Шымкент қаласы білім басқармасы Политехникалық колледжінің әдістемелік кабинеті колледждің 10 пәндік-циклдік комиссиясымен мақсатты түрде жұмыс істейді.
Әдістемелік кабинеттің негізгі мақсаты – жас кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыру, аға буын педагогтарының озық тәжірибесін алмасу және тарату, ашық сабақтардың сапасын арттыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану.
Әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2024-2025 оқу жылында жас педагогтардың тәжірибелі әріптестерімен тығыз байланыс орнату, сондай-ақ шығармашылықпен жұмыс істейтін дарынды педагогтардың педагогикалық шеберліктерімен алмасу мақсатында көптеген әдістемелік семинарлар, ашық іс-шаралар, шебер-сыныптар өткізілді.
Уақыт талабына сай оқытушылар әртүрлі ақпараттық технологияларды пайдаланып, өз білімін жетілдіру мен өзін-өзі дамыту бойынша үнемі жұмыс істейді, заманауи әлемнің ақпараттық кеңістігіндегі жаңалықтармен әріптестерімен бөліседі, осылайша қызығушылық пен танымдық ынтаны арттырып, оқушыларды зерттеу жұмысына, терең білім алуға тарту, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Әрбір сабақ көрнекі құралдармен, бейнемазмұндармен және аудиоматериалдармен байытылып, негізгі сабақ тақырыбын мұқият зерттеуге бағытталған тиімді әдістер мен оңтайлы тәсілдермен жүзеге асырылады. Қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде білімге және сабаққа жаңа талаптар қойылатынын ескеру маңызды. Мемлекеттік білім беру стандарттарының енгізілуіне байланысты оқытушыларға оқу процесінің мақсаттарын қоғамның қазіргі талаптарына сәйкес орындау міндеті жүктелген. Барлық сабақтардың электронды нұсқалары колледж оқытушылары тарапынан жүйеленіп, әдістемелік кабинетке ұсынылған.
Білім беру жүйесінде тұлғаның дамуы универсалды оқу әрекеттерін қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі, олар білім беру және тәрбие процесінің өзгермейтін негізі болып табылады. Оқушылардың универсалды оқу әрекеттерін меңгеруі жаңа білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді табысты меңгеруге, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік береді, яғни оқуға деген қабілеттілік, оқу мазмұнын өмірлік міндеттерді шешу контексіне енгізу.
Оқу – әдістемелік жұмыс
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...