапатталды.
2019 жыл ақпан. «Дария дамыту орталығының» ұйымдастыруымен Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабынан өткен «Үздік оқырман» бәйгесіне қатысып, белсенділік танытқаны үшін колледж студенттері орталығының Алғыс Хаттарымен марапатталды.
2019 жыл наурыз, Алматы. «Мың бала» Республикалық білім сайтының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының арасында өткен Республикалық «Ұстаз берген бағыт» атты жас таланттар байқауына қатысып ерекше шығармашылық дарынымен көзге түскені үшін колледж І курс студенті Алпысбай Нұрдәулет І орын Дипломымен марапатталды (жетекшісі Тулеметова Багила Өмірзаққызы).
2019 жыл сәуір. 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Сау болу –сәнді!» ұранымен өткен спорттық шараға белсене атсалысқаны үшін колледж студенттері Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының Алғыс Хатымен марапатталды.
2019 жыл сәуір. 11 сәуір күні ақын Ә.Аймақтың 65 жасқа толуына орай “Жұбанышы жанымның-күнім өлең” атты еске алу кешінде 871 топ студенті Керімбек Аманғали ақынға арнау өлеңін оқып, алғыс хатпен марапатталды.
2019 жыл сәуір. «Отан деп соғады жүрегім!» айдарымен патриоттық әндер фестиваліне белсене қатысып, өнер көрсеткені үшін колледж студенттері Назарова А., Балабек А., Мүсырман «Шымкент қалалық мәдениет үйі» Концерттіқ ұйымы» МКҚК-ның Алгыс Хаттарымен марапатталды.
2019 жылғы 10-12 сәуір. Қалалық «Worldskills Shymkent – 2019» чемпионатында Веб-дизайн құзыреттілігі бойынша үздік қатысқаны үшін Дарханов Абылайхан І дәрежелі дипломменКажиханов Бағдаулет ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі Тасбулатова Алия Алтаевна).
2019 жылғы 10-12 сәуір. Қалалық «Worldskills Shymkent – 2019» чемпионатында «Мобильды робототехника» құзыреттілігі бойынша үздік қатысқаны үшін Анарбаева Балнұр,Тұрсынбай Дәулет І дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі Досболов Бауыржан Болатханұлы).
2019 жылғы 10-12 сәуір. Қалалық «Worldskills Shymkent – 2019» чемпионатында «Желілік және жүйелік әкімшілік» құзыреттілігі бойынша үздік қатысқаны үшін Веренич Никита III дәрежелі дипломымен;«Бизнеске арналған бағдарламалық шешімдер»құзыреттілігі бойыншаКондратьев Владислав I дәрежелі дипломымен, Шепелев Константин II дәрежелі дипломымен (жетекшісі Кембаева Жаннур Қуралбаевна);«Электромонтаж»құзыреттілігі бойыншаСавченко Игорь II дәрежелі дипломымен (жетекшісі Тұраров Дәниель Күнтұғанұлы); «Графикалық дизайн»құзыреттілігі бойыншаСорокин Ринат II дәрежелі (жетекшісі Шакирова Айтолқын Қалдарбековна) дипломдарымен марапатталды .
2019 жылғы 22-25 сәуір, Түркістан. Түркі кеңесі Жас көшбасшыларының ІІ Форумының жұмысына колледждің ІІ курс 372 тобының студенті Казьмин Тимур қатысты.
2019 жылғы 5 мамыр. Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы Шымкент қаласы«SMART-maman» – мамандарды дайындау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқу орталығы ұйымдастырумен оқытушылардың мемлекеттік тілді оқытудағы инновациялық идеяларын қолдау, сандық технологиялар арқылы қолданылған педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау және тарату мақсатында орыс тілді аудиторияларда қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер арасында өткен «Үздік оқытушы – 2019» байқауында Бас жүлде иегері қазақ тілі мен әдебиет пән оқытушысы Сарыбаева Ақтолқын Жұмаханқызы марапатталды.
2019 жылы, 29 мамыр. Шымкент қаласы білім басқармасы қалалық «Үздік педагог – 2019» сырттай байқауына қатысып кәсіби қызметтегі жоғары жетістіктері және білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Политехниклық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы ДосжановаМөлдір Сарыбайқызы ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
2019 жылы, қазан. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтуы ұйымдастыруымен Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер байқауының өңірлік кезенінде заманауи білім беру әдістемелерін қолдану бойынша озық тәжірибелерін таратқаны үшін Шымкент қаласы, Политехникалық колледжі жалпы пән оқытушысы Сарыбаева Ақтолқын Жумахановна І дәрежелі дипломымен марапатталды.
2019 жылы, қазан. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтуы ұйымдастыруымен Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер байқауының өңірлік кезенінде заманауи білім беру әдістемелерін қолдану бойынша озық тәжірибелерін таратқаны үшін Шымкент қаласы, Политехникалық колледжі арнайы пән оқытушысы Нуранова Жұлдызай Үмбеталиқызы ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.