Мемлекет басшысының 2025 жылды жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыру, жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандыру мақсатында қабылдаған «Жұмысшы мамандығы жылы» жарлығына сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» МКҚК жұмысшы мамандықтарды дамыту мен жаңғыртуды насихаттау жұмыстарын белсенді жүргізуде.«Политехникалық колледжі» МКҚК өз студенттеріне тек теориялық білім емес, сонымен қатар нақты өндірістік тәжірибе ұсына отырып, жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы рөлін арттыруда маңызды рөл атқарады. Колледжде оқытылатын мамандықтар еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жаңартылып, заманауи технологиялар мен өндіріс талаптарына сай жетілдірілуде.Колледждің оқыту бағдарламалары еңбек нарығындағы өзгерістер мен инновацияларға сәйкес реттеліп отырады. Сонымен қатар, студенттерге кәсіби біліктілікті арттыруға, жеке даму мен кәсіптік дағдыларды жетілдіруге бағытталған тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады. Осы арқылы жастарды еңбек нарығына тиімді әрі дайындығы мықты мамандар ретінде шығару мақсаты көзделеді.Жұмысшы мамандықтар жайлы және олардың маңыздылығын жастарға жеткізу үшін түрлі ақпараттық-насихаттық іс-шаралар да ұйымдастырылуда. «Жұмысшы мамандығы жылы» аясында білім алушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, сол арқылы болашақ мамандарды еліміздің экономикасын дамытуға атсалысуға шақыру – колледждің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Be the first to comment on "2025 жыл – “Жұмысшы мамандықтары” жылы"