«Үздік өндірістік оқыту шебері – 2017 жыл» байқауының жеңімпазын құттықтаймыз!

ОҚО Әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен жоғары кәсіби-педагогикалық рейтингі көрсеткен талантты, шығармашылық көзқараспен жұмыс жасайтын өндірістік оқыту шеберлерін айқындау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен «Үздік өндірістік оқыту шебері – 2017 жыл» байқауында БАС ЖҮЛДЕНІ иеленгені үшін Тасбулатова Алия Алтаевна ОҚО Әдістемелік кабинетінің дипломымен марапатталды.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен «Үздік өндірістік оқыту шебері – 2017 жыл» байқауына Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі белсене қатысқаны үшін ОҚО Әдістемелік кабинетінің Алғыс хатымен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *