Діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз

Шымкент қалалық білім басқармасының Политехникалық колледжінің жатақханасында «Діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз» тақырыбында өткізілген түсіндірме жұмысының мәліметі⠀ 2018 жылдың 7 қараша күні Шымкент қалалық білім басқармасының Политехникалық колледжінің жатақханасында «Діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Студенттерге терроризм туралы және теріс діни ағым дегеніміз не екендігін тренингтер арқылы жеткізу, діни сауаттылықты қалыптастыру. Студенттерге діни экстремизм мен терроризм жайында түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Студенттерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды терррорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.Студенттерге бейбітшіліктің маңызын және меірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жаксылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *