Биылғы Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Ту көтеру рәсімі мен салтанатты жиын Шымсити шағынауданындағы Ту тұғыры алаңында өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты. Жуырда ел игілігіне берілген жаңа алаңға жиналған көпшілік мемлекеттік рәміздерге зор құрмет білдіріп, елге деген сүйіспеншілігін танытты. Салтанатты рәсімде Әнұран шырқалып, көк Ту көкке көтерілді. Жастар сап түзеп, отансүйгіштік пен елдік рухты паш етті. Бұл қатарда спортшылар, өнерлі жастармен бірге Политехникалық колледждің ұжымы да болды. Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Байрағы биік елдің рухы асқақ! #МемлекеттікРәміздерКүні #4Маусым #Shymkent #ПолитехКолледжі #ҰлтРухы #ТуКөтеру #Бірлік #ТәуелсізҚазақстан
№27.06













