2017 жылдың 29 қыркүйегінде «Еңбек күні» мейрамына орай ОҚО Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Кәсіптік білім беру және бизнес: әріптестер сұхбаты» тақырыбындағы еңбек форумына Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің жастары да белсене қатысты.
«Бүгінгі білімді жас – ертеңгі білікті маман» тақырыбында өткен көрмеде колледждің өнертапқыш студенттері өздерінің техникалық шығармашылық жұмыстарын көрсетті.
Көрмеге «Бағдарламалау және АЖ» кафедрасының арнайы пән оқытушысы А.А.Тасбулатованың интерактивті-электронды оқулықтары ұсынылды.
Сонымен қатар «Мамандықтар шеруіне» Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің «техник-бағдарламашы» мамандығының студенттері қатысты.
«Еңбек күні» мейрамына орай «Кәсіптік білім беру және бизнес: әріптестер сұхбаты» тақырыбындағы еңбек форумына Шымкент қаласы бойынша жалпы 16 колледж қатысып, нәтижесінде орындар тағайындалып, сыйлықтармен және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.