Колледж іс шаралары


2025 жылдың 4 желтоқсанында Политехникалық колледжінде бөлім меңгерушісі Д. Джумалиева оқытушылар мен студенттерге арналған интерактивті лекциялар мен түсіндірме шараларын өткізді.

Лекция барысында:

  • Плагиат, көшіру және деректерді бұрмалау сияқты академиялық бұзушылықтардың салдары;
  • Дұрыс жазу және дереккөздерді көрсету жолдары;
  • Студенттер мен оқытушылар арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Осындай іс-шаралар жастар арасында академиялық жауапкершілік пен адалдықты нығайтуға бағытталған.

Мақсат — білім алуда әділдік пен өз еңбегін бағалауды насихаттау.

#АкадемиялықАдалдық #ИнтерактивтіЛекция #СтуденттергеКеңес #ДұрысЖазу


2025 жылдың 17 қараша күні Шымкент қаласы «Политехникалық колледжі» МКҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің түсіндіру шаралары бойынша директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары және комплаенс офицері А. Б. Бабашов, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж. Д. Матиев, колледж бөлім меңгерушісі Д. Е. Джумалиева, оқу бөлім меңгерушісі Б. Ешентаева жиналыс өткізді.
Жиналысқа барлық ПБК төрағалары мен төрайымдары қатысып, колледждегі тәртіп пен ашықтықты қамтамасыз ету жолында атқарылатын жұмыстарды талқылады. Студенттердің сабаққа қатысуын қадағалау, сабаққа келмейтін студенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оқытушылардың электронды журналын дұрыс және уақытылы жүргізу, стипендия тағайындау процесін жүйелі түрде түсіндіру, SmartNation жүйесінде бағаларды дер кезінде енгізуді қамтамасыз ету және қызметкерлердің еңбек тәртібін сақтау мәселелері жиналыстың негізгі тақырыптары болды.
Жиналыс барысында барлық қатысушылар өздерінің міндеттері мен жауапкершіліктерін нақтылады, білім беру процесінде ашықтық пен адалдық қағидаларын сақтау қажеттігін тағы бір мәрте атап өтті.
казанисшаралар

қыркүйек-отчет-іс-шаралар

айлық-отчет-январь