Жасанды интеллекттің колледждегі қолданылуы

📢 Құрметті талапкерлер мен ата-аналар!

Шымкент қаласы білім басқармасының Политехникалық колледжі МКҚК – заманауи білім беру мен инновацияны ұштастыратын оқу орны.

Біз жасанды интеллект технологияларын оқу процесіне енгізіп, студенттерге жаңа мүмкіндіктер ұсынамыз!

✨ Жасанды интеллекттің колледждегі қолданылуы

🔹 Адаптивті оқыту жүйелері – студенттің білім деңгейін талдап, күшті және әлсіз тұстарын анықтап, жеке тапсырмалар ұсынады.

🔹 Ақылды ассистенттер – AI Asctimetables арқылы мұғалімдер мен студенттерге қолайлы сабақ кестесін құрады. Сонымен қатар, Google Assistant, Siri және Alexa сияқты дауыспен басқарылатын жүйелер оқу процесінде сенімді көмекші бола алады.

🔹 Тілді үйренуде AI қолдану – шет тілдерін қызықты әрі тиімді үйренуге мүмкіндік береді.

🔹 Автоматтандырылған бағалау жүйелері – әділ, объективті және жылдам бағалау.

✨ Жасанды интеллекттің білім беру саласындағы тиімділігі

🔹 Қашықтан оқыту мен онлайн білім – кез келген уақытта, кез келген жерде оқу мүмкіндігі.

🔹 Деректерді талдау – студенттердің үлгерімін бақылап, оқу процесін жетілдіруге көмектеседі.

🌟 Біздің басты мақсатымыз – сапалы білім беріп қана қоймай, студенттерді болашақтағы инновациялық әлемге дайындау!

📲 Политехникалық колледжбен бірге – болашағыңды жарқын ет!

#ПолитехникалықКолледж #Шымкент #ЖасандыИнтеллект #БілімдеИнновация


Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *