2018 жылдың 30 – мамыр күні Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандары мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбында ІІ- курс студенттерімен cеминар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингті «Даму жастар қоғамдық бірлестігінің» Президенті Елібаева Айгүл Сыдиковна, психолог-практик, арт терапевт Айтжанова Гулнар Турмаханована жүргізді. Семинар-тренинг барысында студенттерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын қарастырып, кеңестер беріліп, кез-келген уақытта көмек көрсету орындарын атап, сенім телефондарымен таныстырды. Семинар-тренинг соңында студенттерге Сертификаттар тапсырылды.