Алтын қазына

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының және Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ОҚО бойынша аймақтық штабының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 26 қазанында «Алтын Қазына» көркем және сәндік-қолданбалы көрме байқауы өтті.
Көрменің ұйымдастырушылары және комиссия мүшелері:
Әшірбеков Бақытжан Айдарханұлы – Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ОҚО бойынша аймақтық жобалық кеңсе басшысы, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің бас инспекторы.
Жүніс Лаура Ақжигитқызы – Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ОҚО бойынша аймақтық жобалық кеңсесінің әкімшісі, ОҚО Білім басқармасының бас маманы.
Елшиева Альбина Балғабайқызы –№2 колледж МКҚК-нің басшысы.
«Алтын Қазына» сәндік-қолданбалы қолөнер байқауында ұлттық ою-өрнек бағыты бойынша ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ІІІ орын иеленіп, ОҚО Білім басқармасының басшысы И.Сағындықовтың Грамотасымен марапатталды.
Сонымен қатар, «Саздан мүсіндерді жасау» номинациясы бойынша ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ марапатталды.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *