Политехникалық колледжіне Қош келдіңіз!

Шымкент қаласының Политехникалық колледжі – болашақ мамандарды сапалы біліммен және практикалық дағдылармен қамтамасыз ететін инновациялық оқу орны. Ол 1997 жылдың 8 мамырында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №814 қаулысына сәйкес құрылған. Содан бері колледж елдің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде маңызды орынға ие болып, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлай отырып, табысқа жетудің сенімді жолына айналды.

Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау туралы Жарлығына сәйкес, жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыру және жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандыру мақсатында Шымкент қаласының Білім басқармасы мен «Политехникалық колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жұмысшы мамандықтарды насихаттау және жаңғырту бағытында белсенді жұмыс атқаруда.

 

Біздің колледж заманауи білім беру технологияларын қолданып, жастарға жарқын болашаққа нық қадам басуға мүмкіндік береді. Біз әр студенттің әлеуетін ашуға жағдай жасап, кәсіби өсу мен жеке дамуға жол ашамыз.
Политехникалық колледж – болашаққа бірге қадам басайық, табысқа жету жолы осы жерден басталады!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОКУШЫЛАР!

          Үйде және көшеде қиындықтарға тап болған колледж оқушыларына және олардың ата-аналарына комектесуге арналған тегін консультациялық көмек көрсету бойынша «Bala Qorgau» – «balaqorgau» веб-сайты жобасы іске қосылды. Сайтта проблемалық жағдайларды шешу бойынша кеңестер беріледі.Нысанды толтыру арқылы балалар қажет болған жағдайда олармен байланысатын мамандардан жеке кеңес алуға өтініш бере алады.Жобамен толығырақ  https://bala.gov.kz сайтта танысуға болады.