Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 14 қарашасында сағат 11.00-11.30 аралығында республика бойынша «Жалпыхалықтық диктант» өтті.
Шараның негізгі мақсаты-жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын негізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру.⠀ Аталған іс-шараға Шымкент қалалық білім басқармасының «Политехникалық колледжінің» оқытушылары мен студенттері де белсене
қатысты. Қорытынды бойынша қатысушылардың басым бөлігі латын әліпбиіне көшуге дайын екендігін байқауға болады.