«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» талқыланды

2018 жылы 12 қантар күні Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде колледж әкімшілігі, оқытушылары мен оқушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Колледж директоры А.Т.Ысқақов өз сөзінде Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын бірлесе жүзеге асыруда, Жолдаудағы әрбір он бағытқа жеке тоқталды. Сонымен қатар, саяси құжатты түсіндіру және насихаттау жұмыстары бойынша жоспар жасауды тапсырды. Барлық колледж оқытушылары, оқушылары мен ата-аналары арасында насихаттау жұмыстарына, негізгі басымдықтарының жоғары деңгейде жүзеге асырылуына белсенді атсалысуға шақырды.

Іс-шараға қатысқан колледж ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдап, жүзеге асуына өз үлестерін қосуға дайындықтарын айтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *