Оңтүстік халқы Наурыз мейрамын киелі Қазығұртта атап өтті.

 

Оңтүстік Қазақстан халқы алғаш рет Ұлыстың Ұлы күні –Наурыз мерекесін «Наурыз Қазығұрттан басталады» деген атаумен Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылында Қазығұрт тауының бөктерінде ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Мерекеде тау бөктерінде этноауылға 40-тан астам киіз үй тігіліп, ұлттық тағамдар көрмесі тамашаланды. Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі де киіз үй тігіп, ұлттық тағам көрмесіне қатысып, келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Колледждің талантты, өнерлі студенттері облыстық Наурыз мерекелік іс-шарасында ән салып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. «Наурыз Қазығұрттан басталады» мерекелік іс-шарасына белсене атсалысқан колледж қызметкерлері Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының алғыс хаттарымен және колледж директорының алғыс хаттарымен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *