«Технологиялық процестерді автоматтандыру пәндер» кафедрасы және «Химия – технологиялық пәндер» кафедрасы бойынша БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАСЫ
Химия – технологиялық бөлімінде екі кафедра жұмыс жасайды. «Технологиялық процестерді автоматтандыру пәндер» кафедрасы және «Химия – технологиялық пәндер» кафедрасы.
Химия – технология бөлімінде 07140100 – «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару» және 07110500 – «Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша 12 топта 274 оқушы білім алуда.
07140100 – «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша орта кәсіптік маманның біліктілік сипаттамасы 4S07140102
Техник-электромеханик. Қазіргі дамыған нарықтық заманда автоматтандыру және басқару мамандығы жауапты мамандықтардың бірі болып табылады. Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматтандыру слесарының жұмысы өте алуан және жоғарыбіліктілікті талап етеді. Жоғары білікті мамандарды дайындау үшін колледжімізде оқу зертханалық кабинеттер және шеберханалар, қазіргі заманғы құрал-жабдықтар, аспаптар мен автоматтандыру құрылғылары, қазіргі заманға сай компьютерлік техникалар орнатылған. 07140100 – «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару» мамандығында оқитын студенттер мамандық бойынша келесі модульдерді меңгереді: КМ 01. Электротехникалық материалдарды таңдау және пайдалану, автоматтандырудың үлгілік сұлбаларын оқу және әзірлеу, КМ 02. Өлшеу аспаптары мен автоматиканы техникалық және метрологиялық бақылау. КМ 03. Аспаптар мен автоматтандыру жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және монтаждау, КМ 04. Өнеркәсіп салалары бойынша технологиялық процестерді орындау,КМ 05 Автоматика жүйесінің бақылау-өлшеу аспаптарын құрастыру, жөндеу және реттеу, КМ 06. Бақылау-өлшеу функцияларына арналған қарапайым электрондық аспаптарды іске қосу және баптау және т.б.
Түлектер алған білімдерімен кіші және үлкен өндірістерде, яғни автоматтандыру, өлшеу және электронды техникасы орнатылған өндіріс орындарында сәтті жұмыс жасай алады. Қазіргі таңда біздің түлектер эксплуатация, монтаж, наладка, автоматтандырылған жүйелерді жобалау, бақылау-өлшеу аспаптары және АСУТП, КИПиА слесары 3-4 ші разрядта, КИПиА наладчиктер, КИПиА монтаж жөндеу, техник және инженер ПТО монтаж басқарушысы және метролог болып жұмыс атқаруда.
07110500 – «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша техник-технологтың кәсіптік қызмет түрлеріне: мұнай мен газды қайта өңдеу зауыттары, мұнай химиялық зауыттары, газ өңдеу зауыттарында газ, мұнай және мұнай өнімдерін өңдеуге дайындаудың және қайта өңдеудің технологиялық процестің технологиялық параметрлерін бақылайды және реттейді, шикізат пен соңғы өнімнің сапасын бақылау және өндірістік басқару кәсібі. Мұнай газ өндіру кәсіпшілігінде мұнайды тұзсыздандыру және сусыздандыру қондырғыларына технологиялық қызмет көрсету; Бумен және сумен жабдықтау қондырғылары мен өндірістік және тұрмыстық ағындарды тазарту құрылымындарына технологиялық қызмет көрсету. Мұнай базалары, автокөлік жанармай бекеттері жабдықтарында технологиялық қызмет көрсету.
Бөлімде білікті де білімді оқытушылар білім беруде. Аталған бөлімде 16 оқытушы, соның 7-і педагог – зерттеуші санатты, 1-ы педагог – сарапшы санатты, 3-і педагог – модератор санатты, 5-і екінші санатты оқытушылар. Бөлімнің оқытушылары қызметтерінде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен пайдаланады. Бұл бөлімде жас маманның тұлға болып, түлектің заманауи әлеуметтік экономикалық жағдайға шығармашылық бағыт алған және көшбасшылық қасиеттерді бойына жинаған ерікті азамат болып қалыптасуына қажетті барлық жағдайлар жан – жақты қарастырылған.
«Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша бітірушілер ЖШС «Петро Казахстан Ойл Продактс», АҚ «Петро Казахстан Құмкөл Ресорсиз», ЖШС «Hill Corporition» мұнай газ өндіру кәсіпшілігінде мұнайды тұзсыздандыру және сусыздандыру қондырғыларында технологиялық қондырғы операторлары өндірістік басқару бөлімі диспетчерлері қызметтерін атқарады.