«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – білім кеңістігінде» тақырыбында семинар

Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде 2017 жылы 28 қараша күні білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыруы, қазіргі заман талабына сай ақпараттандыру қоғамының жаңа талаптарын орындауы, оқыту үрдісінде ақпараттық технологиялардың қолданылуы аясында АКТ-дың көмегімен сабақты қалай өткізуге және не істеуге болады деген сұраққа жауап беру және оқытушылардың арасында тәжірибе алмасу мақсатында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – білім кеңістігінде» тақырыбында семинар өтті.
Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңі – ақпараттық кезеңге толықтай көшіп келеді, бұл кезең, компьютерлік техникамен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар оқытушы қызметінің барлық саласына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі кезде білім кеңістігін заманға сай ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес.
Білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс болып табылады, оның сәтті жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара байланысына да тәуелді. «Ақпараттық коммуникативтік технологиялар – жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе» деп айтуға болады. Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, ерік-жігерлерін, яғни өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр.
Алғы сөз колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Арынбаев Мухамед-Али Ануарбековичке берілді.
Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Осыған дәлел колледжіміздің «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару» кафедрасының арнайы пән оқытушысы Жайкбаева Эльвира Тулменовна және «Бағдарламалау және автоматтандырылған жүйелер» кафедрасының арнайы пән оқытушысы Кембаева Жаннур Куралбаевнаның «Элементы модульно-кредитной технологии. Силлабусы и критерии оценок» тақырыбында шебер-сыныбы ұсынды.
Колледж қабырғасында қоғамдық пәндер сабағында ақпараттық-коммуникативті технологияны жүйелі қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. «Әлеуметтік-гуманитарлық» пәндер кафедрасының оқытушысы Турабаева Кулаш Закировна «Қоғамдық пәндерді оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында баяндамасын оқыды.
Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуальды жүйесі деген атпен белгілі. Осы орайда Кентау қаласының трансформаторлық заводында өздерінің біліктіліктерін арттырып келген, колледжіміздің «Электрэнергетика» кафедрасының арнайы пән оқытушылары Нысамбекова Айжан Қанатқызы және Қалашова Мөлдір Мұратқызы «Система дуального обучения на примере Кентауского трансформаторного завода» атты жұмысын ұсынды. Педагогикалық қызметкерлерді арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде пәндік-тілдік интеграцияланған оқытуға бағытталған CLIL әдістемесі бойынша білімдер мен практикалық дағдыларға оқыту болып табылады. Аталған бағдарлама аясында колледжіміздің «Бағдарламалау және автоматтандырылған жүйелер» кафедрасының арнайы пән оқытушылары Кыдыбаева Ляззат Арыстанбековна және Шойымбаева Асель Абиловна «CLIL әдістемесі: арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту» тақырыбындағы шебер-сыныбын ұсынды.
Әрбір оқытушы балаға тиянақты, терең білім беруге, заман талабына сай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерту, оның жетістіктерін сабақ үрдісінде тиімді пайдалануы міндетті. Мұғалім пәнді өзі жетік терең білуімен қатар, оны оқушыға меңгерту үшін әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі тиіс. Ізденімпаз, жаңашыл мұғалімнің шығармашылығындағы ерекшелігі – оның сабақты түрлендіре өткізіп, оқушының жүрегіне жол таба білуінде. «Жаңа оқыту технологияларын зертханалық сабақ өтуде қолдану» тақырыбында «Радиоэлектроника және байланыс» кафедрасының арнайы пән оқытушысы Досжанов Есимхан Нурлановичке сөз берілді.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл студенттерге өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына мүмкіндік береді. Ол үшін оқытушы өткізетін сабағында студенттің сабаққа деген қызығушылығын арттырып,бүгінгі заман талабына сай білім беруі керек. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы тиіс. Осыған байланысты, «Үш тілде білім беру» бағдарламасы аясында колледждің тіл және әдебиет кафедраларының оқытушылары Зулпиева Бейсенкүл Барысовна, Кунпеисова Дина Турдалиевна, Бекназарова Карлыгаш Муктаровналарға берілді.
Әлемдік білім кеңістігінен орын алу үшін міндетті түрде саналы жан-жақты дамыған ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы.
«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» – деп, Мағжан Жұмабаев айтқандай қоғам дамуының қос қанаты – білім мен ғылымға қолдау көрсету ерекше мәнге ие. Білім мен ғылымның өркендеуі қай мемлекеттің де өрке¬ниеттілік деңгейінің негізгі өлшемі!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *