Қажетті құжаттар

Өтініш қабылдау

Күндізгі бөлім:

9 және 11 сыныпты бітіргендер – 2019 жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында,  1418000-Сәулет өнері мамандығы бойынша 2019 жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;

Сыртқы бөлім:

11 сыныпты бітіргендер – әр жылдың 20 маусымынан 20 қыркүйегіне дейін.

Өтінішке қосымша:

  1. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы.
  2. Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса).
  3. № 086/У үлгідегі флюро суреті бар медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы).
  4. Фотосурет 3×4 см көлеміндегі 4 дана.
  5. Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

2019 жылы 11 сынып негізінде жалпы білім беретін орта мектепті бітірген талапкерлер күндізгі және сыртқы оқыту бөлімдеріне ұлттық біріңғай тестілеудің (ҰБТ) сертификаты бойынша қабылданады.