2018 жылдың 6 сәуір күні сағат 12.00-де облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі «Шәмші рухының жаңғыруы» тақырыбында әдістемелік шеберлік сыныбы өтті.
Мақсаты: колледж оқушыларына ұлттық әнұран әуенінің авторы, өнерімізге жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған «Вальс падишасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндерімен танысу. Шәмші әндерін жасөспірімдерге насихаттау арқылы оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің №107 аудиториясында Ш.Қалдаяқовтың шығармашылығымен танысу жұмыстары бойынша әдістемелік шеберлік сыныбы өткізілген соң, 10 ерікті жастар әншінің аты берілген көшеге шығып, тұлғаның өмірбаяны жазылған «Рухани жаңғыру» логотипі бар ақпараттық парақшаларды таратты және колледждің дарынды студенттері композитордың әндерінен орындады.