Жас маман

 

Жас педагог мектебі

2017 жылдың 2 қараша күні Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің жас мамандарымен әдістемелік кабинеті «Жас педагог мектебінің» жұмыс жоспарына сәйкес бірінші отырысын өткізді.
Мақсаты: қазіргі колледж жағдайында жас мамандардың табысты бейімделуіне ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайлар жасау.
«Жас педагог мектебінің» бірінші сабағының тақырыптары:
  • «Жас оқытушы мектебінің» бағдарламасымен таныстыру;
  • Колледждің локальді актлерімен танысу;
  • Күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды құрастыру;
  • Микрозерттеу «Жас педагогтардың оқытуда, тәрбиелеуде, сынақтық жұмыс жүргізу кезіндегі мүмкіндіктері»;
Колледж әдіскері Балабекова Дана Аманқызы жас мамандарға «Жас оқытушы мектебінің» бағдарламасымен, 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысында ТжКББ міндеттелген қағидаларымен, ҚР Білім туралы Заңымен және 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларымен таныстырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды құрастыру үлгілерін көрсетіп өтті.
Сонымен қатар, Дана Аманқызы жас мамандармен микрозерттеу «Жас педагогтардың оқытуда, тәрбиелеуде, сынақтық жұмыс жүргізу кезіндегі мүмкіндіктері» тақырыбында коучинг өткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *