2018 жылғы 26 қантар күні сағат 11.00-де Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы бағытын ортаға сала отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемділігі – Жолдаудың басым бағыты» атты жаппай облыстық бірыңғай сағаты өтті.
Аталмыш іс-шараның негізі мақсаты – сыбайлас жемқорлықты тудыратын іс-әрекеттерді болдырмау, әрбір қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту болып табылады.
Іс-шара жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Г.Төлеген, Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Б.Т.Дуйсебеков, Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы Ж.Ұласбекқызы, Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің директоры А.Т.Ысқақов және колледж басшылары мен белсенді студенттер қатысты.
Іс-шара аясында Жолдаудың тоғызыншы бағытында жемқорлықпен күресті және заңның үстемдігін атап өтті. Тоғызыншы бағытында айтылған келесі міндеттерге ерекше көңіл бөліп, талқыланды: мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңыздылығы; сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуы; Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілуі; адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейгенін; құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі туралы. Сонымен қатар, Жолдауда көрсетілген ҚР азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажеттілігі туралы айтылды.
Талқылау барысында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясы бойынша тұлғаны бала кезінен қазақстандық париотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу қажеттілігі туралы айтылды.
Жиын соңында келген мемлекеттік қызметкерлер Президенттің Жолдауында заң үстемдігін жетілдіруге, жемқорлықпен күрес жүргізуге тиісінше назар аударып, жүйелі жұмыстарды жүргізу және жастарды жемқорлыққа қарсы күресуге шақырды.