2025 жылдың 4 желтоқсанында Политехникалық колледжінде бөлім меңгерушісі Д. Джумалиева оқытушылар мен студенттерге арналған интерактивті лекциялар мен түсіндірме шараларын өткізді.
Лекция барысында:
- Плагиат, көшіру және деректерді бұрмалау сияқты академиялық бұзушылықтардың салдары;
- Дұрыс жазу және дереккөздерді көрсету жолдары;
- Студенттер мен оқытушылар арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Осындай іс-шаралар жастар арасында академиялық жауапкершілік пен адалдықты нығайтуға бағытталған.
Мақсат — білім алуда әділдік пен өз еңбегін бағалауды насихаттау.
#АкадемиялықАдалдық #ИнтерактивтіЛекция #СтуденттергеКеңес #ДұрысЖазу

Жиналысқа барлық ПБК төрағалары мен төрайымдары қатысып, колледждегі тәртіп пен ашықтықты қамтамасыз ету жолында атқарылатын жұмыстарды талқылады. Студенттердің сабаққа қатысуын қадағалау, сабаққа келмейтін студенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оқытушылардың электронды журналын дұрыс және уақытылы жүргізу, стипендия тағайындау процесін жүйелі түрде түсіндіру, SmartNation жүйесінде бағаларды дер кезінде енгізуді қамтамасыз ету және қызметкерлердің еңбек тәртібін сақтау мәселелері жиналыстың негізгі тақырыптары болды.
Жиналыс барысында барлық қатысушылар өздерінің міндеттері мен жауапкершіліктерін нақтылады, білім беру процесінде ашықтық пен адалдық қағидаларын сақтау қажеттігін тағы бір мәрте атап өтті.
қыркүйек-отчет-іс-шаралар
айлық-отчет-январь



































