Ұжымдық шарты

 Ұжымдық шарт жасауға қатысты қысқаша нұсқаулық.

Жұмыс беруші және жұмыскерлер атынан олардың өкілдері (кәсіподақ ұйымы) ұжымдық шарттың тараптары болып табылады.

Ұжымдық келіссөздерді бастау және ұжымдық шартты жасасу туралы ұсынысты тараптардың кез келгені жасауы мүмкін.

Екінші тараптың ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы ұсынысы бар хабарламасын алған тарап оны он күн мерзімде қарауға және келіссөздерге кірісуге міндетті.

Ұйымда бір ұжымдық шарттың болуына жол беріледі.

Ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу үшін тараптар тепе-теңдік негізде комиссия құрады.
       Кәсіптік одақтың мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлер жұмыс берушімен өзара қарым-қатынастарда өздерінің мүдделерін білдіру үшін кәсіптік одақ органына уәкілеттік беруге құқылы.

Ұйымда жұмыскерлердiң бiрнеше өкiлдерi болған кезде олар комиссия жұмысына қатысу, ұжымдық шартты талқылау және қол қою үшiн бiрыңғай өкiлдi орган құрады.

Комиссия дайындаған ұжымдық шарттың жобасы ұйым жұмыскерлерінің міндетті түрде талқылауына жатады. Комиссия жұмыскерлерден келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, жобаны пысықтайды.

Тараптардың келісіміне қол жеткізілген кезде, ұжымдық шарт кемінде екі данада жасалады және оған тараптардың өкілдері қол қояды.

Ұжымдық келіссөздер тараптары келіссөздер жүргізу кезінде жалақысы сақтала отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатылады.

Жұмыс берушi тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған күнінен бастап бір ай ішінде мониторинг үшiн еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органға ұсынуға мiндеттi.

Титулдық бетте тіркеуші екі орган атауының (Түркістан облысының не Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармалары) біреуін ғана қалдыру қажет.

Колледж-туралы-ақпарат-Ұжымдық-шарт

Колледж-туралы-ақпарат-ұжымдық-шарт