«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында колледж оқушылары арасында дөңгелек үстел

 

09.04.2018 ж Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығынан студенттермен түсіндірме жұмысын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында колледж оқушылары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Мекемеден келген жауапты қызметкерлер заңгер Т.Тілеубекұлы және психолог Ж.А.Қарымсақова жиналған студенттерге отбасындағы берекенің қашуы-жанұядағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармау керектігі туралы ой бөлісіп, студенттер сұрақ-жауап арқылы пікір алысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *