Көрініс, миссия және стратегия

МИССИЯ

Еліміздің индустриалды-инновациялық дамуына қажетті ақпараттық технология, байланыс, энергетика, мұнай және газ саласын автоматтандыру бойынша бәсекеге қабілетті, кәсіби маман дайындау

КӨРІНІС 

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» энергетика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және мұнай-газ өндірісін автоматтандыру бағыттарында бәсекеге қабілетті маман дайындайтын республикамыздағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР  

  • Тәрбие жұмысын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес жетілдіріп, болашақ жас мамандарға компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін меңгерту, мәдениеттілік, прагматизм мен тиімділік, ұлттық және мәдени сәйкестікті сақтау, білімге құштарлық пен ашық сана-сезім дағдылары арқылы бәсекеге қабілеттілікті дарыту;

  • Нәтижелі, сапалы, заманауи білім жүйесін қалыптастыруда оқу процесінің басқару жүйесін, материалдық-техникалық базаны нығайту мен инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруды үнемі жетілдіру;

  • Сапалы оқыту мен жас мамандар даярлау үшін өндіріс қажеттілігін қамтамасыз етуге «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ ұсынысына сәйкес оқу, ғылыми және әдістемелік қызметін жетілдіру, білім беру бағдарламаларын үздіксіз жаңарту;

  • Азаматтық және кәсіптік міндетін орындауда рухани, өзін-өзі дамыту мен жетілдіруге қабілетті патриот жастарды қалыптастыру;

  • Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту мақсатында оқу орнында электромонтаж, өнеркәсіптік автоматтандыру мен бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтары бойынша Worldskills құзыреттілік орталықтарын құру.