Іc-шаралар

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жиналыс өтті

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» МКҚК базасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және академиялық адалдықты нығайту бағытында ішкі жиналыс өткізілді.

Жиналысты директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, комплаенс офицері А. Бабашов жүргізді. Сонымен қатар, колледж бөлім меңгерушісі Д. Джумалиева қатысып, жоспарланған іс-шаралар мен алдағы міндеттер талқыланды.

Төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар жоспарға енгізілді:

  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Колледж аумағына бөгде адамдардың рұқсатсыз кіруін шектеу және күзет қызметін күшейту;
  • Мерекелік іс-шаралар кезінде педагогикалық әдеп пен заң талаптарын сақтау;
  • Адаптивті оқыту жүйесін, автоматтандырылған сабақ кестесін және бағалау платформаларын енгізу.

Сонымен қатар, аталған бағыттар бойынша ай сайын есеп беру тәртібі бекітілді. Енді әр айдың соңында өтетін жиналыста жауапты тұлғалар атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп отырады.

Бұл шаралар колледжде ашықтықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Шымкент қаласы білім басқармасының Политехникалық колледжінің жастарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық қағидаттарын насихаттау мақсатында оқытушылар, қызметкерлер мен студенттерге арналған түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.Политехникалық колледжінің бөлім меңгерушісі Д.Джумалиева және комлеанс жұмыс тобының мүшесі, арнайы пән оқытушысы К.Толыбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық қағидаттарын насихаттау мақсатында оқытушыларға, қызметкерлер мен студенттерге арналған түсіндіру жұмыстары жүргізді.Бұл түсіндірме жұмыстар барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға, экономикаға және әрбір жеке тұлғаға тигізетін зиянды әсерлері жан – жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, парақорлықтың құқықтық жауапкершіліктері мен оны болдырмау жолдары туралы ақпарат берілді. Қатысушылар өз ойларын білдіріп, сыбайлас жемқорлықпен күресте әрбір азаматтың рөлі мен жауапкершілігін атап өтті. Бұл түсіндіру жұмыстары студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, адалдық пен әділдік принциптерін насихаттауға бағытталған.

Колледж ұжымы мен студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы біртұтас ұстанымда болып, қоғамда адалдық пен әділдікті арттыруға атсалысады.Жиын барысында қатысушылар тақырыпқа қатысты өз көзқарастарын білдіріп, қоғамдағы жемқорлыққа қарсы күресте әр азаматтың рөлі маңызды екенін атап өтті.#АдалБолашақ#СыбайласЖемқорлықҚарсы#АдалҚоғам#ТазаСессия#АдалЖол#ПолитехКолледж#ПолитехАдалдық#АдалБолашақ#СыбайласЖемқорлықҚарсы#ТазаСессия#ПолитехТазаЖол#ПолитехҚұндылықтары#АдалЖол

Қараша-айы-Дана

қараша-протокол

Әбдіқалықұлы Қ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама ережелерін оның ішінде сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсінідретін жаднамалар мен хабарламаларды тарқату

фото-связь

Матиев Ж

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама ережелерін оның ішінде сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсінідретін жаднамалар мен хабарламаларды тарқату

Бегжанов А

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама ережелерін оның ішінде сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсінідретін жаднамалар мен хабарламаларды тарқату

Нұрбекова Ә.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама ережелерін оның ішінде сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсінідретін жаднамалар мен хабарламаларды тарқату

2023 жылдың 30 қараша күні Шымкент қалалық білім басқармасының Политехникалық колледжінде «М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК директорының өндірістік тәжірибе жұмыстары жөніндегі орынбасары, комплаенс офицер А.М.Шалдарбеков пен «Политехникалық колледжі» МКҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, комплаенс офицер Ф.Т.Мұстафин арасында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, комплаенс қызметінің жұмысы бойынша өзара тәжирибе алмасу.