Біліктілік: 130202 3 – Электромеханик

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ 384 бұйрығына 351-қосымша

“Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)” мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары

Кәсіптік практика және циклдер бойынша білім беретін бағдарламалар мазмұны (11 сынып негізінде)

 

Жалпы гуманитарлық пәндер

Циклдің (пәннің) индексіПәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдеріҚалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдыларҚалыптасатын құзыреттер коды
ЖГП 01Кәсіптік қазақ (орыс) тілі.
Кәсіптік тілдің рөлі: мамандық бойынша терминология; кәсіптік бағдарлы мәтіндерді оқу және аудару техникасы (сөздікпен); кәсіптік қарым-қатынас; мамандыққа бағытталған мәтіндер бойынша әңгімелер, сұхбаттар құрастыру.
Білімдер:
- қазақ (орыс) тілінде және кәсіптік бағдарлы мәтіндерді оқып, аудару үшін (сөздікпен) қажетті лексикалық (1200-1400 лексикалық бірлік) және грамматикалық минимумды меңгеру.
Іскерліктер:
- кәсіптік лексиканы сауатты пайдалану, өзінің кәсіптік қызметінде қазақ (орыс) тілінен білімдерін пайдалану.
БҚ 3,4,6
ЖГП 02Кәсіптік шет тілі.
Мамандық бойынша кәсіптік қарым-қатынас жасауға қажетті лексика-грамматикалық материалдар; сөйлесудің әртүрлі түрлері мен тілдік нысандарды (ауызша, жазбаша, монологтік, диалогтік); кәсіптік бағдарлы мәтіндерді аудару техникасы.
Білімдер:
- мамандық бойынша кәсіптік қарым-қатынас жасауға қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал.
Іскерліктер:
- тілдік іс-әрекет түрлерін және сөйлеу нысандарын ажырату (ауызша, жазбаша, монологтік, диалогтік).
БҚ 3,4,6
ЖГП 03Қазақстан тарихы.
ЖГП 04Дене тәрбиесі.
Маман дайындауда дене тәрбиесінің рөлі, оның салауатты өмір салтын қалыптастыру; дене тәрбиесінің әлеуметтік-экономикалық және психофизиологиялық негіздері; дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері; кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы.
Білімдер:
- дене тәрбиесінің әлеуметтік-экономикалық және психофизиологиялық негіздерін;
- дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері.
Іскерліктер:
- денсаулықты сақтау және нығайтуда дене тәрбиесі білімдерін қолдану.
БҚ 8

Әлеуметтік-экономикалық пәндер

Циклдің (пәннің) индексіПәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдеріҚалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдыларҚалыптасатын құзыреттер коды
ӘЭП 01Мәдениеттану.
Мәдениеттану және оның қоғамдық өмірдегі рөлі; мәдениетті зерттеудегі көзқарстардың алуан түрлілігі; мәдениет және өркениет; мәдениеттің орнауы; мәдениеттің конфуциан-даосистік түрі; мәдениеттің индо-буддалық түрі;
ислам мәдениті әлемі; мәдениеттің христиандық түрі; батыс еуропалық мәдениет және оның қазіргі әлемнің дамуына ықпалы; африка мәдениетінің ерекшелігі мен бірегейлігі; расизм проблемасы; көшпенді өркениеттің пайда болуы және бірегейлігі; Орта ғасырдағы Қазақстан мәдениеті; 17-19 ғасырдағы қазақтардың мәдени салттары; қазіргі Қазақстанның мәдениеті.
Білімдер:
- негізгі ұғымдарды;
- конфуцийшілдік; даосизм ұғымдарын; Қытайдың өнерін; иероглифін; Қытайдың пейзаж суреттерін;
- индия мәдениетінің ерекшеліктерін және оның негізгі жетістіктерін;
- ислам; курайш ұғымдарын; Мұхаммед; Құран; Аллах; Мекке ұғымдарын;
- христиан оқуларының негізгі принциптерін және оның құндылық бағыттарын;
- Франция мәдениетін; Ашель мәдениетін: проманьондар, галлалар, франктар әдебиеті, философиясы;
- көшпенділердің өмір сүрулері мен құндылық жүйесі туралы;
- орта ғасыр кезеңінде қазақ этносының мәдени негізі туралы білімдерін;
- түрік және араб мәдениетінің орта ғасырдағы Қазақстан мәдениетіне әсері туралы.
Іскерліктер:
- қытай мәдениетінің
ерекшеліктерін ашу;
- мәдениеттану ұғымдарын еркін пайдалану;
- көшпенділердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшелігін, оның қоғамдық мәдени өмірдегі орнын көрсету.
БҚ 4,7,8
ӘЭП 02Философия негіздері.
Философия және оның қоғамдағы рөлі; философияның тарихи типтері; материя және сана; диалектика және оның баламасы; қоғамның философиялық ұғымы; таным теориясы; қоғамдық сана және оның нысандарының алуан түрлілігі; адам болмысы философия проблемалары ретінде; адам қоғамдық қарым-қатынастар объектісі және субъектісі ретінде.
Білімдер:
- негізгі философиялық ұғымдарды: материя, философияның негізгі сұрақтары, диалектика, диалектика заңдары, сана, таным, болмыс;
- болмыстың жалпы мәселелерін, танымның жалпы мәселелерін, қоғамның қалыптасуын және дамуын, адамның ортақ және маңызды проблемаларын.
Іскерліктер:
- негізгі философиялық ұғымдарға еркін сүйене білу, сол немесе басқа сындарды дәлелдеу және сынға алу, ақиқаттың әртүрлі құбылыстары арасындағы өзара байланысты аша білу, қоршаған шындықтың қарама-қайшылықтарын талдау.
БҚ 6,7,8
ӘЭП 03Экономика негіздері.
Мақсаттары, негізгі ұғымдары, функциялары, мәні, қағидалары; меншік нысандары мен түрлері, меншікті басқару; жоспарлардың түрлері, олардың негізгі кезеңдері, мазмұны, стратегиялық жоспарлау; жоспарлаудың және болжам жасаудың экономикалық негіздеу әдістері; бизнес-жоспарлау; экономикалық талдау; халық тұтынатын нарық тауарлары мен қызметтердің жағдайына талдау жасау; нарықтық инфрақұрылым.
Білімдер:
- экономикалық теорияның жалпы ережелерін;
- елдегі және шетелдердегі экономикалық жағдайларды;
- макро және микро экономика негіздерін, салық, ақша-несиелік, әлеуметтік және инвестициялық саясат туралы.
Іскерліктер:
- өзінің кәсіптік қызметінде бағдары үшін қажетті экономикалық ақпаратты тауып, қолдана білу.
БҚ 1,7,9
ӘЭП 04Саясаттану және әлеуметтану негіздері.
Саясаттану пәні; саясаттану білімінің құрылымы; саяси ойдың тарихы; билік адамдар арасындағы еркін қарым-қатынас ретінде; үкіметті заңды деп танушылық және қағидалары; саяси жүйе үкімет механизмі ретінде; саяси тәртіп; мемлекет саяси институт ретінде; саяси партиялар және партия жүйелері; саяси элита; саяси көшбасшылық; саяси идеологиялар; дүние жүзілік саяси процесс; Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы; әлеуметтану ғылым ретінде; негізгі әлеуметтік ұғымдар.
Білімдер:
- негізгі саяси ұғымдарды: билік, билік ресурстары, биліктің заңдылығы, саяси жүйе, саяси тәртіп, мемлекет, мемлекетті басқару нысандары, мемлекеттің орналасу нысандары, саяси партиялар, партия жүйелері, саяси элита, саяси көшбасшылық, геосаясат;
- саяси ғылым пәні мен әдісін.
Іскерліктер:
- халықаралық саяси процестерді талдау, геосаяси жағдай, Қазақстанның қазіргі өмірдегі орны мен рөлі;
- саяси мәдениет дағдыларын меңгеру;
- күнделікті өмірде және кәсіптік қызметте саясаттану білімдерді қолдану.
БҚ 6,8
ӘЭП 05Құқық негіздері.
Құқық, ұғым, жүйе, көздер, Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқықтық жүйе ядросы; адам құқығының жалпы қоғамдық декларациясы, тұлға, құқық, құқықтық мемлекет, заңды жауапкершілік және оның түрлері, құқықтың негізгі салалары, Қазақстан Республикасының сот жүйесі, құқық қорғау органдары.
Білімдер:
- адам мен азаматтың құқықтарын және бостандық-тарын; оларды іске асыру механизмдерін;
- кәсіптік қызметі саласындағы құқықтық және адамгершілік -этикалық нормаларын.
Іскерліктер:
- маманның кәсіптік қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалану.
БҚ 3,4,8

Жалпы кәсіптік пәндер

Циклдің (пәннің) индексіПәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдеріҚалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдыларҚалыптасатын құзыреттер коды
ЖКП 01Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу.
Іс жүргізу бойынша сөздікпен жұмыс істеу; құжаттау және шаблондау мен стандарттауды құжаттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік-әдістемелік құжаттар; құжаттарды шаблондаудан түсінік; әкімшілік-ұйымдастыру құжаттарының тізіміне кіретін құжаттарды құру ережелері; офистік және құжаттамалық жұмыс негіздері; техникалық құралдардың көмегімен құжаттау технологиясы.
Білімдер:
- құжаттау қызметінің құрылымын, лауазымдық міндеттерді, техникалық құралдардың көмегімен құжаттау технологиясын.
Іскерліктер:
- әкімшілік-ұйымдастыру құжаттарын, мемлекеттік тілде қызметтік хат алысуды құру және рәсімдеу;
- құжаттармен келіп түскен сәтінен, істі рәсімдеуге дейін жұмыс жасау;
- анықтамалық әдебиетпен жұмыс жасау.
БҚ 4,5,6,8
ЖКП 02БҚ 4,5,6,8
Сызу.
Кіріспе, КҚБЖ, МЕМСТ түсініктемесі; сызбалардың графикалық рәсімделуі; сызба сызықтары; сызба форматтары; графикалық редактордың көмегімен сызбаларға стандартты қаріптермен жазулар түсіру; масштабтар; өлшемдер түсіру; қолмен және графикалық редактордың көмегімен тетіктердің контурларын түсіру тәсілдері; техникалық сызу; сызбалар мен нобайларды орындаудың жалпы ережелері; сұлбалардағы шартты, графикалық белгілеулер; мамандық бойынша сұлбалар.
Білімдер:
- МЕМСТ 2.303-68* бойынша сызықтарды, МЕМСТ 2.301-68* бойынша форматтарды;
- МЕМСТ 2.304-81 бойынша
сызба қаріптерін;
- МЕМСТ 2.302-68 бойынша масштабтарды, МЕМСТ 2.307-68* бойынша өлшемдер түсіру ережелерін.
Іскерліктер:
- стандартты сақтай отырып, әртүрлі сызықтарды сызу;
- сызбаларда стандартты қаріппен жазба жазу;
графикалық редактордың көмегімен сызбаларға стандартты қаріптермен жазулар түсіру;
- сызба масштабын анықтау, берілген масштабта қолмен және графикалық редактордың көмегімен тетіктердің сызбаларын орындау;
- сызбада қарапайым түрдегі тетіктердің өлшемдерін түсіру;
- мамандық бойынша электр сұлбаларды оқу.
БҚ 3,5,7,9
КҚ 3.2.1
ЖКП 03Техникалық механика негіздері.
Статика; статика аксиомалары, күш жүйелері, материалдар кедергісі; деформацияланған күйдің түрлері: созылу (сығылу), ығысу, айналдыру, тура иілу, күрделі деформация; беріктікке есептеу; механизмдер мен машиналардың бөлшектері, механизмдер мен машиналардың кинематикалық сұлбаларын оқу және құру; әртүрлі берілістегі буындардың негізгі өлшемдерін геометриялық есептеу.
Білімдер:
- статистиканың негізгі ұғымдарын, жазық күш жүйелерін, күш моменттерін, кинематика және динамика элементтерін;
- материалдардың кедергілер негіздерін, машина тетіктерінің негіздерін.
Іскерліктер:
- механикалық жүйелердің беріктігіне есептеулер жүргізу;
- механизмнің қажетті түрін таңдау, механизмдер мен құрылымдардың жиынтық бірліктерінің құрылымдық ерекшеліктеріне талдау жасау.
БҚ 3,7,8,10
КҚ 3.2.1
ЖКП 04Электрматериалтану.
Металдардың құрылымы мен қасиеттері, темірдің көміртекті қорытпалары; түсті металдар және олардың қорытпалары; магниттік материалдар; магниттіжұмсақ электротехникалық материалдар,
өткізгіш материалдар; өткізгіш материалдарының жіктемесі; сымдар, шиналар, кабельдер; жартылай өткізгіш материалдар; қасиеттері, қолданылу саласы; электр өлшеу материалдары; диэлектриктер физикасы; физика-механикалық сипаттамалары; газ тәрізді диэлектриктер; поляризациялық материалдар;
электр оқшаулау материалдары және компаундтар; резеңкелер; электр оқшаулағыш слюда,
керамика, шыны, қабатты пластмасса.
Білімдер:
- электротехникалық материалдардың құрылымын, олардың электрлік, магниттік, жылу, механикалық және физика-химиялық сипаттамаларын;
- электротехникалық материалдарды қолдану саласын және алу тәсілдерін.
Іскерліктер:
- өткізгіш материалдарды жіктеу;
- сымдар мен кабельдердің маркаларын ашып оқу;
- өндіріс талаптарына сай электротехникалық материалдарды таңдау.
БҚ 1,2,7,9
КҚ 3.2.1
ЖКП 05Электротехниканың теориялық негіздері.
Тұрақты токтың электр тізбектері; электр өрісі туралы ұғым; потенциалдар және потенциялардың түрлілігі, электр тогы, оның физикалық мәні және есептеу әдістері; кедергі, өтімділік; электр қозғаушы күштер; электр тізбегін байланыстырушы электротехника заңдары; электр тізбегінің байланыстырушы параметрлері; электрмагниттік өріс және оның құрауыштары; магниттік және электрлік тізбектерде өтетін электрмагниттік процестер; магниттік тізбектерді есептеу; электрмагниттік индукция; синусоидалы токтың электр тізбектері; тұрақты және айнымалы токтың электр тізбегін есептеу; тұрақты және айнымалы токтың сызықты емес тізбектері; есептеу ұғымдары мен әдістері;
синусоидалы емес токтың электр тізбектері; есептеу ұғымдары мен әдістері; электр тізбектеріндегі өтпелі процестер; тарату параметрлері бар электр тізбектері.
Білімдер:
- негізгі электрлік және магниттік құбылыстарды, олардың физикалық мәнін және іс-жүзінде қолдану мүмкіндігін;
- электротехника негізделген физикалық заңдарды және бұл заңдардан туындайтын салдарларын; ережелерін, есептеу әдістерін;
- теориялық электротехникада жиі қолданылатын терминдер мен анықтамаларды;
- алмастыру сұлбаларында қолданылатын электр тізбектері элементтерінің шартты графикалық белгіленуін;
- электрлік және магниттік шамалардың өлшем бірліктері мен әріптік таңбалануын.
Іскерліктер:
- тұрақты және айнымалы токтың электрлік тізбектеріне есептеу жүргізу;
- электр машиналары мен трансформаторларды оқыған кезде электрмагниттік индукция заңын қолдану;
- өтпелі процестердің электрлік шамалары мен өту уақытының параметрлерін анықтау.
БҚ 1,2,3,7
КҚ 3.2.1
ЖКП 06Гидравлика, пневматика және жылу техникасының негіздері.
Гидравлика негіздері: сұйықтықтардың физикалық қасиеттері; гидростатика негіздері; гидродинамика негіздері; гидравликалық кедергілер; жылу техникасы және пневматика негіздері; термодинамика негіздері; су буы; жылу берілісі негіздері; энергетикалық қондырғылардағы жылу процестері; пневматика негіздері: газ бен буды сығу туралы ұғымдар; көлемді компрессорлардың жұмыс принципі, үш сатылы компрессорлардың теориялық индикаторлық диаграммасы; поршенді компрессордың жұмысын зерттеу.
Білімдер:
- гидравлика мен жылу техникасы заңдарының физикалық мәнін;
- гидравликалық және жылу энергиясын өнеркәсіптік пайдалануды;
- компрессорлардың, қазандық және тоңазытқыш қондырғылардың құрылғысы мен жұмысын.
Іскерліктер:
- физикалық қасиеттерді анықтау үшін кестелер мен формулаларды пайдалану;
- газ қоспалары күйінің параметрлерін және газ бен газ қоспаларының жылу сыйымдылығын анықтау.
БҚ 5,7,9
КҚ 3.2.1
ЖКП 07Автоматтық құрылғылардың электр машиналары.
Тұрақты ток машиналары: тұрақты ток машиналарының (ТТМ) қайтымдылығы; жұмыс принципі, конструкциясы; ТТМ магниттік тізбегі; параллель қоздыру қозғалтқышы;
ТТМ қуат шығыны мен ПӘК: арнайы машиналар; трансформаторлардың міндеті; жұмыс принципі; трансформаторларды жалғау сұлбалары мен топтары; трансформаторлардың бос жүріс және тұйықталу режимдері; трансформаторлардың қуат шығындары мен ПӘК; трансформаторлардың параллель жұмысы; синхронды генераторлардың жұмыс принципі мен конструкциясы; синхронды қозғалтқыштардың жұмыс принципі мен конструкциясы; синхронды қозғалтқыштарды іске қосу; синхронды қозғалтқыштардың векторлық диаграммасы мен бұрыштық сипаттамасы; синхронды қозғалтқыштардың жұмыс сипаттамалары; асинхронды машиналар; асинхронды машиналардың жұмыс принципі мен конструкциясы; асинхронды қозғалтқыштардың жұмыс сипаттамалары; асинхронды қозғалтқыштарды іске қосу; АҚ жиілігін реттеу; іске қосу сипаттамалары жақсартылған қозғалтқыштар.
Білімдер:
- электр машиналары мен трансформаторлардың жұмыс принципі негізіне сүйенетін электр магниттік және электр механикалық процестерді;
- электр машиналары мен трансформаторлардың негізгі қасиеттерін, құрылымдық ерекшеліктерін және сипаттамаларын; олардың қолданылу саласын.
Іскерліктер:
- электр машиналары мен трансформаторлардың типін конструкциялары және паспорттық мәліметтері бойынша анықтау;
- қозғалтқыш сұлбаларын жилбаларын және сипаттамаларын алу;
- зәкір орамдарының толық сұлбалары параметрлерін есептеу және орындау бойынша есептер шығару; тұрақты токтың магниттік тізбегін есептеу бойынша есептер шығару; коллекторлы машиналардың ЭҚК, электр магниттік моменттерін және жиілігін есептеу; бұл машиналар сипаттамларын есептеу;
- трансформаторлардың, синхронды, асинхронды машиналардың параметрлері мен сипаттамаларын есептеу бойынша есептер шығару.
БҚ 5,7,9
КҚ 3.2.1
ЖКП 08Электржетегінің негіздері.
Электржетегінің механикасы:
электржетегінің механикалық бөлігінің құрылымы және есептік сұлбасы; электржетегінің орнықпаған механикалық қозғалысы; электржетегі координатын реттеу ұғымы; тұрақты ток қозғалтқышы бар электржетегі; тәуелсіз қоздырғышты тұрақты ток қозғалтқышы бар электржетегі; асинхронды және синхронды қозғалтқыштары тізбекті тұрақты ток қозғалтқышы бар электржетегі;
электржетек энергетикасы: қуатты есептеу, электрқозғалтқыштарды таңдау және тексеру.
Білімдер:
- электржетегін басқару сұлбасын;
- механизм қозғалтқыштарын таңдау және тексеру шарттарын;
- электржетегі жұмысының жылдамдығын реттеу және тұрақтылығын анықтау тәсілдерін.
Іскерліктер:
- электржетегінің электрлік және электр механикалық параметрлерін есептеу.
БҚ 5,7,9
КҚ 3.2.1
ЖКП 09Электроника және микроэлектроника негіздері.
Электр вакуумдық және ионды аспаптар; жартылай өткізгіш аспаптар: диодтар, транзисторлар, тиристорлар; интегралды микросұлбалар; микроэлектронды құрылғылар жіктемесі; таңбалануы; микроинтегралды орындауда элементтер мен сұлбаларды дайындау технологиясы; күшейткіштер; қорек көздері: түзеткіштер, жазу сүзгілері, кернеу көбейткіштері, тұрақтандырғыштар, инверторлар мен жиілік түрлендіргіштер; желілік тербеліс генераторлары; импульстік және сандық құрылғы элементтері; микропроцессорлық техника элементтері: санауыштар, тіркеуіштер, дешифраторлар, компараторлар, информаторлар; импульс қалыптастырғыштар мен түрлендіргіштер.
Білімдер:
- электроника элементтерінің құрылысын, жұмыс принципін, вольтамперлік сипаттамаларын және негізгі параметрлерін;
- микропроцессорлық техниканың электронды құрылғылары мен элементтерінің құрылу принципін, типтік түйіндерін және сұлбаларын;
- өнеркәсіптік электрониканы пайдалану шарттары мен қолданылу саласын.
Іскерліктер:
- үлгілік электронды сұлбаларды оқу;
- электронды аспаптар мен құрылғыларды зертханалық зерттеу бойынша эксперименттер жүргізу,
техникалық және анықтамалық әдебиетті пайдалану;
- негізгі есептік арақатынастар бойынша есептер шығару.
БҚ 1,3,5,7,9
КҚ 3.2.1

Арнайы пәндер

Циклдің (пәннің) индексіПәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдеріҚалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдыларҚалыптасатын құзыреттер коды
АП 01Метрология негіздері және өлшеу құралдары.
Метрология негіздері: негізгі ұғымдар мен анықтамалар; өлшеу құралдары және олардың негізгі сипаттамалары; АМЖ өлшеу түрлендіргіштері: бастапқы өлшеу түрлендіргіштері; электр өлшеу тізбектері; АМЖ сигналдарының түрлендіргіштері; электр өлшеу аспаптары және электрлік өлшеу; кеңейту термометрлері; кедергіні жылу түрлендіргіштер; термоэлектрлік жылу түрлендіргіштер; пирометрлер;қайталама түрлендіргіш аспаптары; қысым мен қысым айырмасын өлшеу аспаптары: сұйықтық аспаптары; серіппелі аспаптар; мембраналы аспаптар; сильфонды аспаптар; деформациялы шкаласыз аспаптар және қашықтан беру түрлері; зат шығыны мен мөлшерін өлшеу аспаптары: шығынды айнымалы қысым айырмасыәдісімен өлшеу; жедел шығын өлшеуіштер мен санауыштар; көлемді шығын өлшеуіштер; тахометриялық шығын өлшеуіштер; гидростатикалық және акустикалық деңгей өлшеуіштер; заттардың физика-химиялық қасиеттерін өлшеу аспаптары: ауа ылғалдылығын және тозаңдануын өлшеу аспаптары; тығыздықты өлшеу аспаптары; тұтқырлықты өлшеу аспаптары; сұйық ортаның электр өтімділігін өлшеу аспаптары; химиялық құрамды өлшеу аспаптары; деңгейді өлшеу аспаптары: қалтқымалы және буйкалы деңгей өлшеуіштер; сыйымды, кондуктометриялық және радиоактивті деңгей өлшеуіштер; АМЖ ақпаратын бейнелеу құрылғылары: ұқсас көрсететін және қайталама тіркеу аспаптары; сандық қайталама көрсететін аспаптар; орталықтандырылған бақылау құралдары.
Білімде:
- өлшеу құралдарының негізгі метрологиялық сипаттамаларын;
- өлшеу құралдарының құрылымын;
- өнеркәсіптік аспаптар мен автоматтандыру құралдарының мемлекеттік жүйе құрылымын;
- электр өлшеу аспаптарының және өлшеу тізбектерінің негізгі түрлері мен жұмыс қағидаларын;
- электрлік өлшеу әдістемесін;
- өлшеу нәтижелерін талдау әдістемесін;
- электрлік емес шамаларды өлшеуге арналған аспаптардың негізгі түрлері мен жұмыс қағидасын;
- АМЖ ұқсас және сандық аспаптарының негізгі түрлері мен жұмыс қағидаларын;
- технологиялық процестердің әртүрлі параметрлерін өлшеуге арналған аспаптардың жинағын;
- орталықтандырылған бақылау жүйесінің құрылымын.
Іскерліктер:
- өлшенетін шаманың ең ақиқат мәнін анықтау;
- әртүрлі физикалық шамаларды өлшеу үшін алғашқы өлшеу түрлендіргіштеріне таңдау жүргізу;
- жинақты таңдауды жүзеге асыру: жылу түрлендіргіш – қайталама аспап;
- жылу түрлендіргіштердің статикалық сипаттамаларын алу және талдау;
- температураны өлшеу аспаптарын іске қосу;
- аспаптардың статикалық сипаттамаларын алу және талдау; аспаптарға баптау жүргізу;
- дифманометрлерді іске қосу;
- газ талдауыштың және сұйықтық талдауыштың сипаттамаларын алу және талдау;
- қайталама аспаптарға баптау жүргізу.
БҚ 1,3,4,5,7,9
КҚ 3.2.1
АП 02Сала технологиясының негіздері.
Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау туралы негізгі мәліметтер; ұңғымаларды бұрғылау режимдері; бұрғылау режимі мен оның параметрлері туралы түсінік; бұрғылау режимдерінің алуан түрлілігі; бұрғылаудың әртүрлі тәсілдерінде бұрғылау режимдерінің технологиялық ерекшеліктері; мұнай мен газды өндіру технологиясы және техникасы; фонтанды ұңғымалар ернеуінің жабдығы; МЕМСТ бойынша фонтанды арматураның жіктелуі; көтеру желілері бар фонтанды ұңғымалардыңбекітпесі; манифольдтің міндеті мен құрамы; фонтанды ұңғыма жұмысын реттеу; мұнайды фонтанды өндіру; фонтандыұңғымаларды автоматтандыру; пайдалану режимі бұзылған кезде және ернеулі жабдықтыңгерметизациясының жойылуы
фонтанды ұңғыманы жабуға арналған құрылғы; бөлгіш клапандар және ұңғымаішілік жабдық; мұнайды газлифтті жолмен өндіру; компрессорлық көтергіштердің жүйесі және құрылымдары; газлифтілі ұңғымалар ернеуінің жабдығы; компрессорлық және компрессорсыз газлифт, технологиялық сұлба; мұнайды ұңғымалы-штангалы сорғылармен өндіру; ұңғымалы-штангалы сорғы қондырғысы жұмысының сұлбасы; сорғы ұңғымалары ернеуінің жабдығы; мұнайды штангасыз сорғылармен өндіру; жүктеу электрлік центрден тепкіш сорғыларды орнату сұлбасы (ЭЦСО), қолданылу саласы; пайдалану процесінде қондырғының жұмыс параметрлерін бақылау; жабдықталған ЭЦСО ұңғымаларды автоматтандыру.
Білімдер:
- фонтанды ұңғымалардың жабдығы мен бекітілуін;
- ұңғыма жұмысының технологиялық режимін орнатуды және реттеуді;
- газлифт жұмысының принципін;
- компрессорлы және компрессорсыз газлифтінің технологиялық сұлбаларын;
- компрессорлы ұңғымаларды пайдалануға беруді және іске қосу қысымын төмендету әдісін;
- ұңғымаларда газды реттеу тәсілдерін;
- штангалы ұңғыма қондырғыларының жұмыс қағидасын.
Іскерліктер:
- компрессорлы және компрессорсыз газлифтінің технологиялық сұлбаларын оқу;
- ұңғымалы-штангалы сорғы қондырғыларының жұмысын; жүктеу электрлік центрден тепкіш сорғыларды орнату сұлбасының (ЭЦСО) жұмысы.
БҚ 5,7,9
КҚ 3.2.1
АП 03Сала процестері мен аппараттары.
Сорғылар; көлемді сорғылар; көлемді сорғылар; көлемді сорғылар мен динамикалық сорғылардың жұмыс қағидасы, жіктелуі және қолданылу саласы, олардың негізгі техникалық параметрлері; сорғыларды бекіту сұлбалары;монтаж негіздері және пайдалану ережелері;мұнай және газ өнеркәсібінде қолданылатын жаңа сорғылардың құрылымы мен техникалық мәліметтері: консолды, екі жақты кіретін сорғылар, көп секциялы; ұңғымаларды фонтанды пайдалануға арналған жабдық; ұңғымаішілік жабдық; фонтанды ұңғыма ернеулерінің жабдығы; штангалы сорғылық пайдалануға арналған жабдық; электр центрден тепкіш сорғыны орнату; электр центрден тепкіш сорғыны орнатудың (ЭЦСО) принциптік сұлбасы; қондырғылар жинақтылығы, қолданылу саласы және жіктелуі;жүктеу центрден тепкіш сорғылар,олардың типтері және құрылымы; жүктеу бұрандамалы сорғыларды орнату, принциптік сұлбасы,қолданылу саласы,орнату жинақтылығы; мұнай және газ өнеркәсібінде компрессорлардың қолданылу саласы; компрессорлардың түрлері мен жіктелуі; поршенді компрессордың жұмыс қағидасы мен құрылғысы, оның жұмысының термодинамикалық негіздері; центрден тепкіш компрессорлардың жұмыс қағидасы мен қолданылу саласы; ұңғымаларды жууға арналған сорғы қондырғылары, олардың типтері, кинематикалық сұлбалары, құрылғысы мен техникалық сипаттамалары; ППУА-1200/100жылжымалы бу генераторларын орнату және ұңғымаларды (АДП типті) депарафиндеуге арналған агрегаттар, олардың принциптік сұлбалары, техникалық мәліметтері, негізгі түйіндердің құрылымы.
Білімдер:
- сорғыларды орнатуды және жұмыс қағидасын, олардың қолданылу саласын;
- сорғыларды бекіту сұлбаларын және пайдалану ережесін;
- пайдаланатын ұңғымалардың құрылымын және фонтанды арматураның негізгі элементтерін, фонтанды арматураның сұлбаларын, қолданылу саласын;
- әртүрлі типті ұңғыма сорғылардың құрылымы мен қолданылу саласын;
- жетек құрылымын, МЕМСТ сәйкес білдек-тербеткіштің шартты таңбалануын, негізгі параметрлерін;
- жүктеу центрден тепкіш электр сорғыларын пайдалану кезінде ұңғымалардың жабдығын, қолданылу саласын;
- қондырғылардың негізгі элементтерінің құрылымы мен техникалық сипаттамасын;
- қондырғылардың шартты таңбалануын ашып оқуды;
- винтті, гидропоршенді, диафрагмалы және шапшымалық сорғыларды пайдалану кезіндегі ұңғымалардың жабдығын;
- компрессорлардың құрылымы мен жұмыс қағидасын;
- кәсіптік компресорлық станциялардың технологиялық сұлбасын;
- компрессор жұмысына бақылауды ұйымдастыруды;
- компрессорлардың құрылымы мен жұмыс қағидасын, поршенді компрессорлармен салыстырғанда олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, қолданылу саласын;
- сорғылық қондырғылардың, вертлюгтердің және ернеу жабдықтарының негізгі түрлерінің құрылымын, олардың тағайындауын;
- бу генераторларлы қондырғылардың құрылымын, олардың техникалық мәліметтерін, пайдалану ережелерін.
Іскерліктер:
- компрессорлық станциялар мен сорғылық қондырғылардың технологиялық сұлбасын оқу.
БҚ 5,7,9
КҚ 3.2.1
АП 04Автоматтық реттеу.
Автоматтандырылған жүйелердің элементтері: автоматтандырылған жүйе элементтерінің жалпы сипаттамалары; электр механикалық элементтер; ферромагниттік элементтер; пневматикалық және гидравликалық элементтер; атқарушы механизмдер (электрлік, пневматикалық, гидравликалық); реттеуші органдар; автоматтық реттеу теориясының негіздері: автоматтық реттеудің негізгі ұғымдары мен анықтамалары; автоматтық реттеу жүйелерінің типтік динамикалық буындары; реттеудің автоматтандырылған жүйелері (РАЖ); реттеудің автоматтандырылған жүйелерінің беріктігін талдау (РАЖ); реттеу
процестерінің сапасын талдау; автоматтық реттеуіштер: автоматтық реттеуіштердің типтері мен сипаттамалары; тура әрекетті автоматтық реттеуіштер; электрлік позициялық реттеуіштер; "Контур" приборлары мен құрылғыларының жиынтығы; "Каскад-2" микроэлектронды базадағы реттеуіш және функционалдық оқшаулау жиынтығы; пневматикалық реттеуіштер; экстремалды реттеу; реттеуіш түрін таңдау және параметрлерін баптау; технологиялық процестерді басқару жүйесіндегі микропроцессорлар; технологиялық процестерге арналған микропроцессорлық бақылау және реттеу құралдары.
Білімдер:
- автоматтандырылған жүйе элементтерінің жалпы сипаттамаларын;
- автоматтық реттеу теориясының негіздерін;
- автоматтық реттеуіштердің типтері мен сипаттамаларын;
- бақылау мен реттеудің микропроцессорлық құралдарын.
Іскерліктер:
- абсолюттік статикалық, қатыстық және келтірілген қателіктерді анықтау;
- қарапайым релелік басқару сұлбаларын оқу;
- магниттік күшейткіштердің сипаттамаларын зерттеу кезінде алған білімдерін қолдану;
- автоматтық реттеу жүйелерін жобалау кезінде алған білімдерін қолдану;
- автоматтық реттеу жүйелерінің құрылымдық сұлбаларын моделдеу;
- практикалық жолмен қисық екпіннен параметрлерін пайдаланып, реттеу объектілерінің теңдеуін құру;
- буындар мен жүйелердің жиілік сипаттамаларын құру;
- төртінші реттегі реттеудің автоматтандырылған жүйелерін беріктікке есептеу;
- реттеу сапасын Наквист және Михайлов критерийлері бойынша бағалау;
- әртүрлі типті реттеуіштердің салыстырмалы сипаттамасын жасау;
- зерттелген реттеуішті пайдаланып, реттеу контурының құрылымдық сұлбасын жасау;
- автоматтандырылған жүйелерді жобалау кезінде микропроцессорлық жүйелерді қолдану;
- ТПА функционалдық сұлбаларына өнеркәсіптік роботтарды енгізу.
БҚ 5,7,9
КҚ 3.2.1
АП 05Автоматтандырылған жүйелердегі есептеу техникасы.
ЭЕМ арифметикалық және логикалық негіздері: есептеу жүйелері; екілік арифметика; ЭЕМ логикалық негіздері; логикалық функциялар; ЭЕМ ақпаратты бейнелеу: ЭЕМ-да ақпаратты бейнелеу нысандары мен тәсілдері; есте сақтау құрылғылары: есте сақтау құрылғыларының (ЕҚ) жіктелуі және жалпы мәліметтер; жедел есте сақтау құрылғысы (ЖЕҚ); тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕҚ); жалпы қолданыстағы ЭЕМ: сәулет, ерекшеліктері, қолданылу саласы; енгізу-шығару каналдары; микропроцессорлар: микропроцессорлардың негізгі шектеулері, сәулет; микропроцессорлық жинақтар; микропроцессор командаларының жүйесі; микроЭЕМ: функционалдық шектеулер, микроЭЕМ сәулеті; микроЭЕМ-ның енгізу-шығару жүйесі; перифериялық құрылғылар: дисплей және таңба басатын құрылғылар; технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінде (ТП БАЖ) ЭЕМ қолдану: мамандық бойынша техника-экономикалық және жедел есептеулерде ЭЕМ қолдану.
Білімдер:
- жалпы қолданыстағы есептеу машиналарын ұйымдастыру қағидасын;
- перифериялы құрылғылардың жұмыс қағидасы мен номенклатурасын;
- микропроцессорлар мен микроЭЕМ базасында есептеу басқару жүйелерін ұйымдастыру қағидасын;
- мамандық бойынша техника-экономикалық жедел есептеулерде ЭЕМ пайдалану негіздерін.
Іскерліктер:
- сандарды бір жүйеден екіншіге ауыстыру;
- қарапайым дискретті автоматтық құрылғылардың жұмыс алгоритмдерінің логикалық функцияларын құру;
- МК бағдарламалауға арналған бағдарламалар құру, бір реттік автоматтардың ақиқаттық кестелерін құру және анықтау;
- пернетақта және монитордың көмегімен ЭЕМ-мен сұхбат жүргізу;
- микропроцессорлық құрылғыларды қолдана отырып, автоматтандырылған жүйелердің құрылымдық сұлбаларын құру;
- мамандық бойынша бағдарламалар пакетін қолдану;
-мамандық бойынша техника-экономикалық есептеулерде ЭЕМ пайдалану.
БҚ 5,7,9
КҚ 3.2.3
АП 06Автоматтандырылған жүйелерді монтаждау және пайдалану.
Технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелерін жобалау; монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру; жобалық құжаттаманың құрамы; жобалау сатылары: жоба материалдары; автоматтандырылған жүйелердің монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру туралы жалпы мәліметтер; өндірісті монтаждау жұмыстарына дайындау; монтаждау ұйымдарының өндірістік базалары; индустриалды монтаж; монтаждау жұмыстарының ұйымдастырушылық-техникалық деңгейінің көрсеткіштері; автоматтандырылған жүйелерді монтаждау: монтаждау жұмыстарының сапасын қамтамасыз етуде стандарттаудың рөлі; құбыр сымдарын дайындау және монтаждау; электр сымдарын монтаждау; байланыстың талшықты-оптикалық желілерін монтаждау; қалқандар мен пульттарды монтаждау; температураны өлшеу жүйелерін монтаждау; қысым мен разрядталуды өлшеу жүйелерін және құрылғыларын монтаждау; шығынды өлшеу жүйелерін және құрылғыларын монтаждау; деңгейді өлшеу жүйелерін және құрылғыларын монтаждау; заттың құрамы мен мөлшерін өлшеу жүйелерін монтаждау; автоматтық реттеуіштерді монтаждау; атқарушы механизмдер мен реттеуші органдарды монтаждау; басқарушы есептеу кешендерін монтаждау; автоматтандыру жүйелерін пайдалану және жөндеу:
цехтың құрылымы, міндеттері және функциялары; БӨАжәнеА; автоматтандыру жүйелерін пайдалану қызметтерінің өзге де қызметтермен және ұйымдармен өзара қарым қатынастары; БӨА және А цехының зертханалары мен шеберханаларын ұйымдастыру; техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының мазмұны мен кезеңдігі; өлшеу құралдары мен автоматтандыру жүйелерін пайдалану; аспаптар мен реттеуіштерді жөндеу: температураны өлшеу аспаптарын жөндеу және реттеу; қысым аспаптарын жөндеу және реттеу; шығын аспаптарын жөндеу және реттеу; деңгей аспаптарын жөндеу және реттеу; заттың құрамы мен мөлшерін өлшеу аспаптарын жөндеу және реттеу; реттеуіштер мен реттеу аппаратурасын жөндеу және реттеу.
Білімдер:
- автоматтандырылған жүйелерді монтаждауға арналған жобалық құжаттаманың құрамы мен мазмұнын;
- автоматтандырылған жүйелерді монтаждаудың озық әдістерін;
- автоматтандырылған жүйелерді монтаждау, пайдалану және жөндеудің негізгі сұрақтарын;
- БӨА мен А цехының міндеттері мен функцияларын;
- жеке уческелер мен топтардың белгіленуін; жүргізілетін жұмыстардың көлемін; БӨА мен А цехтары зертханалары мен шеберханаларында жүргізілетін жұмыс түрлерін;
- БӨА және А зертханалары жайларына қойылатын талаптарды;
- техникалық қызмет көрсету, бақылау және автоматика жүйелерін жөндеу және баптау жөніндегі жұмыстардың
кезеңдігі мен мазмұнын.
Іскерліктер:
- қалқандар мен пульттардың жалпы түрлерінің сызбаларын, сыртқы сымдар жалғанымдарының сұлбаларын, жабдық пен сымдардың орналасу жоспарларын оқу;
- жұмыстарды жүргізу жобаларын жасау;
- құбыр сымдарын жинау;
- құбыр сымдарын монтаждаудың техникалық шығыс құжаттамасын оқу;
- электр сымдарын ұштауды, жалғауды, қосуды және таңбалауды орындау;
- монтаждау жұмыстарында айлабұйымдарды дұрыс пайдалану;
- қалқанның коммутациясын орындау;
- сымдарды жалғау және ауыстырып қосу кестелерін құру;
- температураны өлшеу жүйелерінің жалғастырушы желілерді таңдау;
- импульсті жалғастырушы желілерін таңдау;
- аспаптарды орнатуға арналған бірегей типтік конструкциялар;
- шығынды өлшеу жүйелеріне арналған импульсті желіні таңдау;
- деңгей өлшеуіштерді орнатуға арналған төсеу конструкцияларын таңдау;
- реттеуші органдарға бөлшектеу жүргізу және әртүрлі атқарушы механизмдерін монтаждау; оларды жобалық құжаттамаға сәйкес іске қосу;
- аспаптар мен реттеуіштердің ақауларын жою;
- аспаптар мен реттеуіштердің жеке бөлшектерін және тетіктерін ауыстыру.
БҚ 1,2,3,5,7,9
КҚ 3.2.1
АП 07Еңбекті қорғау.
Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері: Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау жөніндегі негізгі заңнамалар; еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі (ЕҚСЖ); еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; қауіпті және зиянды өндіріс факторлары; өндірістегі жазатайым жағдайларды зерттеу, есепке алу және талдау; жұмыс орнында еңбекті ұйымдастыру; еңбек гигиенасы және өндірістік санитария: өндірістік жайларға, жұмыс орындарына, технологиялық жабдықтарға қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар; өндірістік жайларды жарықтандыруға қойылатын талаптар; шудан, вибрациядан, ультрадыбыстардан, ионданған және электр магниттік сәулеленуден қорғау; қауіпсіздік техникасы: тиеп-түсіру, тасымалдау және қойма жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік техникасы; қолмен жұмыс жасайтын құрал-саймандармен және айлабұйымдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы; бақылау және автоматтандыру жүйелерін монтаждау кезіндегі қауіпсіздік техникасы; электрлік қауіпсіздік негіздері; өртке қарсы қорғаныс:
заттардың жануы және жарылу қаупі қасиеттері; өртті сөндіру құралдары мен тәсілдері; кәсіпорындарда өрт күзетін ұйымдастыру.
Білімдер:
- еңбекті қорғау жөніндегі заңнама негіздерін;
- тиімді жұмыс жағдайларын жасау бойынша іс-шараларды, өндірістік жайларға және жұмыс орындарына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптарды;
- электрлік қауіпсіздік негіздерін және электр тогымен жарақаттанудан қорғау шараларын, жазатайым жағдайларда зардап шегушілерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету жөніндегі негізгі медициналық мәліметтерді.
Іскерліктер:
- еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманы пайдалану;
- өндірістің қарамағындағы учаскеде жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру;
- жазатайым жағдайларға зерттеу жүргізу және Н-1 формасы бойынша акт рәсімдеу;
- технологиялық процестер мен жабдықтың қауіпсіздік параметрлерінен ауытқуын және бұзылуын анықтау;
- адамға кері әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторларды бағалау;
- ағымдағы және кезеңдік нұсқаулық өткізу, қауіптілігі жоғары жұмыстарға жоғары рұқсат-наряд рәсімдеу;
- жазатайым жағдайда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету.
БҚ 4,6,7,9
КҚ 3.2.2
АП 08Экономика және өндірісті басқару.
Мұнай және газ өндіру кәсіпорындары, оны нарықтық экономика жүйесінде басқару: өнеркәсіптің салаға бөлінуі; нарықтық экономика жүйесіндегі кәсіпорын; мұнай және газ өндіру кәсіпорындарын басқару негіздері; кәсіпорын қызметкерлерін басқару; мұнай және газ өндіру кәсіпорындарының өндірістік қызмет факторлары: мұнай және газ өндіру кәсіпорындарының мүлкі; кәсіпорындардағы жаңалықтар мен инвестициялар; мұнай және газ өндіру кәсіпорындарын басқарудың экономикалық механизмі: техникалық нормалау негіздері; еңбек өнімділігі; еңбек төлемі және ұйымдастыру; фирмаішілік жоспарлау; кәсіпорынның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі; жалға алу, лизинг, франчайзинг; өндіріс шығындары, табыс және кіріс; мұнай өндіру өндірісінің рентабельділігі; мұнай және газ өндіру кәсіпорындарының өндірістік-шаруашылық қызметін есепке алу және талдау.
Білімдер:
- мұнай және газ өндіру кәсіпорындарын басқару негіздерін; олардың құрылымын; кәсіпорын құрамын, қозғалысын және мүлкін есепке алуды;
- еңбекті ұйымдастыру және еңбекақы төлеу саласында кәсіпорындарды басқаруға экономикалық механизмнің ықпалын;
- мұнай және газ өндіру кәсіпорындарындағы есеп және есеп беру түрлерін;
- мұнай және газ өндіру кәсіпорындарының өндірістік-шаруашылық қызметіне талдау жасау негіздерін.
Іскерліктер:
- салалық кәсіпорынның өндірістік сипаттамасына бейімделу;
- мұнай және газ өндіру кәсіпорындарының құрылымына бейімделу;
- әрбір қызметкердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, өндірістік ұжым қалыптастыру;
- кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдаланатын көрсеткіштерге және мүлік қозғалысының көрсеткіштеріне есептеу жүргізу;
- инновациялардың ақпараттық ағымдарына бейімделу;
- кәсіпорын табыстарының барлық түрлерін және тиімділігін анықтау;
- кәсіпорын қызметінде экономикалық талдау нәтижелерін қолдану.
БҚ 7,10
КҚ3.2.3
АП 09Басқарудың автоматтандырылған жүйелерін баптау.
Автоматтандырылған жүйелерді баптау жұмыстарын жүргізуге дайындау және ұйымдастыру: автоматтандырылған жүйелерді баптау жұмыстарын жүргізуге дайындау және ұйымдастыру; сенімділік туралы ұғым; іске қосу-баптау жұмыстарына арналған аспаптар мен құрылғылар; автоматтандыру жүйелерінің байланыс желілері мен сымдарын баптау: технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелерінің сұлбалары мен сымдарын баптау кезінде жұмыстарды ұйымдастыру; сымдар мен кабельдердің бүлінген жерін анықтау; технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелерінің сұлбалары мен сымдарын баптау кезіндегі жұмыстардың құрамы; температураны өлшеу жүйелерін баптау: температураны өлшеу жүйелерін баптау жұмыстарының құрамы; монтаждау алдындағы тексеру және манометриялық жылу түрлендіргіштермен өлшеу жүйелерін баптау; ақаулылықтар диагностикасы; қысымды, шығынды және деңгейді өлшеу жүйелерін баптау: қысымды өлшеу жүйелерін және құрылғыларын баптау; ақаулықтар диагностикасы; шығын мен деңгейді өлшеу жүйелерін және құрылғыларын баптау: қысым мен разрядталуды өлшеу жүйелерін және құрылғыларын баптау жұмыстарының құрамы; ақаулықтар диагностикасы; заттардың құрамы мен мөлшерін өлшеу жүйесін баптау: автоматтық реттеуіштер мен атқарушы механизмдерді баптау; технологиялық процестерді реттеудің автоматтық жүйелерін баптау; сигнал беру және шектеу жүйелері мен құрылғыларын баптау; автоматтандырылған жүйелердің басқарушы есептеу жинақтарын баптау.
Білімдер:
- автоматтандырылған жүйелерді баптау жұмыстарының міндеттері мен мақсаттарын;
- автоматтандырылған жүйелерді баптауға арналған техникалық құжаттаманың құрамы мен мазмұнын;
- автоматтандырылған жүйелерді баптауға арналған құрылыс нормалары мен ережелерін;
- автоматтандырылған жүйелердің баптау жұмыстарын жүргізуге қажетті жабдықтарды, айлабұйымдар мен құралдарды;
- өлшеу және автоматтандыру құралдарын монтаждау алдында тексеру әдістерін;
- технологиялық бақылау мен автоматты басқару жүйелерін баптауды және жұмысқа қосу әдістерін;
- автоматтық реттеуіштерді баптаудың тиімді параметрлерін есептеуді және анықтау әдістерін, автоматтық реттеу жүйелерін баптау, технологиялық сигнал беру, қорғаныс және шектеу жүйелерін.
Іскерліктер:
- автоматтандыру жобасының сызбаларын және басқа да құжаттамаларды оқу;
- жұмыс күшіне, материалдар мен жабдықтарға қажеттілікті анықтау;
- автоматтандырылған жүйелерді монтаждау алдындағы тексеруге және баптауға арналған үлгідегі аппаратураға таңдау жүргізу;
- электр сымының және құбыр сымдарының дұрыс монтаждалуына тексеру жүргізу;
- электр сымын және құбыр сымдарын сынау;
- аспаптардағы ақаулылықтарды анықтау.
БҚ 5,7,9
КҚ 3.2.1
АП 10Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру.
Технологиялық процестерді автоматтандыру жөніндегі жалпы мәліметтер: технологиялық процестер; негізгі ұғымдар мен анықтамалар; жалпы зауыттық қондырғыларды автоматтандыру; қағидалық сұлбаларға техникалық құжаттама: технологиялық процестерді автоматтандыруды сұлбаларын құру қағидасы; басқару және сигнал беру сұлбаларын құру қағидасы; компрессорлық станцияларды автоматтандыру; сорғы станцияларын автоматтандыру; өнеркәсіптік тазарту құрылыстарын автоматтандыру; қазандық қондырғыларды автоматтандыру; желдету жүйелерін және ауаны баптау қондырғыларын автоматтандыру; суықпен және жылумен жабдықтау қондырғыларын автоматтандыру; саланың технологиялық процестерін автоматтандыру: домналық және болат балқыту өндірісін автоматтандыру; өндірісті басқаруды автоматтандыру: басқарудың автоматтандырылған жүйелері; телемеханика жүйелері туралы ұғым; робот техникасы: өнеркәсіптік роботтарды әзірлеу және жасау; бейімді автоматтандырылған өндірісте (БАӨ) роботтарды пайдалану.
Білімдер:
- зерттелетін процестердің технологиясы мен жабдықтың жұмыс режимдерін;
- автоматтандыру жүйелеріндегі апаттық және технологиялық қорғанысты, шектеуді;
- бағдарламамен басқарылатын манипуляторлардың (роботтардың) құрылғысы мен қолданылуын.
Іскерліктер:
- автоматтандыру процестері мен объектілерін жіктеу;
- автоматтандырылған электржетегінің сұлбаларын оқу, технологиялық сигнал беруді реттеу, қозғалтқыштар мен атқарушы механизмдерді басқару;
- әртүрлі технологиялық процестердің параметрлерін реттеу контурларын құру;
- компрессорларды басқару және агрегаттарды қорғау сұлбаларын оқу; сорғыларды басқару және резервті енгізу сұлбаларын оқу;
- өнеркәсіптік ағындарды бейтараптандыру станцияларын автоматтандыру кезіндегі реттеу контурларын құру;
- технологиялық процестерді автоматтандырудың функционалдық сұлбасын оқу; автоматика аспаптары мен құралдарын таңдау;
- сандық және цифрлық бағдарламалық басқару сұлбасын оқу.
БҚ 1,2,3,5,7,9
КҚ 3.2.1

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика

Циклдің (пәннің) индексіПәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдеріҚалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдыларҚалыптасатын құзыреттер коды
ӨО 01Оқу практикасы.
Материалдарды слесарлы-механикалық өңдеу; қауіпсіздік техникасы және өнеркәсіптік санитария; технологиялық өлшеу негіздері; жазықтықтық таңбалау; материалдарды қию; металдарды кесу; дайындамаларды түзету және ию; егеу; бұрғылау және үңгілеу; бұранда кесу; сымдарды қалайылау; электр монтаждық жалғанымдарды дәнекерлеу; сымдарды тарқату, жалғау, тарамдау және ұштау; радио элементтерімен жұмыс жасау; баспалы монтаждауда электр монтаждау жұмыстары; активті және реактивті энергияны өлшеуге арналған үш фазалы есептеуіштерді қосу; ток пен кернеудің өлшеу трансформаторларын тексеру; реттеу және жүктеу құрылғылары; асинхронды қозғалтқыштардың құрылғысы; автоматтық ажыратқыштар және балқымалы сақтандырғыштар; магниттік іске қосқыштар; басқару батырмалары, ауыстырып қосқыштар, соңғы ажыратқыштар; жылу релесінің құрылғысы; электр жарығын басқару сұлбаларын құрастыру және жинақтау.
Іскерліктер:
- сызғышты, штангенциркульді, деңгейді, бұранда өлшеуішті, щуптарды қолдану;
- таңбалау құралдарын пайдалану;
- металды егеумен кесу;
- қысқыштарда, плитада немесе наковальнада металды шабу;
- құбыр игіштерде құбырды ию;
- егеуді қолдану;
- бұрғылау және үңгілеу;
- бұранда кестесін пайдалану;
- сұлбаларды жинау;
- тізбек бөлігінде болатын ток пен кернеуді есептеу;
- ток пен кернеуді реттеуде қолданылатын реостаттарды есептеу және таңдау.
Дағдылар:
-трансформатор орамдарының полярлылығын анықтау;
- кедергінің температуралық коэффициентін анықтау;
- аспаптар мен аппараттарды қоректендіру сұлбасында ажыратқыштар мен сақтандырғыштарды қосу; - реверсивті емес магниттік іске қосқыштардың жұмысын тексеру;
- ауыстырып қосқыш түйіспелерінің тұйықталу диаграммасын құру;
- қарапайым басқару сұлбасын жинақтау және электрлік жарықтандырумен тексеру;
- монтаждау жұмыстарын және материалдарды слесарлық өңдеу жұмыстарын орындау.
БҚ4,6,7,9,10
КҚ 3.2.1
КҚ 3.2.2
КҚ 3.2.3
ӨО 02Оқу-өндірістік практика.
Электр механикалық релені және логикалық сұлбаны жөндеу; аппараттар мен тетіктерді монтаждау; қалқанды рәсімдеу; сигнал беру сұлбаларын зерттеу, жинау және сынау; реттеу сұлбасын зерттеу, жинау және сынау; резервті автоматты енгізетін қоректендіру сұлбасын зерттеу, жинау және сынау; сорғыны басқару сұлбасын зерттеу, жинау және сынау; асинхронды қозғалтқышты басқару сұлбасын монтаждау, баптау және сынау; резервті қозғалтқышты енгізу сұлбасын жинау және сынау; ағынды-көлік жүйесін іске қосып басқару сұлбасын жинау және сынау; температураның алғашқы өлшеу түрлендіргіштерін жөндеу; қысым мен разрядталу аспаптарын жөндеу.
Іскерліктер:
- аспаптардың конструктивті ерекшеліктеріне қарай орнату тәсілдерін таңдау;
- аппаратураға, қалқанды рәсімдеу қысқыштары мен тетіктерінің оқшаулауына монтаждауды жүргізу;
- параметрлердің технологиялық сигнал беру сұлбаларының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
- технологиялық параметрлерді реттеу сұлбаларының жұмыс режимдері;
- резервті қозғалтқышты енгізумен қоректендіру сұлбасын жинауды және сынауды орындау;
- стендте сорғыны басқару сұлбасының аппаратурасына монтаждауды орындау;
- принциптік электр сұлбаларын оқу;
- резервті қозғалтқышты енгізу сұлбасының тізбектеріне таңбалауды орындау;
- істен шығу диагностикасын орындау;
- іске қосылу сұлбасын оқу;
- резервті қозғалтқышты енгізу сұлбасын оқу;
- серіппелі түтікті манометрге жөндеуді орындау; иінтіректі берілістері бар манометрлерді жөндеу.
Дағдылар:
- қалқанша ішіне электрлік және түтікті сымдарды төсеу;
- монтаждық-коммутациялық сұлбаларды құру;
- асинхронды қозғалтқышпен басқару сұлбасын жинау және сынау;
- резервті қозғалтқышты енгізу сұлбасын жинау және сынау;
- автоматты басқару жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- қозғалтқышпен басқару сұлбасына монтаждау және баптау бойынша жұмыстарды орындау.
БҚ4,6,7,9,10
КҚ 3.2.1
КҚ 3.2.2
КҚ 3.2.3
КП 03Технологиялық практика.
Кіріспе әңгіме; практиканың мақсаттары мен міндеттері; кәсіпорынға рәсімделу; қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық; учаскелерге бөліну; кәсіпорынмен жалпы танысу; кәсіпорынға саяхат; БӨА және А цехының (қызметінің) құрылымы; бақылау және автоматтандыру жүйелеріне техникалық қызмет көрсету (жөндеу, монтаждау және баптау) жөніндегі өндірістік бригададағы жұмыс; цехтың бақылау және автоматтандыру жүйелерінің, аспаптарды пайдалану және жөндеу қызметтерінің технологиялық процестері мен жұмысын зерттеу; кәсіпорында жинақталған материалдарды қорыту, күнделік жүргізу.
Іскерліктер:
- функционалдық, принциптік және монтаждық сұлбаларды оқу;
- жұмыстарды орындауға наряд толтыру;
- жұмыстардың көлеміне ведомость құру.
Дағдылар:
-автоматтандырылған жүйелерге қызмет көрсету;
- аспаптар мен реттегіштерді жөндеу;
- құбыр және электр сымдарын, аспаптарды, қалқан ішіндегі аппаратураларды монтаждау.
БҚ4,5,6,7,9,10
КҚ 3.2.1
КҚ 3.2.2
КҚ 3.2.3
КП 04Диплом алдындағы практика.
Кіріспе әңгіме; практиканың мақсаттары мен міндеттері; практикаға рәсімделу; қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық; жұмыс орнымен танысу; шебер дублерінің міндеттерін орындау; өндірістік саяхаттар; материалдарды қорыту және есеп беруді рәсімдеу.
Іскерліктер:
- аспаптарды техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге құжаттамалар рәсімдеу;
- жұмыстарды орындауға нарядтар рәсімдеу және жабу;
- жұмыс орнында нұсқаулық өткізу.
Дағдылар:
- дипломдық жобаға мәліметтер жинау;
- техникалық құжаттаманы рәсімдеу.
БҚ4,5,6,7,9,10
КҚ 3.2.1
КҚ 3.2.2
КҚ 3.2.3

Ескерту

1-кесте Базалық құзыреттер

Құзырет кодыБазалық құзыреттер
БК 1Өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңызын түсіну, оған тұрақты қызығушылық таныту;
БК 2Өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңызын түсіну, оған тұрақты қызығушылық таныту;
БК 3Кәсіптік қызметі саласында орындалатын жұмысқа жауапкершілік таныту, мәселелерді өз бетімен және тиімді шешу;
БК 4Құқықтық норма негізінде кәсіптік қызметті ұйымдастыруда практикалық міндеттерді шешу, кәсіптік лексиканы меңгеру;
БК 5Өз еңбегін ғылыми ұйымдастыру, кәсіптік қызметі саласында компьютерлік техниканы қолдану;
БК 6Әріптестермен жағымды қарым-қатынас жасау және ынтымақтаста болу;
БК 7Кәсіптік деңгейін жоғарлату, жаңа білімдерді иегеру;
БК 8Өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі шығармашылық жетілдіруге нық талпыну;
БК 9Тиімді жұмыс тәсілдерін және жұмыс орнында еңбегін ұйымдастыру тәсілін қолдану;
БК 10Материалды үнемді шығандау, жабдықтар мен құрал-саймандарды ұқыпты ұстау.

2-кесте Кәсіптік құзыреттер

Кәсіптік құзыреттер (КҚ)
КҚ 3.2.1 Өздігінен міндеттерді анықтауды, бағынышты қызметкерлермен норманы ұйымдыстыруды және бақылауды орындауды қарастыратын технологиялық процестерді іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметін жүзеге асыру:
- технологиялық регламентке сәйкес өндірістік учаскеде жұмысты ұйымдастыру;
- ақаулар мен апаттардың себептерін анықтау және оларды жою;
- орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау;
- техникалық сызбалар мен сұлбаларды оқу және әзірлеу;
- кәсіпорын бейіні бойынша негізгі және қосалқы жабдықтардың автоматика жүйесі мен технологиялық бақылау жүйесін пайдалану;
- кәсіпорын бейіні бойынша бақылау, өлшеу, технологиялық параметрлерді автоматты реттеу, технологиялық қорғау, сигнал беру және шектеу, электржетегі, қашықтан басқару және автоматтандыру құралдарын орнату, тексеру, жөндеу және баптау жүргізу;
- импульсті және жалғастырушы желілерді, өлшеу түрлендіргіштерін, қайталама аспаптарды және автоматтандыру құралдарын жөндеу;
- жаңа технология элементтерін, кәсіптік қызмет объектілерде алдыңғы қатарлы тәжірибені қолдану;
- өндірістік учаскелерде электржабдықтарының сенімді, қауіпсіз, үнемді жұмысын қамтамасыз ету;
- өндіріс талаптарына сәйкес электртехникалық материалды таңдау.

КҚ 3.2.2 Бағынышты қызметкерлердің қызмет нәтижелері үшін; өзінің және өзгенің қауіпсіздігі үшін; қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарды орындауда жауапкершілік алу:
- жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды орындау;
- өндірістің экологиялық қауіпсіздік талаптарын және қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау;
- электр тогынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;
- өндірістік жарақаттану себептерін талдау;
- өндірістік учаскелерде жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету;
- қауіпсіздік техникасы ережелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
- жөндеу және монтаждау жұмыстарының сапасын бақылауды жүзеге асыру;
- жұмыс орнында нұсқаулық өткізу.

КҚ 3.2.3 Жұмыс жағдайларына өз бетімен талдау жүргізуді талап ететін әр түрлі үлгілік тәжірибелік есептерді шешу:
- өндірістік бөлімше қызметінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу;
- өндірістік қызметтің тиімділігін бағалау;
- автоматтық басқару, реттеу және қорғаныс жүйелерін бақылау аспаптарын монтаждау, баптау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, пайдалану жөніндегі техникалық құжаттамаларды рәсімдеу;
- жаңа автоматты басқару аспаптары мен жүйелеріне технологиялық процестермен сынау жүргізу, олардың параметрлерін өлшеу;
- кәсіптік міндеттерді шешуде ақпараттық технологияларды қолдану;
- кәсіптік қызмет саласында бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру.

Қысқартулар мен белгілер

МЕМСТ –мемлекеттік стандарт
ЭЕМ-электронды есептегіш машина
ТПБАЖ- Технологиялық процестердi басқарудың автоматты жүйесi
ӨЖ-өлшеу жүйесі
ЖЖ-жедел жүйе
ӨАБЖ- Өндірісті автоматты басқару жүйесі
ТТМ -тұрақты ток машиналары
АРЖ-автоматы реттеу жүйесі
ҚТ-қысқа тұйықталу
ПӘК-пайдалы әсер коэффициенті
АМЖ-Автоматтандырудың мемелекеттік жүйесі
ЕҚ-есте сақтау құрылғылары
ЖЕҚ-жедел есте сақтау құрылғысы
ТЕҚ-тұрақты есте сақтау құрылғысы
НТҚС-негізгі төмендеткіш қосалқы станциялар
ЕҚСЖ-еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі
БӨА-бақылау өлшеу аспаптары
ЭЖ-электржетек
ЭЖ АБЖ- электржетек автоматты басқару жүйесі
ЭҚК-электр қуаты коэффициенті
ЭЕМ-электронды- есептеуіш машина