Колледжде «Қош келдің, әз Наурыз» деген атпен наурыз мерекесі тойланды.

 

Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің ғимаратында колледж әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Қош келдің,әз Наурыз» деген атпен наурыз мерекесі тойланды. Мерекеде дастархан жасалып, дұға оқылып, кафедра оқытушылары бенсенділік танытып, наурыз көже, шелпек, тары, т.б ұлттық ас-суларын әкеліп, шашу шашылып жиналған қауым жылы ниет, тілектерін білдірді. Сонымен бірге студенттердің тамылжыған әндерінен де тамашалады. Халқымыздың ұлттық киімдерін насихаттау мақсатында барлық қатысушылар ұлттық нақышта киініп келген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *