Skip to content
>
Без рубрики >
Шымкентте Республика күніне арналған “Қыран елім – Қазақстаным” атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, еңбек ұжымдары және жастар қатысты. Қала басшысы тұрғындарды мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарға мемлекеттік марапаттар мен алғыс хаттар табыстады. 🎓 Іс-шараға Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Политехникалық колледж МКҚК директоры А. Искаков, бөлім меңгерушісі Д. Джумалиева, оқытушылар Н.Гумерова және А. Айнаходжаева қатысты. Мерекелік жиын көңілді концертпен жалғасты, қала тұрғындарына ерекше рух пен жақсы көңіл-күй сыйлады. #РеспубликаКүні #Шымкент #ҚыранЕлімҚазақстаным #ПолитехникалықКолледж