Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда өзінің Мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұранын бекітті. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азаматқа терең түсіндіріп, қастерлей білуге баулу мақсатында 2018 жылы 4 маусым күні Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің оқу залында студенттік «Достық» клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған «Көк туға қарап өсеміз» тақырыбында ғылыми – практикалық конференция өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы әнұранмен басталды. Одан кейін сөз алған «Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» бірлестігінің оқытушысы Дүйсенова Шолпан мемлекеттік рәміздердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндірді. II курс оқушысы Орынбасар Айдана жалпы рәміздер тарихы туралы баяндады. 574у оқу тобының оқушысы Сағындықов Байбосын көк байрағымыз Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы туралы баяндама оқыды. «Радиоэлектроника және байланыс» бөлімінің оқушысы Елу Әйтеке өлең оқыды. Басқада оқушылар өз баяндамалары арқылы рәміздерді жан – жақты таныстырды, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасады.
«Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» бірлестігінің меңгерушісі Зейнеп Мырзатаева Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздердің мән-маңызы, тарихы туралы баяндап берді.
«Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» бірлестігінің оқытушысы Мұсабай Данияр Серданұлы өзінің отты, жалынды сөздерімен жастардың санасында ұлттық рухтың оянуына себепші бола білді. Шара барысында студенттер төл құндылықтарымыз – рәміздеріміздің қадір-қасиеті, оның шығу тарихы туралы бейнеролик тамашалады.