Шымкент қалалық білім басқармасы Политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен Қалалық отбасы,балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының мамандарымен өткізілген іс-шара.
Студенттерге «Отбасы» құндылығы туралы түсінік беру, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге үйрету. Ата-ана және бала қарым-қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізгі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту, Отбасы тәрбиесінің мәні- маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.