2025 жылдың 15 қаңтарында Шымкент қалалық білім басқармасының Политехникалық колледжінде Шымкент қаласының Әділет департаментінің мамандары мен колледж студенттері арасында «Тәртіпті өзіңнен баста» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Әділет департаментінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Н.Муслимова, Әкімшілік бөлімінің басшысы Б.Рыскулбек және департаменттің мамандары А.Абдикулова, С.Бахтыяр, С.Абдуллаев қатысты.Кездесу барысында департамент өкілдері заңды, құқықтық тәртіпті сақтау, сонымен қатар адам құқықтары мен заңдардың маңыздылығы туралы сөз қозғады. Олар студенттерге өз құқықтарын дұрыс пайдалануды, заң бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде нақты кеңестер берді.