Оқу мен оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі

 

2017 жылдың 17 қараша күні Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Д.Балабекованың ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының аясында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында патриоттық тәрбиемен қатар оқытудың ерекшеліктері мен тиімділігін анықтау және жаңа форматтағы оқыту үрдісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «ОҚУ МЕН ОҚЫТУДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»  атты семинарын өткізді.

Семинарды колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мұстафин  Фархат Таңатұлы ашты.

Семинарға ОҚО Білім басқармасының «ОҚО Әдістемелік кабинетінің» техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы – Қалиева Нұрсулу Абдешовна, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» институтының «Білім және сапа» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Медетбекова Меруерт Аскарбековна, «ОҚО Әдістемелік кабинетінің» техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Асилбекова  Ақмарал Пернехановна және «Шымкент аграрлық колледжінің» арнайы пән оқытушысы, «Кәсіпқор» Холдингі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының штаттан тыс тренері Аманкулова Батпа Усенбековна қатысып, коучинг-сессия, тренингтер өткізіп, баяндамаларын оқыды.

Сонымен қатар, Меруерт Аскарбековна «Пән мен тілді кіріктіре отырып білім беру үдерісін ұйымдастырудағы жаңа амалдар: проблемалар, оны шешу жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына белсене араласа, сапалы жұмыстар жариялағаны үшін колледж оқытушыларына сертификатын және конференцияның материалдар жинағын табыстады.

Қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру болып табылады.

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп, Сократ айтқандай Егеменді еліміздің білім саласында өзгерістер енгізіп, қойылған жаңа талаптарды іске асыруға сәттілік тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *