Астана қаласында өткен “WorldSkills Kazakhstan-2024” IX ұлттық чемпионатында Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» МКҚК қатысушылары керемет нәтиже көрсетіп, өз шеберліктерін дәлелдеді. Апта бойына созылған айтулы іс-шараның жабылу рәсімі салтанатты түрде ұйымдастырылды.
Колледжден 7 құзыреттілік бойынша қатысып, келесідей орындарға ие болды:
Бизнес үшін IT шешім 2 орын, күміс жүлде!
Ақпараттық кабельдік желілер – медальон!
Өндірістік автоматика-медальон!
Желі және желілік әкімшілендіру – медальон!
Инженерлік графика CAD – медальон!
Бұл жетістік еңбекқорлықтың, табандылықтың және кәсіби шеберліктің нәтижесі.







