“Үздік ұстаз” байқауын өткізу
ЕРЕЖЕСІ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1 Осы Ереже колледжішілік «Үздік ұстаз » байқауын өткізу және оған қатысу тәртібі мен шарттарын реттейді.
1.2 Кәсіби байқаулар оқытушылар арасында озық іс–тәжірибелерін таратудың негізгі нысаны болып табылады.
1.3 Кәсіби байқаулар өткізу білім беру жүйесіндегі инновациялық қызметтің нысаналы дамуына оқытушылардың кәсіби шыңдалуына ықпал етеді.
1.4 «Үздік ұстаз» байқауын ұйымдастырушы – Политехникалық колледжі.
1.5 «Үздік ұстаз » байқауын ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады, құрамын колледж директоры белгілейді.
1.6 Ұсынылған жұмыстарды сараптап, бағалау мақсатында Сарапшылар тобы құрылады.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеті:
2.1 “Үздік ұстаз” байқауының негізгі міндеті – шығармашылықпен жұмыс жасайтын дарынды педагогтарды анықтау, оқытушылардың кәсіби шеберлігін, дағдысын және теориялық дайындығын жетілдіру (шыңдау).
2.2. Байқауға қатысушылар өздерінің педагогикадан, психологиядан және әдістемеліктен білімін, педагогикалық еңбектен жоғары мәдениеттілігін, практика жүзінде инновациялық технология бойынша жоғары білім деңгейін көрсетуі қажет.
3. Байқауды ұйымдастыру:
3.1. Байқауды жүргізу үшін ұйымдастыру комитеті мен әділқазылар алқасы тағайындалады:
3.1.1 әділқазылар байқауға қатысушылардың кәсіптік шеберлігін, оқытушылардың шығармашылық эссесінің және мақаласының идеясын, маңыздылығын, дәйектілігін, жан-жақты білімділігін бағалайды.
3.1.2 әділқазылар сайыскерлердің әдістемелік құралдарының, ашық сабақтары мен дәрісханадан тыс іс-шараларының мазмұндық және сапалық деңгейін бағалайды.
3.1.1 “Үздік ұстаз” байқауының жеңімпаздары ақшалай сыйлықпен марапатталады.
4. Байқауға қатысушылар:
4.1 Байқауға өз қалауы бойынша колледждің оқытушылары қатысады.
4.2 Байқауға қатысу үшін үміткерлер өзін-өзі немесе кафедра меңгерушісі ұсынуына болады.
5. Байқаудың мазмұны:
5.1 Байқауға қатысушылар оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес тақырыпқа ашық сабақ, шығармашылық эссе (бейнекөрініс), оқытушы портфолиосы, әдістемелік, дидактикалық, көрнекі құралдар көрмесін ұйымдастыруды (портфолио ішінде, кәсіптік шеберлігін және шығармашылық қабілеттерін анықтайтын тапсырмалар) орындайды.
6.Байқаудың кезеңдері:
6.1. І кезең: оқытушының құжаттары, іс-қағаздары байқауы өткізіледі.
Оқытушы портфолиосы
Оқытушы портфолиосының құрылымы:
Кіріспе бөлімі- «Автопортрет».
Титул парағы
Анкеталық мәліметтер
Кәсіби өсу парағы
Өзіндік білім жетілдіру жоспары
Негізгі бөлім – «жұмыс материалдары» немесе «Әдістемелік портфель»
Міндетті рубрикалар
Өткізілген ашық сабақтарының жоспарлары
Дайындаған әдістемелік нұсқау-жинақтары
Авторлық бағдарламалар
Басылымда жинақтарда жарық көрген мақалалары, сонымен қатар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында БАҚ-та жарияланған мақаласы.
Өткізген семинар-конференция материалдары
Енген сабақтарына жасалған талдаулары
Сабақтарда пайдаланатын үлестірме материалдары
Бақылау –тексеру және тест жұмыстарының қорытындылары
Сауалнамалар мен сұхбаттасулар және оларды өңдеу қорытындылары
Қосымша рубрикалар
Қосымша қызметтерінің жұмыс жоспары
Қосымша қызметтерінің жұмыс есептері
Жасаған немесе қатысқан инновациялық жобалары
Аудио және бейнематериалдары, фотосуреттер
Жазбаша шығармашылық жұмыстар (рефераттар, эсселер, т.б.)
Бақылау күнделіктері мен өзіндік ой-толғаныстары
Жалпылау материалдар (сызба-кесте, график-диаграммалар)
Қорытынды Бөлім –«Менің жетістіктерім»
(Портфолио авторының жетістіктерін айғақтайтын құжаттар)
Сертификаттар мен куәліктер
Құрмет грамоталары мен дипломдар
Алғыс хаттар
Әріптестері мен ғалымдардың пікірі
– пән бойынша оқу әдістемелік кешені;
– оқытушының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында БАҚ беттеріне жарияланған мақалалары;
– оқытушының шығармашылық эссесі ( 3-5 минуттық бейнекөрініс); – оқу-ғылыми жұмыстарының жобасы.
6.2. ІІ кезең: оқытушылардың пән бойынша сабағы және дәрісханадан тыс тәрбие іс-шаралары немесе топ жетекшісі ретінде ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылып, бағаланады.
6.2.1. Байқауға қатысушы оқытушының пән бойынша беретін сабағы төмендегідей өлшемдер бойынша бағаланады:
өз пәнін жетік білуі, жан-жақты білімділігі;
педагогикалық және әдістемелік шеберлігі;
оқытудың қазіргі технологиясын пайдалануы;
шешендік шеберлігі;
сабақтың мақсатын таңдау негіздемесі және технологиясы;
дамыта оқытуда бағыттауы.
6.2.2 Дәрісханадан тыс тәрбиелік іс-шара немесе топ жетекшісінің ашық тәрбие сағаты төмендегідей өлшемдер бойынша бағаланады:
іс-шара тақырыбының өзектілігі және топтың, курстың деңгейіне сәйкестігі.
іс-шараның тәрбиелік -танымдық рөлі;
оқушы бойына жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру нәтижесі.
іс-шара өткізу шеберлігі және тәсілі.
6.3. Ш кезең: оқу-ғылыми жұмыстарының жобасын қорғау.
6.3.1.Оқытушы өзінің шәкіртімен бірге алып жүрген ғылыми жұмысы.
7. Байқауды бағалау:
7.1. Бағалау критерийлері
біліктілік санатын растауға немесе беруге педагог қызметкердің өтініші;
педагогикалық тәжірибесі туралы материалдар (өздігінен білім беру жөніндегі сабақтардың, оқу-әдістемелік құралдардың әзірлемелері);
шығармашылық конкурстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, педагогикалық оқылымдарға қатысқандығы туралы;
эксперименттік қызметке қатысқандығы туралы;
оқу-әдістемелік кешендердің, оқу-бағдарламаларын сараптауға қатысқандығы туралы;
әдістемелік бірлестіктердің, шығармашылық топтардың жұмысына (басшылығы) қатысқандығы туралы;
ұйымдастыру және тәрбиелеу қызметіне қатысқандығы туралы;
оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жетістіктері, пән олимпиадаларының, конкурстардың, байқаулардың, ойындар мен жарыстардың жеңімпаздары туралы;
оқу процесінде технологияларды инновациялық оқытуды қолдану туралы;
сабаққа келу нәтижелері бойынша бағалары көрсетіле отырып, ашық сабақтардың, іс-шаралардың өткізілгендігі туралы;
тәуелсіз сауалнама жүргізу нәтижелерін жүргізе отырып, оқыту сапасы туралы;
олимпиадалардың, конкурстардың, конференциялардың басқа да жұмыстардың білім алушы жеңімпаздары туралы;
ұйымдастыру және тәрбие жұмысына қатысқандығы туралы;
ғылыми бағдарламаларды орындағаны туралы;
ғылыми-педагог кадрларды дайындағаны туралы;
бар болған жағдайда ұсынылатын құжаттар;
жарияланған жұмыстардың, ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі;
ғылыми немесе академиялық дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломның көшірмесі.
7.2. Оқытушы портфолиосын бағалау өлшемдері
Оқытушылар рейтингісін «әдістемелік портфель» бойынша бағалау көрсеткіші
Міндетті және қосымша рубрикаларды бағалау.
Міндетті рубрикалар:
Өткізілген ашық сабақтарының жоспарлары – 10 ұпай
Дайындаған әдістемелік нұсқау-жинақтары – 30 ұпай
Авторлық бағдарламалар – 50 ұпай
Басылымдарда, жинақтарда жарық көрген материалдары – 15 ұпай
Өткізген семинар-конференция материалдары – 20 ұпай
Енген сабақтарына жасаған талдаулары – 10 ұпай
Сабақтарда пайдаланатын үлестірме материалдары – 20 ұпай
Бақылау-тексеру және тест жұмыстарының қорытындылары – 10 ұпай
Сауалнамалар мен сұхбаттасулар және оларды өңдеу қорытындылары – 10 ұпай
Қосымша рубрикалар
Қосымша қызметтерінің жұмыс жоспары.
Қосымша қызметтерінің жұмыс есептері.
Жасаған немесе қатысқан инновациялық жобалары.
Аудио және бейнематериалдары, фотосуреттер.
Жазбаша шығармашылық жұмыстар (рефераттар, эсселер, т.б.)
Бақылау күнделіктері мен өзіндік ой-толғаныстар.
Жалпылау материалдары (сызба-кесте, график-диаграммалар).
8. Байқауға қатысу құжаттарын рәсімдеу:
“Үздік ұстаз” байқауына қатысушылар ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжаттарды тапсырады:
өтініш (байқауға қатысатын оқытушының атынан, берілген үлгі бойынша);
оқытушының шығармашылық бейнекөрінісі;
оқытушы портфолиосы (қызыл түсті файл папкасы);
пән бойынша оқу-әдістемелік кешені;
оқу-ғылыми жұмыстарының жобасы.