2018 жылы 16 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан Политехникалық Колледжіміздің оқу залында кітапхана ұжымы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің оқытушылары мен бірлесе отырып Эльмира Омарбекова мен «Өмірге ынтық өлеңім» атты шығармашылық кездесу кешін өткіздік. Кеш қонағы Эльмира Омарбекова өңіріміздің ақыны, қолөнер шебері әрі тігінші, 2011 жылы Алматы қаласында мүгедектер арасында өткен «Самғау» атты республикалық байқаудың жүлдегері. Кеш қонағы мүмкіндігі шектеулілігіне қарамастан өмірге деген құштарлығы туралы өзінің өлең жырларымен дәлелдеді. Осындай өлеңдерінің бір қатарын студент жастар мәнерлеп оқып кешіміздің шырайын кіргізді. Кешіміздің қонағы өзінің өмірі жайлы айтып студенттерді қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Эльмира Омарбекованың Балалар әдебиетіне қосқан үлесі мен жыр жинақтары туралы студент жастар қызыға отырып тыңдады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге деген қызғушылығын көре отырып, өскелең жас буынның өмірге деген өлеңге деген құштарлығы арта түсті.